Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Елімізде 53 мыңнан астам мектеп оқушысынан көз аурулары анықталды ДСМ

Елімізде 53 мыңнан астам мектеп оқушысынан көз аурулары анықталды ДСМ

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Көру қабілетіне қатысты шағымдармен дәрігерге жүгіну жиілеген

Жасымыз жетпей жанарымыздан жарық тайып барады. Бүгінде көз дертінің жасарып бара жатқаны мамандарды алаңдатып отыр. Себебі, 2025 жылы көз ауруларына байланысты дәрігер көмегіне 388 830 бала жүгінген. Жалпы, аталған бағыт бойынша 1 354 081 медициналық қызмет көрсетілген екен.

Фото: pexels.com

Министрлік ұсынған мәліметке сәйкес, емдеу-профилактикалық ұйымдарда тіркелген балалар арасында көз ауруларының көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 5 613 жағдайды құрайды. Ал алғаш рет анықталған диагноздар көрсеткіші 2 346 жағдай деңгейінде тіркелген екен.

- 2025 жылы 0–17 жас аралығындағы балалар арасында көз аурулары бойынша диспансерлік есепте 28 002 бала тіркелген. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 29 373 баланы құраған. Балалар арасында көз ауруларына байланысты диспансерлік бақылау асқынулардың алдын алуға, созылмалы ауруларда дер кезінде ем жүргізуге бағытталған. Сондай-ақ бақылау тамырлы қабықтың қабынуы, ауыр витреоретинальды патологиялар, тұқым қуалайтын торқабық дистрофиялары, глаукома және өзге де аурулар кезінде жүзеге асырылады, - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Балалар арасында белең алған басты диагноз – миопия

Алдымен миопия диагнозының ресми анықтамасына тоқталайық. Миопия — адам жақын орналасқан заттарды анық көріп, ал алыстағы бейнелерді шырамытады. Бұл көздің тор қабығында кескіннің дұрыс түспеуінен туындайтын рефракциялық ақау. Миопия, әсіресе, мектеп жасындағы балалар арасында жиі кездеседі.

Фото: рexels

Ресми деректерге сәйкес, елімізде көз аурулары анықталған 53 мыңнан астам оқушының ішінде миопия 32 892 баладан тіркелген. Мысалы, 2002–2003 жылдары бірінші, бесінші және тоғызыншы сынып оқушылары арасында миопияның таралу жиілігі 35,3 пайызды құраған. Ал 2029 бұл көрсеткіш 55,1 пайызға дейін артқан. Қазіргі уақытпен салыстыра есептегенде, бұл көрсеткіш анағұрлым жоғары болар еді.

- 2019 жылы «Мектеп жасындағы балалардағы рефракция аномалияларының алдын алу және емдеу бойынша кешенді бағдарламаны әзірлеу» атты ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 1, 5 және 9-сынып оқушылары арасында миопияның таралу жиілігі тиісінше 5,7%, 19,2% және 30,2%-ды құрады, - делінген министрліктің ресми жауабында.

Фото:pexels.com

Әлемдік жағдай да алаңдатарлық сипатқа ие. Ресми деректерге сәйкес, 2020–2023 жылдар аралығында миопия диагнозы қойылған адамдар саны 36 пайызға дейін артқан. Жаһандық зерттеушілердің болжамына сай, 2050 жылға қарай бұл көз ауруының таралу деңгейі шамамен 40 пайызға жетуі мүмкін. Сонымен қатар миопия 13–19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Елімізде бұл үрдістің қалай алдын алуға болады?

- Әлемде және Қазақстанда балалар арасында миопияның өсуі байқалады. Көру мүшесі патологияларының анықталу жиілігі де артып келеді. Осыған байланысты мамандар миопияның даму себептерін зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Қазіргі уақытта елімізде «Рефракция аномалиялары» бойынша клиникалық хаттамалар жаңартылды. Балалардағы миопияны бақылаудың оптикалық әдістері енгізілді. Олардың қатарында толық оптикалық түзету, ортокератологиялық емдеу және перифокальды көзілдіріктер бар. Бұл әдістердің тиімділігі ғылыми зерттеулермен және клиникалық тәжірибемен дәлелденген, - деп мәлімдейді ведомство.

Фото: pexels.com

Балалар арасында миопиядан бөлек көздің өзге де сырқат түрлері жиі кездеседі. Мамандардың мәліметінше, рефракция аномалиялары (жақыннан көру, алыстан көру, астигматизм) кең таралған. Бұл жағдай мектеп жасындағы балаларда көру өткірлігінің төмендеуіне жиі себеп болады. Оқушылар арасында туа біткен және тұқым қуалайтын көз аурулары да тіркеледі. Олардың қатарында туа біткен катаракта, глаукома және көз алмасының даму ақаулары бар.

Балалардың көзі экранға тәуелді

ЮНИСЕФ дерегі бойынша әлемде кәмелет жасына толмаған 2,4 млрд бала болса, соның 90 пайызында жеке смартфон бар. Бұл дегеніміз олар күнделікті уақытын осы телефонға телмірумен өткізеді. Бүгінде тіпті сәбилердің қолында смартфон жиі байқалады. Ал телефоны жоқ балалар ата-анасының құрылғысына бақылаусыз қол жеткізеді. Соның салдарынан, көз көбіне жақын қашықтықтағы жұмысқа бейімделген. Балалардың ұзақ уақыт жақыннан жұмыс істеуі көз алмасының ұзаруына әсер етеді. Дәрігерлердің айтуынша, 25–30 см-ден жақын қашықтықта ұзақ көру миопия қаупін 2,5 есе арттырады.

Бос уақытын далада емес, электронды құрылғы ұстаған күйі төрт қабырғада өткізген балада табиғи жарықтың жеткіліксіздігі, түнгі ұйқының тапшылығы пайда болады. Бұл жанардың жағдайын нашарлатады. Бұдан бөлек, қауіп факторларының қатарында циркадтық ырғақтардың бұзылуы, D дәрумені тапшылығы және өзге де жағдайлар бар.

Фото: pexels.com

Нәрестелер көзінде де қауіп бар

Нәрестелер мен мектепке дейінгі жастағы балалар арасында туа біткен патологиялар да жиі кездеседі. Соның бірі – көз жасы каналының бітелуі. Медицинада бұл жағдай дакриоцистит деп аталады. Бұл – көзден мұрын қуысына жас ағу жолдарының бітелуі салдарынан дамитын ауру.

Сондай-ақ шала туған нәрестелер арасында ретинопатия жағдайлары жиі тіркеледі. Ретинопатия – тор қабықтың (ретинаның) қан тамырлары толық жетілмей қалатын көз патологиясы. Осы орайда шала туған нәрестелердің ретинопатиясын ерте анықтауға бағытталған арнайы скринингтік бағдарлама жұмыс істейді. Қазақстан бұл медициналық тексеру түрін енгізіп, тұрақты түрде жүргізіп отырған санаулы елдердің бірі болып саналады.

- Аталған бағдарлама тәуекел тобына жататын барлық балаларды қамтиды. Бағдарлама патологияны ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мүгедектіктің алдын алуға жағдай жасайды. Офтальмологиялық скрининг көз түбін тексеру арқылы жүргізіледі. Ол жанама бинокулярлық офтальмоскоптың көмегімен жүзеге асырылады. Бұл әдіс шала туған нәрестелердің ретинопатиясын диагностикалауда «алтын стандарт» болып саналады, - делінген министрліктің ресми жауабында.

Балалардың көз саулығы министрлік бақылауында

Министрліктің мәлеметінше, елімізде балалардың көру қабілетін профилактикалық тексеру 18 жасқа дейін жүйелі түрде жүргізіледі. Медициналық диагноз қойылған жағдайда 14 және 17 жастағы жасөспірімдерге қосымша көз ішілік қысымды өлшеу рәсімі тағайындалады. Аталған тексерулер қауіп факторларын дер кезінде анықтауға және асқынудың алдын алуға бағытталған. Жалпы, балалардың көру саулығы тұрақты бақылауда.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Сәуір 2026 14:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары