Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

Семей орманы өртеніп жатыр: Бектенов Абай облысына екі министрді жіберді

Астанада төрт айда 87 рет жол ережесін бұзған BMW жүргізушісі қамалды

Қазақстан BYD мен технологиялық ынтымақтастықты дамытып жатыр

Досымыздың қытай тілі тамаша . БАҚ Тоқаевтың Шанхайға сапары туралы не жазып жатыр

Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Қоқыстан электр энергиясы: Қазақстанда 300 млрд теңгеге қалдық өңдеу зауыттары салынады

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 1776 ға жетті

Жазда балконға бақша жасау: жеміс емес, көкөністер мен шөптер, саяжайсыз және қиындықсыз

Нұртөре Жүсіп: Кітап оқып жетістікке жеткен адамның жарқын үлгісі Президент

Қазақстанды нөсер жаңбыр басады, бірақ +48 ге дейінгі аптап ыстық қайтпайды

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті, олардың бірі кәмелетке толмаған бала

Омарташылар субсидияға мұқтаж

Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жазғы сессиясы басталды

ӘЧ 2026 Испания мен Аргентина арасындағы финалдық ойын ​кейінге ​шегерілуі мүмкін

Алтын еденде шашылып жатты астыртын цехтың видеосын АФМ көрсетті

Алматыда Канье Уэстің концерті туралы ақпарат пайда болды

Елнұр Бейсенбаев: Еститін үкімет дегеніміз мәселені тыңдап қана қоймай, уақытылы және тиімді шешім ұсына алатын саяси институт

Елнұр Бейсенбаев: Еститін үкімет дегеніміз мәселені тыңдап қана қоймай, уақытылы және тиімді шешім ұсына алатын саяси институт

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев өңірлерге жасалған жазғы сапарлар қорытындысы негізінде анықталған мәселелер жөнінде баяндама жасап, Үкімет жұмысындағы кемшіліктерге тоқталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Депутаттың айтуынша, «AMANAT» фракциясының депутаттары жазда еліміздің барлық өңіріндегі 543 елді мекенге арнайы сапар жасап, мыңнан астам кездесуге қатысып, елді алаңдатып отырған негізгі мәселелерді анықтаған.

– Бүгін депутаттар тарапынан қойылған 30-дан астам сұрақ – сол күрделі проблемалардың шағын ғана бөлігі. Әрбір мәселенің артында мыңдаған түйткіл мен жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселелер тұр.

Үкіметтен келген жауаптың 46 пайызы – тек түсіндірме, 20 пайызы – «орындау сатысында», 13 пайызы – «мүлде шешілмеген», тіпті, 5 пайызы жауапсыз қалғаны анықталды. Бұл статистика – Үкіметтің сұрақтардың жартысынан астамы бойынша нақты шешім қабылдамағанын, ал әр бесінші өтініштің бюрократиялық созбалаңға ұшырағанын көрсетеді. Әлі де инфляция ауыздықталмай және қымбатшылық үдей түсті. Бұл жай ғана экономикалық көрсеткіш емес, халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін күрделі мәселе, - деді Елнұр Бейсенбаев.

Сондай-ақ депутат ауыл-аймақтағы халық өз табысының жартысынан астамын азық-түлікке жұмсайтынын атап өтті. Ал бағаның күнделікті өсуі отбасы бюджетін қысқартып, азаматтардың мүмкіндігін шектейтіні түсінікті.

– Ауыл тұрғындарының табысы қала тұрғындарымен салыстырғанда екі есе төмен. 85 мың теңге көлеміндегі ең төменгі жалақы алатындардың бір миллионнан астамы ауылда тұрады. Яки, табысы да, жалақысы да ең төмен адамдар – ауыл тұрғындары, - деп нақтылады депутат.

Елнұр Бейсенбаев жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтып, ауыл әкімдерінің жауапкершілігін, құзыретін арттыру мәселесіне де тоқталды. Биыл алғаш рет «AMANAT» партиясы ұйымдастырған форумда Президент әкімдердің өкілеттілігін кеңейту және функциясын қайта қарау, жергілікті бюджетке салықтың біраз бөлігін қалдыру жөнінде нақты тапсырма берді.

– Бұл тек ұсыныс емес, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған саяси шешім. Сондықтан ауыл әкімдеріне лайықты құзырет беру – ұлттық жүйені жаңғыртудың басты шарты. Бұл мәселе – ауыл тұрғындарынан ұдайы көтіріліп, бізге аманат болып келе жатқанына біраз жылдың жүзі болды, - деді фракция жетекшісі.

Депутат атаған тағы бір өзекті мәселе – аяқталмай қалған жобалар. Бұл көптен бері шешілмей келе жатқан, жүйелі сипат алған түйткіл.

– Мемлекет миллиондаған қаржы жұмсап, жобалық-сметалық құжаттама мен өзге де құжаттар дайындайды, бірақ олардың көбі жылдар бойы кейінге шегеріліп, сол күйі іске аспай қалады. Соның салдарынан аса қажет бюджет қаражаты мен басқа да ресурстар, қарапайым тілмен айтқанда, "құмға сіңіп" кетеді. Бақылау органдарының қорытындысы бойынша, бүгінде әрбір бесінші жобалық-сметалық құжаттаманың мерзімі өтіп кеткен, ал дайындалғанына үш жылдан асқан. Әрбір екі әлеуметтік нысанның бірінде – игерілмеген қаражат бар. Әр төртінші нысан – құрылысы ұзаққа созылған жобаға айналады. Ал кейін ақша пайда болғанда жаңа жобалық-сметалық құжаттама әзірлейміз, оған да қайта қаржы жұмсаймыз. Бұл мәселе қоғам тарапынан орыны сынға ұшырап отыр. Одан бөлек БАҚ-та да бірнеше мәрте көтірілген болатын. Осының барлығы қала мен ауылда су және кәріз жүйелерінің тозуына әкелді. Бұған қоса кей өңірлерде электр желілерінің тозуы 90%-ға жетеді, - деді депутат.

Оның сөзінше, Маңғыстаудағы ірі кәріз-тазарту нысандары, Атыраудағы газ құбырлары, Байқоңырдағы су құбыры – жобалау мәселелеріне, мердігермен болған дауға және қаржыландырудың кешігуіне байланысты уақытында іске қосылмай отыр.

– Осылайша біз жыл сайын дамуға емес, «тесікті жамауға» қыруар қаржы жұмсауға мәжбүрміз, - деді депутат.

Депутат Елнұр Бейсенбаев жүк тасымалы саласындағы дағдарысқа да тоқталды.

– Ұлттық оператор «ҚТЖ» ішкі өндірушілердің мүддесіне қарағанда транзитке басымдық береді. Ал Үкіметтің уақытша тыйымдары отандық жүк тасымалының жүйелі түрде кешігуіне алып келіп отыр. Мысалы, қазан айында жөнелтілген астық тиелген вагондар әлі күнге дейін жеткізілуі тиіс елдерге жеткен жоқ. Осылайша отандық өндірушілер тұтынушы нарығын жоғалтып, ал бос қалған орындарды дереу бәсекелестер иемденеді, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Елнұр Бейсенбаев оң жақ рөлді көліктердің мәселесіне де тоқталды. Депутат келтірген ресми дерекке сәйкес, 2025 жылдың он айында жол-көлік оқиғалары 27%-ға көбейген.

– 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап оң жақ рөлді көлікті такси ретінде пайдалануға тыйым салынғанына қарамастан, заңсыз тасымалдаушылар жұмысын жалғастырып, агрегаторлар бақылауды қамтамасыз ете алмай отыр. Оң жақ рөлді Toyota Alphard пен Estima әбден жаман атты болды. Биыл шілде айында екі күн ішінде Жамбыл және Алматы облыстарында Альфардтың қатысуымен екі ірі жол апатынан он адам қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алды. Сондықтан кез келген оң жақ рөлді көліктерді жолашы тасымалдауға пайдалануға толық тыйым салу қажет, - деді депутат.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Үкімет мүшелерінің конструктивті диалогқа дайын еместігін және бұл халықтың халықтың билікке деген сенімін төмендетіп отырғанын атап өтті. 

– Бұған нақты мысал – Салық кодексінің қабылдануы. Үкімет Парламент ескерткен тәуекелдерді елемей, кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуге уәде берген болатын. Алайда жағдай ушығып кетті. Тек Мемлекет басшысының араласуымен бірқатар норма тоқтатылды. Үкімет тағы да жауапкершіліктен қашып, өз қателіктерін Президент шешімімен бүркемеледі. Бұған қоса, шенеуніктердің халықтан алшақ кеткенін көрсететін, этикаға жат және ойланбай айтылған сөздері әлеуметтік желілерде нағыз мемге айналды.

Мәселен, жуырда Сауда вице-министрі жаңа жылдық дастарқан құны туралы сұраққа «әмиян мен қалауыңызға сүйеніңіз»  деген кеңес айтып, көпшіліктің ашуына тиді.

Ал азық-түлік бағасы туралы сұрақтарға үкімет мүшелері үнемі күмілжіп жауап береді.

Алматы облысы әкімінің орынбасары мүгедектігі бар азаматтардың ар-намысына тиіп, көпшіліктің алдында оларды қорлады.

Қорғаныс министрінің әскердегі суицид жағдайларына қатысты мысқылға толы жауабы – адамгершілік пен қарапайым этиканың барлық шекарасынан асып түсті.

Өйткені, қазір тіпті ауыл тұрғындарының өзі әскердегі әлімжеттік пен суицидке алаңдаулы. Бұл бойынша біздің партиямызға да, депутаттарға да көптеген арыз-шағым келіп түсуде.

Мысалы, соңғы 3,5 жылда Қазақстанның әскери қызметінде 281 адам өлімі тіркелген. Бұл дабыл қағатын мәселе, - деп нақтылады депутат.

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, Астанадағы Tesla оқу орталығына қатысты дау білім беру жүйесіндегі жүйелі мәселелерді ашық көрсетті.

– Ата-аналар адал еңбекпен тапқан 1 млрд теңгесінен айырылды. Бүгінде балалар мектепке барғанымен, мектеп бағдарламасын қайта түсіну үшін қосымша курстарға барады. Соңғы жылдары репетиторлық қызметке, арнайы мектеп бағдарламасын үйрететін курстарға сұраныс 25 пайызға өскен. Қосымша сабақ бүгінде қажеттілікке айналып, ата-аналар ҰБТ-ға дайындау үшін жаппай оқу орталықтарына жүгінуде. Бір сөзбен айтқанда, бұл – парадокс, - деді Мәжіліс депутаты.

Қорытындылай келе Елнұр Бейсенбаев бүгінде қарапайым халық көбіне министрді немесе әкімді емес, алдымен депутатты іздейтінін атап өтті. Оның сөзінше, депутат – халықтың тікелей сенім мандатына ие тұлға. 

– Мұндай жағдайдың қалыптасуына салалық ведомства басшылары қарапайым халықтың сұрағына жүрдім-бардым жауап беретіні және көтерілген мәселелерге терең мән бермейтіні себеп болуда.

Керек десеңіздер, біздің депутаттық сауалға формалды сипатта жауап берілетінін бұған дейін де айтқанбыз. Сессия басталғалы бері «AMANAT» фракциясы Үкіметке әлеуметтік-экономикалық маңыздағы 117 депутаттық сауал жолдады. Алайда сол жауаптардың шамамен 60 пайызы формалды, мазмұнсыз «отписка» сипатында болды.  Сондықтан Президенттің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы өкінішке қарай атқарушы билік тарапынан әлсіз қолдау тауып отыр. 

Біле білсек, «Еститін үкімет» дегеніміз – мәселені тыңдап қана қоймай, оған нақты, жүйелі, уақытылы және тиімді шешім ұсына алатын саяси институт. Осындай жүйелі жұмысқа көшпей, халық сенімін нығайту қиын. 

Парламент депутаттары көтерген әр сауал – тек қағаз емес, миллиондаған адамның өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сондықтан мемлекеттік органдар формализмнен арылып, нақты нәтижеге бағытталған іс-қимыл жасауға тиіс, - деді Елнұр Бейсенбаев.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 18:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

16 Шілде 2026 16:08see115

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

16 Шілде 2026 16:40see115

Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

17 Шілде 2026 12:19see115

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

16 Шілде 2026 12:55see115

Семей орманы өртеніп жатыр: Бектенов Абай облысына екі министрді жіберді

16 Шілде 2026 17:14see114

Астанада төрт айда 87 рет жол ережесін бұзған BMW жүргізушісі қамалды

16 Шілде 2026 19:39see114

Қазақстан BYD мен технологиялық ынтымақтастықты дамытып жатыр

16 Шілде 2026 17:44see113

Досымыздың қытай тілі тамаша . БАҚ Тоқаевтың Шанхайға сапары туралы не жазып жатыр

17 Шілде 2026 17:09see112

Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

17 Шілде 2026 11:25see111

Қоқыстан электр энергиясы: Қазақстанда 300 млрд теңгеге қалдық өңдеу зауыттары салынады

16 Шілде 2026 23:55see111

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 1776 ға жетті

16 Шілде 2026 22:13see111

Жазда балконға бақша жасау: жеміс емес, көкөністер мен шөптер, саяжайсыз және қиындықсыз

16 Шілде 2026 16:59see110

Нұртөре Жүсіп: Кітап оқып жетістікке жеткен адамның жарқын үлгісі Президент

17 Шілде 2026 15:35see109

Қазақстанды нөсер жаңбыр басады, бірақ +48 ге дейінгі аптап ыстық қайтпайды

17 Шілде 2026 12:12see109

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті, олардың бірі кәмелетке толмаған бала

16 Шілде 2026 16:52see109

Омарташылар субсидияға мұқтаж

16 Шілде 2026 08:35see109

Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жазғы сессиясы басталды

16 Шілде 2026 23:31see109

ӘЧ 2026 Испания мен Аргентина арасындағы финалдық ойын ​кейінге ​шегерілуі мүмкін

17 Шілде 2026 23:48see108

Алтын еденде шашылып жатты астыртын цехтың видеосын АФМ көрсетті

17 Шілде 2026 16:19see108

Алматыда Канье Уэстің концерті туралы ақпарат пайда болды

17 Шілде 2026 13:11see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары