Ерекше коллаборация: Димаш Нұржас Садырбаевпен жаңа жоба басталғанын мәлімдеді
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— Достар, бір жаңалықпен бөліскім келіп отыр: Hunan TV арнасындағы «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы жеңімпазы — Нұржас Садырбаевты @sadirbaeeev продюсері есебінде қарамағыма алдым. Мен 15 жылға жуық мансабымды халықаралық байқаулардан бастап әлем бойынша жеке концерттерге дейін әртіс ретінде ұзақ жолдан өттім. Енді сол тәжірибеммен бөлісіп,еліміздің атынан Азиядан Америка құрлығына дейінгі әлемдік ареналарда өнер көрсететін әртіс дайындайтын кез келді. Осы жолдағы басты күшіміз — біздің қолдауымыз бен бірлігіміз, — деп жазды ол.
Видеодан алынған скрин
Ол сондай-ақ студиядағы бірлескен жұмысының көрінісін алғаш рет ұсынғалы отырғанын хабарлады. Ән ресми түрде алдағы аптада жарық көреді.
— Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де менің YouTube арнамда кездесеміз, — деп жазды әнші.
Видеодан алынған скрин
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің әні Польша чартында бір жыл бойы көш бастап тұрғанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:13
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 15:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















