Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Еліміздің халықаралық аренада абыройы артты

Еліміздің халықаралық аренада абыройы артты

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанның Халықаралық аренада абыройы артып, маңызы күшейіп келеді. Саяси сарапшылар осылай дейді. Оған негіз де жоқ емес. Еліміз жаһандық проблемаларды шешуге өте тиімді тәсілдерді ұсынып жүр. Көп векторлы сыртқы саясатты да сапалы жүргізіп отыр. Соның арқасында Қазақстанның орта держава ретіндегі ұсынысы әрі ұстанымымен әлемнің кез келген елі санасатын деңгейге жетті.

Халықаралық қарым-қатынастар жүйесі өзгеріп жатқан кезеңде «орта державалардың» әлемдік саясаттағы салмағы артып келеді. Әсіресе Еуразиялық кеңістікте қауіпсіздікті, жүйелі даму мен өркендеуді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отыр. Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі ретінде ұзақ жылдардан бері өз миссиясын мінсіз атқарып келе жатыр. Мұны сарапшылар да жоғары бағалады. 

Нұргелді Әбдіғаниұлы, саясаттанушы:

- Қазақстан өзінің 30 жылдан аса уақыт бойы ұстанып келе жатқан мықты бағаты бар. Бұл көпжақты саясат. Яғни Батыспен де Шығыспен де басқа тараппен де тең құқылы саясатты ұстанып өз мүддесін қорғай білу. Сондықтан біз алдағы уақытта да осы бағыттан айнымай мемлекеттік мүддені бірінші орынға қоя отырып әрекет етуіміз қажет. Бұған Қазақстанның географиялық орналасу мүмкіндігі де, сирек металдарға, табиғи қорға байлығы да мүмкіндік береді.

Еліміз тәуелсіздік алған жылдан бері сыртқы саясатта дипломатияны жақтап келеді. Жақтап қана қоймай, бейбітшілік орнату жолында айтарлықтай көп іс атқарды. Мәселен, БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына қатыстық. Таяу Шығыстағы елдерге гуманитарлық көмек көрсетіп, тұрақтылық туының биік екенін көрсетті. Ал қазір әлем жік-жікке бөлініп, алпауыт елдер бақталастыққа бой алдырғанда орта державалар дау-дамайды реттеуге жиі дәнекер болуда. Қазақстан талай мәрте «арағайындық» жасап, бейбіт жол көрсеткенін төрткүл дүние көрді. Аймақтық қақтығыстарды реттеуде әділ шешім ұсына білді.

Нұргелді Әбдіғаниұлы, саясаттанушы:

- Қазақстан жаһандық саяси кеңістікте өзінің бітімгерлік миссиясын дәлелдеген, өзінің орта держава статусын дәлелдеген мемлекет. Сирия дағдарысы бойынша келіссөздер Астанада өтті. Армения мен Әзербайжан арасындағы келіссөздер бастауы Алматыда басталып, Вашингтонда аяқталды. Осы ретте АҚШ Президентінің Ресей-Украина дағдарысының келіссөзіне де Қазақстан үн қосып, жауласушы тараптарды келісөз үшін өз алаңын ұсынуға дайын екендігін мәлімдеді. Қазақстанның осында бітімгершілік бастамалары АҚШ пен Қазақстан арасындағы диологтың статусын салмақтай түседі.

Бұл ғана емес, Қазақ елінің әлемдік аренадағы абыройы экономикалық тұрғыда да артып тұр. Қазақстан әлемнің әр түкпіріндегі елдермен алыс-берісті арттыруға бейіл. Мәселен, 2030 жылға қарай Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілеті 10 млн тоннаға жетеді. Қазірдің өзінде тасымал көлемі 6 млн тоннадан асып отыр. Енді Қазақстанның бидайы Әзербайжан арқылы Арменияға жеткізіледі. Бұған дейін астық Ақтау порты арқылы Иранға тасымалданатын. Кезінде теміржолмен Батыстағы шет мемелкеттерге жүкті Ресей арқылы тасымалдасақ, қазір Каспий теңізі арқылы жіберуге мүмкіндік мол. Мамандар Таяу Шығыс, Түркия, Жерорта теңізі арқылы Батыс Еуропа, Солтүстік Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка бағытын еңсеріп жатқанымызды айтады. Біздегі зор мүмкіндікке көрші елдер де қызығып отыр.

Қуаныш Есетов, Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы:

- Өзбекстандық, қырғызстандық, тәжістандық әріптестеріміз осыған жоғары қызығушылық білдіруде. Себебі олар да біз сияқты Еуразия құрлығының ортасында қалып, жан-жаққа, мұхитқа, теңізге апаратын өздерінің шикізат, шығарып жатқан өнімдерін апарудың жолдарын қарастыруда. Осылайша біздің порттарымыз Ақтау және Құрық порты Әзербайжанға жолданып жатқан бағдар бағыты тек қана Қазақстан үшін маңызды емес, жалпы Орта Азия үшін өте жоғары маңызы бар жол.

Мәселен Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы елдің жалпы сыртқы сауда құрылымында 2,3 пайыздан 3 пайызға дейін өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметі осыны көрсетіп отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш рекордтық 4,2 млрд долларға жетіп, бес жыл ішінде екі есе артқан.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы Ернар Нысанбай

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 18:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары