Енді мектептерде Конституция негіздері пәні оқытылады
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Министрдің айтуынша, өзгерістер жаңа Конституцияны жүзеге асыру аясында әзірленген.
5–7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізілсе, 8–11-сыныптарда «Заң және тәртіп» міндетті курсы оқытылады. Сонымен қатар 5–11-сынып оқушыларына арналған «Жеке қауіпсіздік» міндетті курсы да оқу бағдарламасына қосылады.
Сондай-ақ бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасының мазмұны қайта қаралып жатыр. Жаңартылған бағдарламаға сәйкес, «Әліппе» пәніне 84 сағат бөлініп, «Ана тілі» пәні екінші жартыжылдықта оқытылады. Бұдан бөлек, қазақ тілінде алғаш білім алатын балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі.
Министрдің сөзінше, 1-сынып оқушылары үшін бейімделу кезеңі қарастырылып, оқу жүктемесі азайтылады. Сонымен бірге білім берудің практикалық бағыты күшейтіліп, оқу бағдарламалары балалардың жас ерекшеліктеріне барынша бейімделеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Шілде 2026 20:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















