Ердоған: Газаға алдымен мен барамын, кейін сендер
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ризе қаласында өткен "Aқ партиясының" кеңейтілген жиынында сөз сөйлеп, Газаға қатысты соңғы жағдай мен Түркияның ұстанымын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Ердоғанның айтуынша, Түркия Газа мен басқа да палестин жерлерінде тұрақты бейбітшілік орнатуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайды.
«Газада екі жылдан бері жалғасып келе жатқан қырғын мен геноцидті тоқтататын кез келген жобаны қолдаймыз. Палестин халқына бар күшімізбен қолдау көрсетеміз», – деді ол.
Президент жиналғандардың «Бізді Газаға апар!» деген ұранына:
«Газаға алдымен мен барамын, содан кейін сендер», – деп жауап берді.
Ердоған Түркияның халықаралық аренадағы беделі мен ықпалына тоқталып,
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз«Түркия – Түркиядан да үлкен. Біздің күшіміз тек шекарамызбен шектелмейді», – деді.


