Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Еліміздің ішкі жалпы өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7 пайызға жетті

Еліміздің ішкі жалпы өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7 пайызға жетті

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға және терең қайта өңдеу ісін ілгерілетуге қатысты тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан экспортының шикізат секторына тәуелділігін төмендетуге және технологиялық жағынан анағұрлым күрделі салаларды дамытуға бағытталған экономиканың құрылымдық трансформациясы жалғасып келеді.

Осылайша, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі базалық шикізатты терең өңдеуге және локализацияланған өндірістерді дамытуға баса назар аудара отырып, жүйелі жұмыс жүргізіп отыр.

Өңдеу өнеркәсібі өндіруші саладан алға шықты

Айта кетейік, еліміздегі өңдеу өнеркәсібі жыл сайын тұрақты өсу қарқынын көрсетіп келеді. 2024 жылдан бастап үлесі 11,9%-ды құрайтын бұл саланың көрсеткіші тау-кен өндіру секторынан асып түсті, бұл экономиканың негізгі секторлары арасындағы құрылымдық өзгерістерге әкелді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7%-ға жетті. Көрсеткіштердің өсуі бірқатар салалардың, соның ішінде металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, резеңке және пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісі, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіптің дамуы есебінен қамтамасыз етілді.

2025 жылдың қорытындысына қарасақ, өңдеу өнеркәсібінің өндірісі 6,4%-ға ұлғайды. Өсім барлық негізгі сегменттерде байқалды.

Металлургия өнеркәсібінде қара металлургия өнімін өндіруді 4,3%-ға ұлғайту есебінен өндіріс көлемі 1,2%-ға артты.

Сондай-ақ машина жасау саласы айтарлықтай ілгерілеп отыр. Сектордағы өсім 12,9%-ды құрады. Бұл автокөлік өндірісінің 17,5%-ға, өзге де көлік құралдарының — 3,8%-ға, ауыл шаруашылығы техникасының — 18,1%-ға, электр жабдығының — 16,0%-ға, компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар шығарудың 1,5 есеге ұлғаюының арқасында мүмкін болды.

Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі полипропилен өндірісінің 65,5%-ға, аммофос — 63,3%-ға және аммиак селитрасының 10,3%-ға өсуі есебінен 9,8%-ға артты.

Құрылыс материалдары өндірісі 9,7%-ға өсті. Өсім тауарлық бетон шығару көлемін 0,8%-ға, құрылыс ерітінділерін — 9,5%-ға, әкті — 7%-ға, отқа төзімді бұйымдарды — 3,5%-ға, цементті — 17,2%-ға және бетоннан құрастырылған құрылыс конструкцияларын — 2,4%-ға ұлғайту арқасында қамтамасыз етілді.

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс көлемі 13,2%-ға өсіп, жоспарлы көрсеткіштен асып түсті. Тарқата айтсақ, салада тоқыма бұйымдар өндірісінің 23,5%-ға және былғары — 2,2%-ға артуының арқасында оң динамикаға қол жеткізілді.

Өнеркәсіп саласында жаңа өндіріс орындары көбейді

Фото: Үкімет

Сонымен қатар өнімділікті арттыруға, экономиканы технологиялылық тұрғыда жетілдіре түсуге және терең қайта өңделген, қосылған құны жоғары өнім шығару үшін жағдай жасауға бағытталған өнеркәсіптік саясатты іске асыру барысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1,5 трлн теңге сомасына 190 жоба қолға алынып, нәтижесінде 22,5 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. 

Оның ішінде 6,7 мың жұмыс орны ауылдық жерлерге, ал 1,5 мыңы моноқалаларға тиесілі. Жобалар толық қуатқа ие болғаннан кейін олардың жиынтық өндіріс көлемі шамамен 2,3 трлн теңгені құрайды. Бұл ретте құны 0,8 трлн теңгенің өнімін экспорттау жоспарлануда, ал импортты алмастыру көлемі 1,5 трлн теңгені құрайды.

2025 жылы елімізде бұрын шығарылмаған 10-нан астам жаңа тауар өндірісі жолға қойылды. Машина жасауда локомотивтердің тірек арқалықтарын, көлік құралдарына арналған шатыр қаптамалары және бүйірлік қаптамаларды, жетекші көпірлердің арқалықтарын, цилиндр блоктарын, жұмыс турбиналарының қалақтарын, жылу электр стансалары турбиналарының корпустық бөлшектерін, кері осмостық мембраналық элементтер (сүзгі) мен глюкометрлер шығару жоспарланып отыр.

Елімізде алғаш рет pure-pak сұйық өнімдеріне арналған картон қаптамасының шығарылымы жолға қойылды, ол импортты толық алмастыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, 2025 жылы Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында жаңа арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар іске қосылды: 17 АЭА, 66 ИА, 34 шағын өнеркәсіптік аймақ. Бүгінгі таңда АЭА аумағында 558 жоба іске асырылды, оның 85-і шетелдіктердің қатысумен атқарылды. Қазір 453 жоба жүзеге асырылу кезеңінде, оның 42-сіне шетелдіктер атсалысуда. АЭА-ға бағытталған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі шамамен 1 трлн 47,2 млрд теңгені құрады.

Қазіргі уақытта Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құзырында жалпы сомасы 5,4 трлн теңге инвестициялық 27 келісім бар, оның ішінде жалпы көлемі 3,2 трлн теңге болатын 12 келісімге 2025 жылы қол қойылды. Келісімдер металлургия және ферроқорытпа өндірісі, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, тоқыма және ағаш өңдеу салалары, сондай-ақ өзге де өңдеу өндірістері сынды бағыттарды қамтиды.

2026 жылы шамамен 1,7 трлн теңгеге 200 жобаны іске асыру жоспарлануда. Осы жобалар шеңберінде 19,1 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Оның 4,3 мыңы ауылдық жерлерге, 1,9 мыңғы моноқалаларға тиесілі болмақ.

Биыл елімізде бұрын-соңды өндірілмеген 10-ға жуық жаңа тауар өндірісі жолға қойылады. Машина жасауда 8×4, 90т және 105т модификациялы жүк көліктер, автобетоналастырғыштар, автомобиль-манипулятор крандар, автогрейдерлер, фронтальды тиегіштер мен жаңартылатын энергия көздеріне арналған трансформаторлар шығару жоспарланған. Химия өнеркәсібінде сутегі мен натрий сульфатын өндіру көзделген.

Кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету аса маңызды

Фото: mil.sohu.com

Шикізатты ішкі нарықта өңдеуді дамытудың негізгі құралдарының бірі заңнамалық деңгейде бекітілген «отандық шикізатпен қамтамасыз ету» тетігі болғанын атап өтейік. Ол отандық өндірушілер мен шикізат жеткізушілер арасындағы үйлесімді іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.

Осы тетік арқасында ірі өндіруші компаниялар бірінші кезекте ішкі нарықты шикізатпен қамтамасыз етеді, содан кейін ғана өнімін экспорттауға рұқсат алады. Бұл мыс, алюминий, мырыш және қорғасынға қолданылады. Жеңілдік мөлшері өнімді өңдеу деңгейіне байланысты. Дайын өнім үшін — LME -5%, аралық өнім үшін — LME -1% жеңілдік беріледі.

Үйлесімді іс-қимылдың, яғни, кооперацияның жақсы бір мысалы — «Қайнар-АКБ» зауыты. Кәсіпорын қорғасынды «Қазмырыш» компаниясынан жеңілдікті бағамен сатып алады, ал өндірілген аккумуляторларды ішкі нарыққа да, экспортқа да жөнелтеді.

Отандық электротехникалық өнеркәсіп кәсіпорындары «Қазақмыс» және «Қазақстандық электролиз зауыты"компаниялары шығаратын металдарды пайдаланады.

«Qarmet» компаниясының өнімдері «Silk Road Electronics» кәсіпорнына тұрмыстық техника өндіру үшін, сондай-ақ вагон жасау кәсіпорындарына қажетті металл прокатпен қамтамасыз ету мақсатында жеткізіледі.

Сондай-ақ металлургиялық кәсіпорындар мен кабельдік зауыттар арасында шикізат жеткізу туралы келісімдер жасалды.

Сонымен қатар қажет болған жағдайда өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өтінімдерін қарастыру арқылы отандық шикізат тауарларының номенклатурасын кеңейту көзделген, оның ішінде қара металлургия және химиялық өнеркәсіпке арналған шикізат өнімдері де бар.

Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен отандық 33 кәсіпорын жеңілдікпен катодты мыс, бастапқы алюминий, металл мырыш және қорғасын шикізатын алды. Бұл материалдар кабельдік-өткізгіш өнімдерді, алюминий бұйымдарды, терезе мен есік жабдықтарын және автомобиль аккумуляторларын өндіру үшін қолданылады.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әр түкпірінде жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 өндіріс орны іске қосылғанын айтты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 04:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары