Еліміздегі ең үздік ауыл белгілі болды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылы «Үздік ауыл – 2026» республикалық байқауының Бас жүлдесін жеңіп алып, 10 миллион теңге ақшалай сыйлыққа ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлытау облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Байқаудың қорытындысы Алматы қаласында шығарылды. «Ауыл» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен республикалық додада Түгіскен ауылы Ұлытау облысының атынан қатысып, үздік деп танылды.
Бұл жетістік ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағының, туған жерді дамытуға бағытталған ортақ еңбегінің нәтижесі ретінде бағаланып отыр.
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің мәліметінше, республикалық байқаудағы жеңіс ауылдың дамуына үлес қосып жүрген тұрғындар мен жергілікті қауымдастық үшін маңызды оқиға болды.
Мұндай байқаулар ауылдық елді мекендердің әлеуетін танытуға, ауыл өміріндегі оң тәжірибелерді насихаттауға және тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2026 10:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















