Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Еңбек нарығында қандай мамандықтар жойылуы мүмкін сарапшы пікірі

Еңбек нарығында қандай мамандықтар жойылуы мүмкін сарапшы пікірі

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

— Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 448 мың адамды құрайды. Былтырғымен салыстырсақ, биыл 0,1 көрсеткішке төмендеген. Жұмыссыздық деңгейі Халықаралық еңбек ұйымының ережесі, статистика бойынша есептеледі. Еліміздің еңбек нарығында тұрақтылық сақталып отыр, — деді спикер.

Сонымен қатар маман еңбек нарығындағы ахуал тек жалпы статистикамен шектелмейтінін атап өтті. Оның сөзінше, жұмыссыздықтың қалыптасуына бірқатар фактор әсер етеді. Соның бірі — бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер саны шамалас болғанымен, олардың сұранысы мен ұсынысы толық сәйкес келе бермейді.

Мәселен, биыл наурыз айында Enbek платформасында 102,6 мың бос жұмыс орны жарияланса, жұмыс іздеушілер тарапынан жолданған түйіндеме саны 107,1 мыңға жеткен. Көрсеткіш еңбек нарығында кадр бар болғанымен, олардың біліктілігі, орналасқан жері немесе таңдаған бағыты ұсынылған жұмыс орындарымен әрдайым қабыса бермейтінін көрсетеді.

— Экономика, цифрландыру, кадрларды даярлауға қатысты мәселелердің барлығы осыған әсер етеді. Миграциялық диспропорцияның маңызы зор. Үлкен қалаларға көшу үдерісі де соның қатарында, — деді Мұхтар Төлеу.

Осыған байланысты елде белгілі бір салаларда маман тапшылығы сақталып отыр. Әсіресе өндіріс, цифрландыру, қаржы және креативті экономика бағыттарында білікті кадрларға сұраныс жоғары. Мұндай жағдайда азаматтарды еңбекке тарту, жаңа дағдыларға бейімдеу және қайта даярлау шараларының маңызы арта түседі.

Бұл ретте мемлекеттік қолдау тетіктері де жүйелі түрде іске асырылып жатыр. Соның бірі — азаматтарды жұмысқа бағыттап, еңбек нарығына бейімдейтін «Мансап» орталықтары.

— Орталыққа жүгінген азаматтарға бағыт-бағдар беріледі, мамандық бойынша жұмыс орындары ұсынылады. Егер табылмаса, жұмыссыз ретінде тіркейміз. Жастарға «Жастар практикасы» бағдарламасы бар. Зейнеткерлерге «Күміс жас» деген жоба қарастырылған. Тегін даярлау курстары да бар. Ол сұранысқа сай мамандықтарды оқытады. Әрі қарай азаматтың жұмыспен қамтылуына жағдай жасалады, — деді ол.

Маман азаматтарды интернет кеңістігінде таралатын күмәнді делдалдардың қызметіне алданып қалмауға шақырды. Оның айтуынша, жұмысқа орналастыруға қатысты мемлекеттік қызметтердің барлығы тегін ұсынылады.

— Мемлекет тарапынан барлығы тегін. Осыны ескеріп, орталыққа бару қажет. Бұл мекемелердің мақсаты да халықты еңбекке ынталандыру, — дейді ол.

Спикер алдағы уақытта еңбек нарығына технологиялық өзгерістер әсер етуі мүмкін екенін айтты. Осыған орай еңбек нарығы жаңа талаптарға бейімделіп, мамандардан тың дағдыларды талап етеді.

— Жойылу қаупінде мәтін терушілер, операторлардың қызметі тоқтауы мүмкін, — деді спикер.

Еске салайық, жақында Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында ерекше мұқтаждығы бар балалар өзіне тиесілі орта білімді дұрыс ала алмай отырғанын сынады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 19:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see165

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see153

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see152

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see150

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see148

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see144

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see143

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see138

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see134

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see134

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see131

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see129

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see125

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see124

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see123

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары