Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Елімізде май өнімдерінің экспорты артады

Елімізде май өнімдерінің экспорты артады

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кейінгі 10 жылда қызмет көрсету саласындағы экспорт көлемі екі есе артып, 6 млрд доллардан 12 млрд долларға дейін жетті. Ал импорт жеті пайыз төмендепті.

Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары сыртқы нарықта білім, медицина, құрылыс салалары бойынша қызмет көрсетуге әлеуетіміз мол дейді. Тек жүйелі қолдау қажет. Қазір шикізаттық емес өнімдер экспорты да қарқынды өсіп жатыр. Еліміз алдағы жылдары май-тоңмай өнімдерінің саудасын 1 млрд доллардан асырмақ. 

Май-тоңмай бойынша жоспар 2028 жылға қарай жүзеге асу керек. Сөйтіп еліміз жаһандағы үшінші экспорттаушы ел атанады.

Елде май-тоңмай өнімдерінің экспортын дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді. Құжат 2026-2028 жылдарға межеленген. Жол картасын бекітпес бұрын құзырлы мамандар майлы дақылдарды өсіретін, сондай-ақ оларды өңдеумен айналысатын 30-дан аса кәсіпорынға кешенді диагностика жүргізген. Мұндай дақылдар еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде өсіріледі. Ал Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жетісу және Алматы облыстарында шикізат өңделіп, дайын өнім шығарылады. Жоғарыда сөз еткен Жол картасында өңдеу қуатын арттыру, экспорт географиясын кеңейту мақсаты айқындалды. Нәтижесінде алдағы екі жылда Қазақстан сыртқы нарықтарға 1 млрд АҚШ долларынан асатын күнбағыс майын жеткізеді.

Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:

- 1 млн 300 мың тонна пісте майы мен күнжара экспортталды. Мысалы, 2-3 жыл бұрын ол көрсеткіш екі есе төмен еді. Жалпы 870 млн тоннаға өнім экспортталды. Жақын арада 1,7 млн тонна май экспорттауға дайындалып жатыр май зауыттары. Сол өнімді шығарып, экспорттау үшін жалпы егіс көлемі 4 млн гектардан асып отыр қазір.

Былтыр еліміз 4,5 млн тоннадан астам майлы дақылдар жинады. Бұл – рекорд. Өнімді өсіру алаңы 4 млн гектарға жақындаған. Үш жылда оның көлемі тағы 1 млн гектарға артады. Ал дайын өнім шығаратын кәсіпорындар саны көбейе түседі. Инвестициялық жобалар бар. «Демек ішкі нарықты қамтып, артылғанын экспортқа шығаруға мүмкіндік мол», - дейді мамандар.

Ядыкар Ибрагимов, «Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы» ЗТБ президенті:

- Май-тоңмай өнімдері экспортының даму жөніндегі Жол картасы саланың стратегиялық дамуына берік негіз қалады. Сонымен бірге май өңдеу зауыттарын Еуразиялық экономикалық одақтың тауар өндірушілері тізіліміне жедел енгізу және карантиндік рәсімдерді оңайлату қажет. Бұл шаралар шығындарды азайтып, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Шикізаттық емес өнім экспорты еселенеді

Елде шикізаттық емес өнімдер экспортына басымдық беріліп жатыр. Экономикалық зерттеулер институтының сауда және инвестициялық саясат орталығының директоры Бауыржан Тұрлыбековтың айтуынша, кейінгі екі жылда әсіресе агро өнеркәсіп кешені, қайта өңдеу және жоғары технология салалары сыртқы нарықтарды қарқынды бағындыруда. Мысалы, күнбағыс майынан жыл сайын 236 млн долларға жуық экспорттық кіріс түседі. Сарапшы: «Сатылған өнім көлемі ғана емес, нарықтың сан алуандығы да маңызды», - дейді. Ол үшін тауар сапасының жоғары болуы міндет. Біздегі ауыл шаруашылығы өнімдері АҚШ, Еуропа нарығында сұранысқа ие. Ең ірі импорттаушы ретінде Қытай қала береді. Мамандар жаңа келісімдерге қол жеткізіп жатыр. Бауыржан Тұрлыбеков: «Экспорттың өсуі ішкі бағаға әсер етеді», - дейді. Жаһандық экономикада сұраныс артса, өндірушілер де соған бейімделуге тырысады. Тек жүйелі қолдау қажет.

Шикізаттық емес өнім экспорты еселенеді

Осы ретте 2030 жылға қарай елдегі кооперативтер мен өндірістік кооперациялар кеңейтіледі. Бес трансшекаралық хабтан құралған желі түзіледі. Ол – жеті шекаралас елді қамтымақ. Жоспар бойынша тауар айналымы 33 млн тоннадан асады. Осылайша, шағын және орта бизнес, қайта өңдеу, логистика және экспорт бірыңғай қосылған құны желісіне біріктіріледі. Бұл экспортты ғана емес, ел ішіндегі бизнесті жүйелеуге мүмкіндік бермек. «Яғни кооперация елдің экспорттық стртагеиясының негізі болмақ», - дейді QazTrade мамандары. Дәл қазір кооперация отандық өнімді Қытай, ЕО елдері, Парсы шығанағы және Шығыс Азияға шығаруға жол ашып отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 08:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see145

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see144

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see142

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see141

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see140

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see139

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see139

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see139

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see137

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see135

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see134

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see132

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see127

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see123

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see121

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see119

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see119

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары