Елімізде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі артты
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) өндірген электр энергиясының көлемі 7,8 млрд кВт·сағатты құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға жоғары, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Электр энергиясының негізгі көлемі жел электр стансаларына тиесілі – 4,9 млрд кВт·сағат. Күн электр стансалары 1,9 млрд кВт·сағат, шағын су электр стансалары 993 млн кВт·сағат электр энергиясын өндірді.
Жалпы, электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесі 8,5%-ға жетті. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 8,08%-ды құраған.
Бұл ретте елдегі ЖЭК объектілерінің белгіленген қуаты 3,7 ГВт-қа жетті. Белгіленген қуат құрылымында жел электр стансаларының үлесі 2 ГВт, күн электр стансаларының үлесі 1,3 ГВт, шағын су электр стансаларының үлесі 313 МВт құрайды.
Осылайша, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемінің өсуі жалғасуда. Бұл олардың елдің энергетикалық теңгеріміндегі үлесін арттыруға және таза энергетиканы одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:31
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















