Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қазақстан Франкфурт Кітап көрмесінде: Ұлттық әдебиет халықаралық аренада

Қазақстан Франкфурт Кітап көрмесінде: Ұлттық әдебиет халықаралық аренада

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

15–19 қазан күндері Германияның Франкфурт қаласында өтетін «Frankfurter Buchmesse 2025» халықаралық кітап жәрмеңкесінде Қазақстан өз ұлттық стендін ашып, отандық баспалардың жаңа туындыларын әлем жұртшылығына таныстырды, деп жазады Egemen.kz. 

Биыл 77-рет ұйымдастырылып отырған әйгілі Франкфурт кітап жәрмеңкесінің құрметті қонағы – Филиппин мемлекеті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген баспагерлер мен жазушылар бас қосқан ірі мәдени шараға Қазақстаннан 30-дан астам делегация қатысуда. Олардың қатарында еліміздің жетекші баспалары – «Мектеп», «Алматыкітап», «Атамұра», «ARMAN-PV», «Steppe & World Publishing», «Эверо», «Kazformoms», «АmalBooks» және басқа да отандық баспа өкілдері бар.

Қазақстандық стенд ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, халықаралық деңгейдегі баспалармен әріптестік байланыстарды дамытуға жол ашты. Биыл көрмеге 350-ге жуық қазақстандық кітап қойылып, олардың ішінде көркем әдебиет, ғылыми және балаларға арналған жаңа басылымдар таныстырылды.

Көрменің басты мақсаты – кітап саудасын халықаралық деңгейде ілгерілету, баспа нарығын дамыту және жазушылар мен баспагерлердің өзара байланысын күшейту. Қазақстан стендіне келген шетелдік қонақтар еліміздің әдеби әлемімен, заманауи баспа ісінің дамуымен және ұлттық мәдениетпен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Жаңа туындылардың тұсаукесері

Көрме аясында бірқатар маңызды тұсаукесерлер өткізілді. Атап айтқанда, неміс жазушысы Anja Tuckermann қатысқан жеті тілге аударылған «Абайдың қара сөздері. Ұрпаққа Ұлағат» кітабының таныстырылымы үлкен қызығушылық тудырды.

Сонымен қатар, «Менің Қазақстаным» сериясындағы «Ұлы тұлғаларға» арналған «Шоқан. Шығыстың жарық жұлдызы», Оразалы Сәбденнің «Түркі, Әлем өркениеті, Қазақстан және болашақ» («Эверо» баспасы), «Мектеп» баспасынан шыққан «Симантика. Өю-өрнектер» (үш тілде), «Arman-PV» баспасының «Көшпенділер ойындары / Nomad Games / Игры кочевников», «Атамұра» баспасының «Қазақстан – қызғалдақтар отаны» атты еңбектері мен «Steppe & World Publishing» баспасынан жарық көрген Ырысбек Дәбейдің «Қоңыз», Үміт Жұбанышеваның «Шаңырақтың иесін іздеймін» кітаптарының тұсаукесерлері өтті.

Сондай-ақ, ақын Дүйсенәлі Әлімақынның «Америка ашқан қазақтар» атты еңбегінің таныстырылымында Германиялық журналист және аудармашы Artur Weigandt спикер ретінде сөз сөйлеп, бұл шара ағылшын тілінде өтті.

«АmalBooks» баспасының директоры Бақытжан Бұқарбай қатысқан пікірталас барысында «Қазақстандық авторлардың еңбектерін шет тілдеріне аудару мәселелері және аударма ісіндегі мүмкіндіктер мен кедергілер» тақырыбы талқыланды. Ал қазақ әдебиетінің классикасы саналатын Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының таныстырылымы ерекше форматта өткізілді.

Халықаралық әріптестікке жол

Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы ұлттық стендке арнайы келіп, отандық делегацияға қолдау білдірді.
Көрме барысында Канада, Қытай, Түркия, Әзербайжан, Дания, Германия, Англия және басқа елдердің баспагерлері қазақстандық әріптестерімен кездесу өткізіп, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.

Сонымен қатар, қазақстандық өкілдер өзге мемлекеттердің стендтеріне барып, баспа ісі саласындағы тәжірибе алмасу мен серіктестік мүмкіндіктерін қарастырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 11:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары