Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Түркия жастары Міржақыпты үлгі тұтып жүр

Түркия жастары Міржақыпты үлгі тұтып жүр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

1909 жылы Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» жинағы жарық көрді. Ол заманда патша өкіметіне бұлай ашық қарсы шығу, қарсы шығып қана қоймай, дүйім елге үндеу тастауы қараңғы түнекті жарған таң нұры секілді еді. Бұл асқақ үндеудің тегеуріні күшті болғаны сонша, бүкіл әлемге жайылды. Осы өлеңнен кейін болар түріктер «Оян, түрік!», жапондар «Оян, жапон» деп ұран тастады. Басқа да елдер іліп әкетті. Әрине, осы өлеңнен соң Міржақып қуғын көрді. Бірнеше рет түрмеге түсті. Айдауда болды. Арыстың сүйегі Ресейден тек жарты ғасыр өткен соң туған жері Қызбелге әкеліп жерленді.

Өткен ғасырда қазақты оятамын деп тұтас әлемді оятқан Міржақыптың бұл өлең жолдары қазір түрік жерінде жаңа бағытта зерттеле бастады. Анкарадағы Қажы Байрам Вели университетінің студенттері Міржақып мұраларын қайта зерделеп, Алаш арыстарын жаңаша қырынан тани бастады.

Бүгін алаштың арысы Міржақып Дулатұлы дүние есігін ашқан күн. 

«Оян, қазақты» оқығанда рухтанып, тебіренбейтін жан жоқ. Өйткені рухты өлең ұлтқа бөлінбейді. Жас түркітанушы Серхат Өзтүрк Алаш дәуірінің идеясын жүрекпен сезініп, Міржақып мұрасына терең үңіліп жүр. Тіпті киім киісі мен жүріс-тұрысының өзі Алаш зиялыларының бейнесін еске түсіреді. Соларға еліктейді.

Серхат Өзтүрк, Анкара Қажы Байрам Вели университетінің студенті:

- Кім болса да, Міржақып Дулатұлын үлгі ретінде қабыл алар еді. Себебі ол кісі бір ғана жазушы емес, зиялы емес, ақын емес, сыншы емес. Бұлардың бәрі мемлекет, қоғам қайраткері. Сол себепті менің де олар сияқты болғым келеді. Маған неге Алаш зиялылары үлгі болды? Олардың қылған жұмыстары мен істерінің дұрыс екендігін мен білемін. Бірақ оларға кезінде жала жабылған екен. 

Түрік жастары Міржақыптың тек «Оян, қазақ!» еңбегімен шектелмей, «Бақытсыз Жамал» романымен де жақсы таныс. «Енді бұл шығарманы түрік тілінде емес, түпнұсқа – қазақ тілінде оқысақ», – дейді.

Ирем Кесикташ, Анкара Қажы Байрам Вели университетінің студенті:

- Мен «Бақытсыз Жамал» шығармасын оқыдым. Бұл шығармада әйелдің теңсіздігін айтады. Мұнан басқа «Алашқа», «Жаңа тілек» өлеңдерін де оқыдым. Бұл шығармаларының барлығында қазақты надандықтан құртылу үшін жазған.

Зейнеп Языджы, Анкара Қажы Байрам Вели университетінің студенті:

- Алаш зиялыларынан Міржақып Дулатұлының шығармалары бізге өте қатты ұнайды. Романдары қатты ұнайды.

Түркітану дәрісінде студенттер Алаш мұрасын талдап қана қоймай, қазақтың ән-күйін де рухтана орындайды.

Міржақыптың «Оян, қазақ!» шығармасы ХХ ғасырдың басында жарық көргеннен кейін бұл идея түркі елдерінде кең етек жая бастайды. Сөйтіп, біртіндеп осы оймен үндес, тарау-тарауымен тағдырлас туындылар дүниеге келді.

Гүлжанат Құрманғалиева-Ержиласун, тарихшы, профессор:

- Басқа ұқсас түркі халықтары да соны оқыған кезде өзін көргендей болды. Сөйтіп, бұл үлкен әсер қалдырды. «Оян, қазақтан» кейін басқа біз «Оян, ұйғыр» деген жазылады. «Оян, татар» деген жазылады. Өтйкені басқа түркі халықтарында ұқсастық көп екенін білеміз.

Ұлтқа осы мотив арқылы үндеу тастаған еңбектің түрік тіліндегі нұсқасы 1914 жылы жарық көрді. Бұл идеяны Мехмет Эмир Юрдакул есімді түрік шайыры «Оян, түрік!» деген атаумен жазып шығады.

Гүлжанат Құрманғалиева-Ержиласун, тарихшы, профессор:

- Бұл енді жалпы сол кезде Түркияда біздегідей Ресей езгісінде болмаса да, басқа батыс империяларының қаупі болған ғой. Сол себепті Тәуелсіздік үшін күрестің кәдімгі паролі, құпиясөзі не болмаса лозунгі сияқты болады.

Ал ширек ғасыр өткен соң Алаш қайраткерлерінің еңбегі түрік жерінде ашық түрде оқыла бастады. Ол кезде Кеңес Одағы қазақ даласында ақын-жазушылардың есім-сойын атауға тыйым салған. Ал Түркиядағы басылымдарда керісінше ашық насихатталып жүрді.

Гүлжанат Құрманғалиева-Ержиласун, тарихшы, профессор:

- 1939-40 жылдардан бастап, одан кейін 1943 жылы бұл жаққа башқұрттың екі ғалымы келеді. Олардың бірі Зәки Уәли Детоған, екінші Әбдіқадір Инан деген. Сол кісі өзінің еңбегін жариялаған кезде алғаш сол 1939 жылы Каирда шығады. Одан кейін Түркияда шыққан кезде жалпы осы жақтағы жұртшылық сол кезде Алаш зиялыларының атын, еңбектерін біле бастайды. Бірақ тағы бір айта кететін нәрсе, неміс тілін білетіндер одан да ерте таныс болған. Өйткені мен 1937 жылы Германияда шыққан бір журналда Алаш зиялылары туралы мақалалар таптым. Бұл неміс ғалымы, түрколог ғалым Йоханнец Бенцин деген адам.

1960-64 жылдары Түркияда «Алаш» деген атаумен үлкен кітап басылып шықты. Мұны Түркиядағы қазақ жазушысы Хасен Оралтай жазған. Профессордың айтуынша, бұл еңбек Түркістан халықтарын тәуелсіздікке бастайтын әнұраны болды. Кейін 1971 жылы Түркияда «Оян, қазақтың» түпснұсқасы түрік тіліндегі мазмұнымен басылып шықты.

Гүлжанат Құрманғалиева-Ержиласун, тарихшы, профессор:

- «Оян, қазақты» қолжазбасын, тура сондай кітапты тапқан кезде «бұл кітапты қайтадан басып шығару керек. Бұл кітап әрбір адамның үйінің төрінде тұруы керек», – деп осындай кітапты қайтадан жариялап шыққан. 

Алаштың асыл мұрасын арқалаған Міржақыптың «Оян, қазақ!» ұраны Түркияда ғана емес, күллі түркі әлемінде тәуелсіздікке үндейтін әнұран, еркіндікке бастайтын шығарма болды. Бұл ұран Тұран даласында әлі күнге насихатталып келеді. Ал бүгінде түрік жастарының жүрегіне жетіп, рухын оятқан шығармаға айналды.

Авторы: Әсия Нұрлыбаева

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 14:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see149

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see147

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see145

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see143

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see130

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see127

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see127

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see127

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see126

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see125

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see125

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see121

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see119

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see118

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see117

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see116

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see116

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары