Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

EPS жүйесі: қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға жұмысқа қалай орналасады

EPS жүйесі: қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға жұмысқа қалай орналасады

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Employment Permit System (EPS) жүйесі арқылы Қазақстан азаматтарын Корея Республикасында жұмысқа орналастыру үшін іріктеу тәртібін түсіндірді.

Практикалық іріктеу Алматы қаласында EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады. Осы орталықта кандидаттардың корей тілін қаншалықты білетіні EPS-TOPIK тесті арқылы анықталады. Сонымен қатар олардың кәсіби білімі мен дағдылары бағаланады. Корея Республикасына аттанар алдында жұмысшылар үшін міндетті дайындық та ұйымдастырылады. Іріктеу барысында азаматтың білімі, еңбек өтілі және бар кәсіби сертификаттары ескеріледі.

"Кореяға жұмысқа баруға 18-ден 39 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Бұл ретте азаматтың сотталмаған болуы, Корея Республикасынан бұрын күштеп шығарылмағаны және елге кіруге тыйым салынбағаны ескеріледі. Сондай-ақ Қазақстаннан шетелге шығуына ешқандай шектеу болмауы қажет. Кандидаттар белгіленген талаптарға сай балдық жүйе арқылы бағаланады", - деп жазылған хабарламада.

Қажетті талаптарға сай келіп, барлық кезеңнен сәтті өткен азаматтар ресми жұмыс іздеушілер тізіміне енгізіледі. Бұл үшін жарамды төлқұжаттың болуы және медициналық тексеруден өтуі міндетті.

Жеке мағлұматта білімі, кәсіби тәжірибесі, сертификаттары, тестілеу нәтижелері және қандай жұмысқа орналасқысы келетіні туралы мәліметтер көрсетіледі. Осы ақпараттың негізінде корейлік жұмыс берушілер белгіленген іріктеу кезеңдерінен өткен азаматтардың арасынан өздеріне қажетті қызметкерді таңдай алады.

Емтиханнан өту Кореяда жұмысқа орналасудв білдірмейді

Бұл ретте маңызды нәрсеге назар аудару қажет: емтиханнан өту және ресми кандидаттар тізіміне енгізілу азаматтың Кореяда автоматты түрде жұмысқа орналасатынын білдірмейді. Кандидаттарды түпкілікті таңдау құқығы корейлік жұмыс берушіге тиесілі. Яғни жұмыс беруші тіркелген кандидаттардың арасынан өзіне қажетті қызметкерді өзі таңдайды.

EPS жүйесі бойынша Корея Республикасына жұмысқа қабылданатын Қазақстан азаматтарының саны жыл сайын Корея тарапы айқындайтын квотаға сәйкес белгіленеді.

Корейлік жұмыс берушілер сізді таңдаса

Жұмыс беруші кандидатты таңдаған соң еңбек шартын ұсынады. Қол қоюға дейін қызметкерге қандай жұмысты атқаратыны, жұмыс уақыты, еңбек жағдайлары және басқа да маңызды талаптар түсіндіріледі. Екі тарап қол қойғаннан кейін еңбек шартының түпнұсқасы қызметкерге беріледі.

Кореяға жұмысқа баратын азамат үшін алдын ала дайындық кезеңі қарастырылған. Ол Алматы қаласындағы EPS орталығында өткізіледі. Дайындық аяқталып, жұмыс визасы рәсімделгеннен кейін азамат Кореядағы жұмыс орнына аттанады.

Қанша уақыт жұмыс мерзімі беріледі

EPS жүйесі бойынша жұмыс істеу мерзімі үш жылға дейін болуы мүмкін. Заңнамада көзделген жағдайларда бұл мерзімді тағы бір жыл он айға дейін ұзартуға болады. Белгіленген жұмыс мерзімін толық аяқтап, Қазақстанға өз еркімен қайтып келген жұмысшыларға Корея Республикасына кейін қайта бару үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар қарастырылған.

Еңбек министрлігі Кореяда жұмыс істеуді жоспарлап отырған азаматтарға тек мемлекеттік органдар мен уәкілетті ұйымдардың ресми ақпаратын пайдалануды ескертеді. Азаматтар "жұмысқа міндетті түрде орналастырамыз", "іріктеуден жедел өткіземіз" немесе "белгіленген тәртіптен тыс кандидаттар тізіміне енгіземіз" деп уәде беретін жеке делдалдарға құжаттарын немесе ақшасын бермеуі қажет.

Бірде-бір жеке делдал азаматқа Кореяда жұмысқа орналасуға кепілдік бере алмайды. Себебі кандидаттарды түпкілікті таңдауды корейлік жұмыс беруші жүзеге асырады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:66
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Тамыз 2026 11:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары