Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Абыройы асқақтаған аудан

Абыройы асқақтаған аудан

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Райымбек ауда­ны­ның 90 жылдық мерейтойына орай тұр­ғындарға құттықтау жолдағанын айта ке­тейік. Оны Шалкөде жайлауында өткен «Хантәңірі қазынасы» халықаралық эт­нофестивалінің салтанатты ашылуында  Президент кеңесшісі Мәлік Отар­баев жет­кізді.

Президент құттықтауында осы қа­сиетті мекеннен ел мүддесіне адал қызмет ет­кен көптеген көрнекті тұлғаның шық­қа­нына тоқталып, бүгінде аудан хал­қы елі­міздің ауыл шаруашылығы, туризм жә­­не өзге де салаларының дамытуға елеу­лі үлес қосып келе жатқанын атап өткен.

«Райымбек – тарихы терең, ынтымағы жа­расқан берекелі өңір. Осы өнегелі өл­кеден көптеген тұғырлы тұлға шығып, ұлт мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етті. Бер­дібек Соқпақбаев, Мұқағали Мақатаев жә­не өзге де көрнекті қаламгерлер шоқ­ты­ғы биік шығармалар жазып, өскелең ұр­пақ­тың бойына отаншылдық, білімпаз­дық, еңбекқорлық қасиеттерін сіңірді.

Қазір аудан халқы ауыл шаруашылығы, ту­ризм және басқа да салаларда қажырлы ең­бек етіп, туған жерін көркейтуге атса­лы­сып келеді. Сондай-ақ олар ел тағды­ры­на әсер ететін бастамаларды үнемі қол­дап, ұйымшылдықтың озық үлгісін та­нытып жүр. Аудан тұрғындарының жал­пыхалықтық референдумға белсене қа­ты­сып, жаңа Конституцияны қолдауы – со­ның айқын дәлелі», – делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында. 

Президент сондай-ақ өңірдің дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматқа ри­за­шылығын білдіріп, аудан тұрғындарына бақ-береке, толағай табыс және ел игілігі жо­лындағы еңбектеріне табыс тілеген.

Сонымен, Шалкөде жайлауында 90 жыл­дық мерейтойға арналған «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестиваліне ора­лайық. Алматы облысы әкімінің бас­пасөз қызметінің баяндауынша, мерейтой аясында 150-ге жуық ақшаңқан киіз үй ті­гіліп, түрлі тақырып бойынша көр­ме­лер ұйымдастырылды. Онда отандық жә­не халықаралық қолөнершілер мен эт­но­ди­зайнерлердің, қылқалам ше­бер­лерінің үз­дік туындылары, ұлттық тағам­дар мен ауыл шаруашылығы өнімдері халық на­зарына ұсынылды. Ұлттық спорт түрлері­нен сайыстар өтіп, кіл мықтылар өзара сын­ға түсті. Мәдени-көпшілік іс-ша­ра ха­лықаралық сипат алып, Қытай, Түр­кия, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Тә­жік­стан, Беларусь, Армения, Өзбек­стан, Гру­зия елдерінен, Қазақстанның түк­пір-түк­пірінен қонақтар ағылып ке­ліп, ұлан-асыр тойдың куәсі болған. Бұл ау­данның абыройын айшықталып тұр­ғанын аңғарт­са керек. 

Халықаралық фестивальда Райымбек ау­данының тарихи даму жолы мен әлеу­меттік-экономикалық жетістіктері та­ныс­тырылды. Аумалы-төкпелі заманда елдің қауіпсіздігін күзеткен Райымбек батыр­дың ерлік істері дәріптелді. Асқар шыңды Хантәңірі баурайынан түлеп ұшқан Бер­дібек Соқпақбаев, Мұқағали Мақатаев, Еркін Ібітанов, Сағат Әшімбаев, Алтын­бек Сәрсенбаев және Оразалы Досбосы­нов сынды біртуар тұлғалардың өнегелі өмір жолы насихатталды. Дала мәдениетін айшықтайтын, қазақ халқының қасиетті «Қарқаралы» жайлау көші көрерменді тарихтың терең қойнауына сапар шек­тірді. Мәні мен сәні келіскен салтанатты көш көшпелі елдің салт-дәстүрі мен мә­де­ниетінен сыр шертіп, береке мен бір­ліктің жаршысына айналды. Шетелден келген шеберлердің шеруі де халықтың ерек­ше назарына ілікті.

Алматы облысының әкімі Марат Сұл­танғазиев өз сөзінде құт қонған, ырыс ұя­лаған Нарынқол өңірі халқымыздың ру­хани мұрасы мен тарихи жадының ажы­рамас бөлігі екенін айтты.

«Бұл – елі үшін туған Райымбек ба­тырдың, Ұзақ пен Жәмеңкенің ерлігі өріл­ген киелі мекен. Ұлттық рухтың бесі­гіне айналған осы топырақтан қазақ мәде­ниеті мен әдебиетінің талай бірегей тұлға­сы түлеп ұшты. Балалар әдебиетінің клас­сигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл­дық мерейтойының ЮНЕСКО дең­гейінде аталып өтуі – осы өңірден шыққан ұлы тұлғалардың мұрасы халықаралық деңгейде мойындалғанының айғағы. Қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың жырлары – ұлтымыздың сарқылмас асыл қазынасы. Сол ұлы­лық­тың ізін ала сөз өнерінің туын жықпай ілгері сүйреген сыншы Сағатхан Әшімбаев пен жазушы-драматург Баққожа Мұқай да – осы топырақтың перзенттері. Ал ай­тыс өнерінің айтулы өкілдері – Еркін Ібіта­нов пен Оразалы Досбосынов қазақ­тың сөз құ­діретін асқақтатып, төл өнері­міз­дің мерейін үстем етті. Мұнымен қоса, бұл құт­ты мекен ұлт мүддесі жолында аян­бай еңбек еткен, ел басқарған саяси жә­не қо­ғам қайраткерлерін де дүниеге әкел­ді. Осындай тау тұлғаларды қалып­тас­тырған Райымбек ауданы ел руха­ния­тының ал­тын арқауы болып қала береді», – деді ай­мақ басшысы.

Сондай-ақ Марат Елеусізұлы Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аймақтарды, стратегиялық маңы­зы жоғары шекаралық өңірлерді дамытуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға әрдайым ерекше басымдық беретінін айтып, осы бағытта Райымбек ауданында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады. Аймақ басшысының айтуынша, табиғи байлығы мен тарихи мұрасын сақтай отырып, аудан әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне нық қадам басып келеді. Өзінің аграрлық әлеуетімен еліміздің азық-түлік қауіпсіз­дігін қамтамасыз етуге, облыс экономи­ка­сын­ өркендетуге зор үлес қосуда. Райым­бектің брендіне айналған картоп шаруа­шылығы мен дәнді-дақылдар өн­дірісі, мал шаруашылығы – отандық өнім­нің алтын стандартына айналып отыр.

«Аймақтың туристік әлеуеті де өте жо­­ғары. Хантәңірі шыңы, тұнық Тұзкөл мен Тастау көлдері, Шалкөде жайлауы бұл өл­кені еліміздегі ең көркем өңірлердің бірі­не айналдырды. Осынау қайталанбас та­биғат байлығы треккинг, альпинизм, эт­нотуризм және экологиялық туризмді да­мытуға кең жол ашады. Нарынқол өңі­рінің осынау экологиялық таза туристік мүмкіндіктері алдағы уақытта халықтың әл-ауқатын көтеретін, аймақ экономика­сын өрге сүйрейтін негізгі қозғаушы күш­ке айналуға тиіс», – деді облыс әкімі М.Сұл­танғазиев.

Райымбек ауданының мерейтойына ар­налған іс-шаралар легі үш күн бойы Тәңір­­тау төсін думанға бөлеп жатқанын мақта­ныш­пен айтқан жөн. 90 жылдыққа орай Қарасаз ауылында «Құлмамбеттің құлы­нын құндақтаған өлке» атты айтыс­кер ақын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған II республикалық оқу­шы­лар айтысы ұйымдастырылды. Нарынқол ауы­лында ақиық ақын Мұқағали Мақа­таевтың шығармашылығына арналған ақын-жазушылардың қатысуымен ғы­лыми-танымдық конференция өткізілді. Сондай-ақ аудан орталығында облыс өнер­паздары мен еліміздің танымал эст­ра­да жұлдыздарының қатысуымен өт­кен гала-концерт тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Үш күндік думан бүгін Шалкөде жайлауында қоры­тындыланады. Мерейтой аясында сон­дай-ақ «Жолан жүйрігі» респуб­ли­калық ат бәйгесі мен ұлттық спорт түрлерінен жа­рыстар өтеді. Бәсекенің жүлдесі де қо­мақты. Шара қорытындысында таби­ғат­тың тазалығын сақтап, экологиялық мә­дениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сен­бі­лік өткізілмек.

М.Төлеу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 05:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see128

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары