Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Елордада жылына 60 мың көшет егіледі

Елордада жылына 60 мың көшет егіледі

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

2026 жылы Астанада жаңа тұқымбақ салынады, деп хабарлайды 24KZ. Бұл мақсатта қаладан екі ірі жер учаскесі бөлінді, жалпы аумағы 800 гектар. Қазір жобаға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Оң қорытынды алынғаннан кейін құрылыс басталады. Бұл туралы Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының өкілдері мәлімдеді. Жалпы бас шаһарды көгалдандыру қалай жүріп жатыр? Жасыл желектің жағдайын кім бақылайды?

Астанада жылына 45-60 мың ағаш егіледі. Олардың дені шаһар маңындағы  тұқымбақтан алынады. Қалалық көгалдандыру қызметінің мәліметінше, егілген көшеттердің басым бөлігі тамыр жайып кетеді. Тек 7-8%-і ғана қурап қалады.

Бауыржан Балханов, «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС бас агрономы:

- Өзіміздің тұқымбақ бар. Қаладан 30 шақырым жерде орналасқан. Ауқымы 349 гектар. Сол жерде ол ағаштар алдын ала тұқымынан бастап 10-20 жыл өсіріліп, содан кейін қалаға әкеліп отырғызылады. Көпжылдық, гүлдейтін бұталарға көшіп жатырмыз. Олар қазір соңғы 5 жылда жақсы көрсеткіштер көрсетіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, тұқымбақтан қазып алғанда ағаштардың тамырлары зақымдануы мүмкін. Сондықтан алғашқы үш жылда көшеттерге уақытылы күтім жасалуы аса маңызды.

Бауыржан Балханов, «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС бас агрономы:

- Өсімдіктің бейімделіп кетуін біз институттармен, орман шаруашылығы институттарымен мониторинг жасап, көктемде олардың қыстан қалай шыққанын қадағалап, оларды суарып, тыңайтқыштар енгізіп, уақытында күтім жүргізу жұмыстарын қадағалаймыз.  

Мегаполистерде бұл жұмыс жүйелі жүргізілгенімен, өңірлерді көгалдандыруға қатысты сұрақ көп. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиевтің айтуынша, өңірлерде климаттық және экологиялық ерекшеліктер ескерілмейді. Бұл өсімдіктердің өміршеңдігін төмендетіп, бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына әкеледі.

Мақсат Елемесов, ҚР ЭКТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары:

- Өкінішке қарай, елді мекендерде біздің жерге бейімделмейтін көшет материалдары пайдаланылады. Олар Польша, Германия, Ресей, Беларусьтен әкелінеді. Әдемі көрінгенімен, климат пен топыраққа сай келмейді. Бұл кейін ағаштардың өспей қалуына және бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына себеп болады. Сондықтан біз жасыл желекті отырғызу мен күтуді бақылайтын орталықтандырылған мемлекеттік орган құруды ұсынамыз.

Мәселені шешу үшін әкімдіктерге жасыл желектердің есебі мен мониторинг жүйесін енгізу тапсырылған. Астана, Алматы және Шымкентте жүйе толық іске қосылған, ал басқа аймақтарда жұмыс әлі жүйеленбеген.

Сағыныш Сағынтаев, Астана қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы:

- Біріншіден, бұл жүйе интернет сайт болып табылады. Бұл бойынша 2 сайт бар. Себебі айта кеткен жөн, 2021-2024 жылдары қала аумағындағы жасыл желектерді орман патологиялық зерттеу және инвентаризация бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. Бұл жұмыстар нені білдіреді? Біріншіден, әрбір жасыл желектің, ағаш болсын, бұтақ болсын, газон болсын, солардың барлығының жағдай тексерілген болатын. Сол жұмыстың қорытындысы бойынша ақпарат 2 жүйеге енгізілген еді.

Жүйеде ағаштардың жағдайы үш түспен белгіленеді: жасыл «сау», қызғылт-сары «қосымша күтім қажет», қызыл «ауыстыру керек» дегенді білдіреді.

Сағыныш Сағынтаев, Астана қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы:

- Негізгі 2 проблеманың бірі, бұл біріншіден, өкінішке қарай, мамандардың жетіспеушілігі. Экологтар, орман шаруашылығы және агроном мамандары әлі де болса бізге керек. Ал екінші проблемалық сұрақ. Жүйеге келетін болсақ, бұнда біздің басқарма жоспарлы сандарды енгізсе, аудан әкімдіктері отырғызу маусымы біткеннен кейін отырғызылған ағаш санын осы порталға енгізу керек. Қазіргі таңда әлі де осы 2025 жылы ағаштарды отырғызу маусымы 1 ай бұрын бітсе де, ағаш санын енгізу әлі жүргізіліп жатыр. Себебі оның саны көп. Әр ағаштың фотографиясы енгізілу керек. Жағдайын енгізу керек.

Дегенмен мониторинг жүйесі мәселені түбегейлі шешпейді. Дендролог Андрей Бондаренко шетелден келетін көшеттерге шекарада фитосанитарлық бақылауды күшейту қажет екенін айтады.

Андрей Бондаренко, дендролог:

- Шетелден әкелінетін материалдарының ішінде ауру жұқтырған көшеттер де болады. Әсіресе жапырақтарға түсетін жалған қалқан жәндігі көбіне импортталған көшеттермен келеді. Қазақстанға шекарадағы фитосанитарлық бақылауды күшейту керек. Сондай-ақ бізде жел эрозиясы зерттелмейді, ал жел топырақтағы микроэлементтерді ұшырып әкетеді. Бұл өсімдіктің өміршеңдігіне қатты әсер етеді. Ағаштың күнге, желге, көлеңкеге төзімділігі де ескерілмейді. Мұның бәрі ғылыми негізді қажет етеді.

Сарапшылар: «әр елді мекенге жасыл желектің жағдайын бақылайтын арнайы маман қажет», – дейді. Сонда қураған ағаш азайып, көшеттер дұрыс отырғызылып, дұрыс күтім жасалады. Ал әзірге бұл міндет негізінен коммуналдық қызметтердің мойнында.

Айта кетейік, бүгінде Астанада шамамен  17,5 миллион түп жасыл желек бар. Соның ішінде 2,5 млн-ы қала ішінде, ал 14 млн-нан астамы «жасыл белдеу» аумағында.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Санжар Біргебаев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 14:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары