Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда түнгі клубта өнер көрсеткен рэп орындаушы полиция бөлімінен бір ақ шықты

Қазақстан мен Украина полицейлері Киевте есірткі жасырушыларды тартуға арналған call орталықтар желісін әшкереледі

Конгода әуежай қайта ашылды

​Жасанды интеллект өкшелеп келеді: Еңбек министрлігі ҚР дағы ең осал мамандықтарды атады

​Яна Легкодимованың қылмыскерлері қайда отыр? Бұл сұрақтың жауабы қыздың анасына да айтылмаған

NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды

Петропавлда ақшадан шыққан жанжал кезінде қызы шешесін өлтіріп алды

Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды

Қазақстандықтарды Украинадағы call орталықтар арқылы есірткі бизнесіне тартқан

Алматыда жылтырға оралған ер адамның денесі табылды

Балқаш ауруханасында қайтарылған активтер есебінен ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді

“1,5 миллионға жүргізуші куәлігі“ Ұлытау облысында алаяқ ұсталды

Таза Қазақстан : Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді Әділет партиясы

Мәулен Әшімбаев Атырауда жастармен жаңа Конституцияның болашағын талқылады

Аида Балаева кітапханалардың қызметіне жан жақты талдау жүргізуді тапсырды

Дмитрий Киселев ТЭФИ 2026 ұлттық телевизиялық сыйлығының лауреаты атанды

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртеніп, 10 жасар бала құтқарылды

Қазақстанның Оқу ағарту министрі Қытайда өткен Дүниежүзілік цифрлық білім беру конференциясына қатысты

Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді

Мың сөзден артық үлгі

Мың сөзден артық үлгі

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жай ғана фотосуретке қарайсыз да қоясыз, ал бояу тілімен бедерленген таныс һәм бейтаныс бейнеге үңілген сайын оның ішкі құпиясы ашыла түседі. Бір кездесуде суретші Тоққожа Қожағұлов ғұмырға татитын шығарма-шылық жолында жүздеген сурет салса да, студенттік үй жұмысы ретінде алғаш салған «Әке» портреті бәрінен
ыстық екенін айтып еді.

Иә, әке мен ана образы – еш­қа­шан құны мен қасиетін жоғалт­пайтын мәңгілік тақырып. Көр­кем шығармада да, кино тілінде де, бейнелеу өнерінде де солай. Әлемнің жарығын сыйлаған жандардан аяулы кім бар? Шығар­машылық иесінің осы бір картинасы біздің де жанымызға жақын. Суреттегі бейне өз әкеміз болмаса да, оның болмысынан арғы жағымызды қаза түсетін, қасиет-қалыбымыздың өлшеміндей болған әке кейпін іздейміз. Қа­зақ баласының жадында қалып қойған қасиетті қара шал адал­дық­тың тұмары, кеудені кернеген салқар сағыныштың сәулесі екенін сезінеміз.

Оқушы күнінде тастан Абай мүсінін қашап жатқан бала Тоқ­­қожаға: «Немене, маған ес­керт­кіш қоюға асығып жүрмі­сің?», деген бірауыз әке сөзі қатты әсер еткені сонша, абдырап қал­ған ұл әке­сіне қарап басын шай­қай беріпті. Қолындағы мүсін­ді лақтырып, бұл өнерге қайта айналып соқпаған ол содан бері қылқаламды жанына серік еткен.

Кәрі өмірдің есігін ашқанда, бебеулеген ботасын бауырына басқан риясыз мейірім иесі­нің тұнық пейілі, «өмірден көш­се де, көңілден өшпейтін» жылы естеліктер, әке дейтін ардақ­ты жанның алғаусыз сезімі шығар­мада дәл сомдалған. Қарайсыз да, әкеңізді есіңізге аласыз.

 – Ауыл балалары секілді мені де арман қанатына мінгестіріп, өнерге іңкәр еткен туған өлке табиғаты, әке мен ана тәрбиесі, қазақы ауылдың қоңыр тірші­лігі. 14 бала өсірген көпбалалы отба­сының перзентімін. 1979 жылы арман қуып Алматыға келге­нім­де әкем Мұқажан бақиға озды. Апыл-ғұпыл ауылға жетіп, көңі­­лім әкемді іздеп құлазыды. Есік ашыл­ған сайын үйге әкем кіріп ке­л­ердей елеңдей бердім. Оның бүкіл болмысы көз алдым­нан өтіп жатты. Әке алдын­дағы өтел­­мей қалған перзенттік пары­­зымды, кеудеде қалған са­ғы­ны­шымды бояумен беруге бекіндім. Әкемнің портретін салып төрге іліп қойдым. Бұған бүкіл сезімімді құйып бердім десем болады. Есік­тен кіріп келген кіші шешеміз суретті көріп: «О, Құдай-ау, мынау жәкемнің өзі ғой», деп қайынағасы тіріліп келгендей қуанғаны бар. Бұл портреттің артқы фонына уақыттың рәмізі ретінде домбыраны, тағы бір тұсы­на түлкіге ұқсас элементті қоса бердім. Жастық жалында жанымызға медет болған әке­ден айырылып қаламыз деп ой­ламаушы едік. Сол сәт орнаған­да «жалғанның арты ашылды» деген осы екен-ау деп терең мұңға батқаным бар. Бір сөзбен айтқанда, бұл портретте тек әке тұлғасын емес, бұлаңдаған қу дүниенің өткінші кейпін қоса көрсеткім келді, –дейді суретші.

Туындыгер шығармашылық тұрғыдан толысқан шағында әке тақырыбына қайта оралады. 1991 жылы майлы бояумен кенепке салған «Әке портреті» –шоқтығы биік шығармаларының қатарында. Туындыда қылқалам иесі портреттік ұқсастықты ғана емес, кейіпкердің рухани сал­мағын алдыңғы қатарға шығарады. Мұнда әке бейнесі сабырлы әрі тұйық күйде беріл­ген. Қою күрең-қызыл түстерге құрылған киім үлгісі мен фон бейненің ішкі тұтастығын кү­шейтіп, көрермен назарын артық детальдардан аршып алады. Сол арқылы түстік ше­шім кейіпкерді белгілі бір кеңіс­тікке емес, ой мен естеліктер әле­міне орналастырғандай әсер қал­дырады. Әке қолындағы әше­кейлі таяқ – оның әлеуметтік мәртебесінен бұрын, өмір жолы­ның рәмізі іспетті. Ол – тірек, уақыт сынынан өткен даналықтың белгісі. Қол қимылы мен дене қалпы артық қозғалыстан ада, ұстамды. Осы тыныштықтың өзінен жауапкершілік пен ішкі күш сезіледі.

Суретші жарықты үнемдей қол­дана отырып, бет әлпеттегі ең маңызды белгілерді ғана ай­қын­­дайды. Әкенің көзқарасы – сырт­қы әлемге емес, өз ішіне бағыт­талғандай. Бұл көздерден мейі­рімнен гөрі ойшылдық, өтке­німен тілдескен адамға тән байыптылық аңғарылады. Әжім­дер мен қолдағы айқын тамыр­лар кейіпкердің өмірмен күресін емес, оны қабылдағанын білдіреді.

Шығарманың көркемдік құ­ры­лымында классикалық еуро­па­­лық кескіндеме дәстүрінің ықпа­лы сезілгенімен, Қожағұлов оны тікелей қайталаудан аулақ. Ол қараңғы фон мен жарықтың қарама-қарсылығын драматизм үшін емес, ой тереңдігін күшейту құралы ретінде қолданады. Бұл тәсіл портретті сыртқы әсерден арылтып, философиялық дең­гейге көтерген. Қолтаңба көрер­менін оймен баурай отырып, ұрпақ, уақыт, жауапкершілік секілді ұғымдарды үнсіз тілмен жеткізеді.

«Біз әке-анамызды қадірлеуді кеш үйренеміз. Өйткені олар ешқашан өз қадірін дәлелдеуге тырыспайды. Бала кезде беріл­геннің бәрі мәңгілік сияқты еді. Есейгенде ғана оның уақытша аманат екенін түсінесің. Бұл – сурет емес. Бұл – кеш айтылған алғыс. Әке – үйретпей кеткен сабақтарымен тірі. Әке, сен өмір­де аз сөйледің. Бірақ сенің үн­сіздігің маған мың сөзден артық тәрбие болды. Мен сенің қаттылығыңнан емес, сол қат­тылықтың артындағы қор­ғаудан қорықтым. Сен өмір­дің ауыр екенін білдің. Сол ауырлық ма­ған тимесін деп үнсіз көтердің. Мен мұны кеш түсіндім», деп тебіренеді Тоққожа Қожағұлов.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:66
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 09:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда түнгі клубта өнер көрсеткен рэп орындаушы полиция бөлімінен бір ақ шықты

07 Маусым 2026 17:54see129

Қазақстан мен Украина полицейлері Киевте есірткі жасырушыларды тартуға арналған call орталықтар желісін әшкереледі

08 Маусым 2026 08:58see123

Конгода әуежай қайта ашылды

07 Маусым 2026 23:27see121

​Жасанды интеллект өкшелеп келеді: Еңбек министрлігі ҚР дағы ең осал мамандықтарды атады

08 Маусым 2026 12:49see119

​Яна Легкодимованың қылмыскерлері қайда отыр? Бұл сұрақтың жауабы қыздың анасына да айтылмаған

08 Маусым 2026 12:47see118

NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды

08 Маусым 2026 13:45see117

Петропавлда ақшадан шыққан жанжал кезінде қызы шешесін өлтіріп алды

07 Маусым 2026 15:10see116

Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды

08 Маусым 2026 08:38see116

Қазақстандықтарды Украинадағы call орталықтар арқылы есірткі бизнесіне тартқан

08 Маусым 2026 09:10see115

Алматыда жылтырға оралған ер адамның денесі табылды

07 Маусым 2026 17:01see115

Балқаш ауруханасында қайтарылған активтер есебінен ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді

07 Маусым 2026 13:08see115

“1,5 миллионға жүргізуші куәлігі“ Ұлытау облысында алаяқ ұсталды

08 Маусым 2026 13:20see114

Таза Қазақстан : Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

08 Маусым 2026 15:25see114

Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді Әділет партиясы

08 Маусым 2026 19:05see113

Мәулен Әшімбаев Атырауда жастармен жаңа Конституцияның болашағын талқылады

08 Маусым 2026 12:49see113

Аида Балаева кітапханалардың қызметіне жан жақты талдау жүргізуді тапсырды

08 Маусым 2026 17:47see112

Дмитрий Киселев ТЭФИ 2026 ұлттық телевизиялық сыйлығының лауреаты атанды

08 Маусым 2026 20:53see111

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртеніп, 10 жасар бала құтқарылды

08 Маусым 2026 20:52see109

Қазақстанның Оқу ағарту министрі Қытайда өткен Дүниежүзілік цифрлық білім беру конференциясына қатысты

08 Маусым 2026 12:49see109

Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді

07 Маусым 2026 13:05see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары