Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Еріктілікті өмір салтына айналдырған жас көшбасшы көпке үлгі болып жүр

Еріктілікті өмір салтына айналдырған жас көшбасшы көпке үлгі болып жүр

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Абай облысында еріктілікті өмір салтына айналдырған жас көшбасшы көпке үлгі болып жүр.

Семейлік оқушы Еділ Төкен 3 жылдан бері волонтерлікпен айналысып келеді. Бүгінде 50-ден астам оқушыны біріктіріп, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жүр. Оның бастамасымен жастар Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараларға белсенді қатысқан. 11-сынып оқушысы бүгінде облыстық үйлестіру кеңесінің тұрақты мүшесі.

Гимназиядағы еріктілердің кезекті жұмысы қызу жүріп жатыр. Бұл топтың бастамалары соңғы жылдары мектеппен шектелмей, облыстық деңгейге дейін жеткен. Биыл Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай

Еділ 30-ға жуық оқушыны бір арнаға тоғыстырып, Қарауылтөбеде өткен мерекелік шараға қатысқан. Ағылшын тілін жетік меңгерген жас жігіт халықаралық поэзия фестивалі кезінде аудармашы болып, шетелдік қонақтармен жұмыс істеген.

Еділ Төкен, ерікті:

- Енді біздегі бір тенденциялардың бірі мен істемеуім керек анау істеуі керек. Анау істемеуі керек мынау істеуі керек деп бір-бірімізге жауапкершілікті арқалау арқылы біз көп жағдайда мәселенің шешімін таппай жатамыз. Осы орайда волонтерлердің оның ішінде жас еріктілердің рөлі айрықша маңызды. Өйткені қоғам алдына шығып мынау экологиялық болсын, социумдағы әлеуметтік жобалар болсын барлығы іске асыру бұл тікелей еріктілердің қолында деп білемін.

Еділ Ролланұлы облыстық үйлестіру кеңесінің тұрақты мүшесі. Жыл сайын өтетін түрлі форумдарда жастарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөлісіп жүр. Жас еріктінің ұстанымы оқушылар арасында үлкен серпіліс тудырған.

Ғалия Ағыбаева, сынып жетекшісі:

- Ерікті деген қазіргі қоғамда өте қажет. Саналы түрде осы ерікті деген сөздің ұғымын түсіне біліп өз еріктерімен осындай қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүр. Әрине Еділ біздің гимназияның ғана емес, өңірдің облыстың іс-шараларынан тыс қалған емес. 

Белсенді оқушы еріктілердің әрбір шарасының бел ортасында жүреді. Оның бастамалары достарының да қызығушылығын оятып, әлеуметтік жобаларға белсенді араласуына сеп болып отыр. Жалпы Абай облысында 5 мыңнан астам волонтер өз еркімен қоғамға пайдасын тигізіп жүр. 

Әмір Маратов, ерікті:

- Еріктілік жолды досым Еділ екеуміз бірге бастаған болатынбыз. Мектеп қабырғасындағы шаралардан бастап «Жел елшілері» сияқты экологиялық қозғалысқа жетіп, қоғамға пайдамызды тигізіп келе жатырмыз. Жалпы еріктілік мен үшін қоғамға деген пайдам. Қоғамға пайданы тигізу, қоршаған ортаны аялау жүрегімді тыныштандырады. 

Туған өлкесіне жанашырлық танытып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жүрген Еділ көпке үлгі. Оның айтуынша волонтер болу жай жұмыс емес, мейірімділік пен азаматтық сананың айқын көрінісі. Осы еңбегі еленіп, биыл 11-сынып оқушысы «Үздік жас волонтер» атанды.

Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 02:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары