Еліміздің 17 тұрғыны қажылыққа барам деп, алаяққа алданды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Прокуратураның мәліметтеріне қарағанда, соталған адам өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, жалған әуе билеттері мен қонақүйлерге қажет деген желеумен азаматтардың 7,4 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.
Еліміздің әр өңірінен 17 адам алданып қалған. Оолардың арасында қарт ата-аналарын умраға жіберуді жоспарлаған отбасылар да бар.
Сотталушы ірі көлемдегі алаяқтық жасағанын мойындап, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеді.
Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Прокуратура қажылыққа байланысты қызметтерді алу үшін лицензиясы бар туристік агенттіктерге жүгіну қажеттігін еске салды.
- Ақшаны тексерілмеген тұлғаларға, тіпті өздерін қажылық ұйымдастырушысы ретінде таныстырған адамдарға аудару алаяқтарға тап болу қаупін тудырады, - делінген хабарламада.
Осыған дейін қажылыққа апаратын компаниялар конкурс арқылы іріктелетіні туралы жаздық.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Сәуір 2026 14:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















