Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Өткеннен үлгі, бүгіннен өнеге

Өткеннен үлгі, бүгіннен өнеге

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Иә, сол «Баспалар үйін­де» оншақты жыл бұрын бас­па­лардың тіршілігі мимырттау жүріп жататын. Баспалар не­гізінен мемлекеттік тапсырысқа иек артатын. Ал қазіргі жағдай өзгерек. Әрине, ғимаратта бұ­рынғыдай қаптап тұрған баспа жоқ, әртүрлі жағдайға байланысты әртүрлі жақтарға қоныс аударып кетті. Әңгіме ол туралы емес, әңгіме оқырман мен кітап туралы. Қазір сол баспаларға кітап іздеп барушы жастар көбейді. Ең ғажабы, олар қазақ әдебиетін – классикалық шығармалардың жаңа басылымын іздейді. Жаңа кітаптар, жаңа әдеби шығармалар өз алдына, кейбіреулер «советтік науқандық» деп есептейтін көркем шығармаларды жас оқырмандар сұрап кеп тұрғанда, «талғамға талас жоғына» тағы көзің жетеді.

Жас оқырман деп неге айрық­ша атап отырмыз. Өйткені жастар туралы әңгіме – болашақ туралы әңгіме. Ендеше сол жас­тардың бағыт-бағдарын, дұрыс жол­да жүргенін білгендей, осы жол­дан айнымау керегін ұғын­­дырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт» идеясын бірнеше мәрте тілге тиек етті. «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуы­­­мыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды» деген сөзін кейінгі құрылтайларда да үстемелеп, шегелеп отырды. Ұлттық құрылтайда, жекелей сұхбаттарда кітапқа қатысты бірнеше рет айтылған салиқалы ой биыл пәрменді сөзге айналды. Ол – «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлық.

«Күлшелі бала сүймекке жақ­сы» дегендей, кітапқа қатыс­ты мұндай сөздерді биік мінбер­лерден айтушыларды алдымен баспагерлер жылы қабылдады. Өйтпегенде ше! Баспагер деген не? Кітап сөресін қалың қағазбен қаптап қоятын қатардағы адам емес екені анық. Оның үстіне сіздің баспаңыз («Жазушы» баспасы) сонау 1934 жылы құрылып (онда да жай адам емес, Алаш зиялылары туын тіктеп берген), содан бері әр кітабын әдіптеп шығарып келе жатқан болса, кім көрінгеннің кітабын баса беретін көп кітапшының бірі бола аларсың ба? Әлбетте, жоқ. Көрген тәрбие бөлек, түйсінген ой бөтен.

Қысқасы, бұл жарлық «Жазу­шы» баспасының да мерейін үстем етті. Ғасырға жуық тарихтың куәсі боп келе жатқан «Жазушының» қоймасына қанша кітап түсіп, қанша кітап таралды екен.

«...Сен асатын алда талай белес көп,

Ол белесің – қиын күнің емес тек.

Тұрады ылғи сені көрсем, ұлт жазған,

Көз алдымда таудай кітап елестеп», –

деген Ғафу Қайырбековтің баспа­ның
60 жылдығында жазған тілек-жыры қалай естен шығады? Енді, міне, сол кітаптар қайта бір тү­лер­дей, жаңа оқырман – жас оқыр­манмен қайта қауышардай күйге түсті.

Енді бүгінде «Жазушы» қор­жы­нында не бар деген сауалға келейік. Қазір, Құдайға шүкір, баспалар бәсекеге түскен кезең туды. Оқырманның сұраған кітабын ұсынғысы келетін баспа көбейді. «Жазушының» негізгі ұстанымы – ауыз әдебиетін, ха­лық мұрасын қастерлеген күйі оқырманға табыстау. Қос томдық «Қазақ ертегілері», «Батырлар жыры», «Жеті ғасыр жырлайды», «Он ғасыр жырлайды» жинақтары – соның мысалы. Абайдың қостомдық шығармалар жинағы, М.Жұмабаевтың қостомдық шы­ғармалар жинағы, М.Әуезовтің «Абай жолы» романы сөреден түскен емес. Лайым, түспек емес те. Қазақтың аса көрнекті ақыны Есенғали Раушановтың «Құстар – біздің досымыз», «Амал деген айыңыз», «Жаздың жұпар жаң­быры» кітаптары баспаның бү­гінгі брендіне айналды десем, қызы ретінде мақтағаным емес. Бұл кітаптарды оқырман жиі іздеп кеп тұрса, қалайша тізім­нен алып тастарсың. Бәрін тізіп отыру шарт емес, қазақ әде­биетінің кешелі-бүгінгі жар­қын есімдерінің жинақтары – «Жа­зушының» өнімдері. Міне, енді осы кітаптардың «оқитын ұлт» идея­сына қаншалықты үлес қоса­рын ойлап көріңіз.

Кітап оқу мәдениеті дегенде айналып өте алмайтын тағы бір мәселе бар. Ол – мектептегі оқулық. Оқулық мәселесіне қа­тысты аздаған даулар жыл сайын бас көтеріп қояды. Оның себептері әрқилы. Әлеуметтік желілердегі дау­лардан байқағанымыз, бірі оқулықтағы мәтін бала жасына сай емес десе, енді бірі тілі күрделі дейді. Сондайда қазақ даласында алғашқы оқулықтар қалай құрастылып еді деген сауал туындайды. Оның жауабы жоқ емес.

Қазақ балаларына арналған алғашқы оқулықтың бірі деп Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» аталады. Сол оқу­лық­тың беташар сөзін еске түсіріп көре­лікші. «...бұл кітапта келтірілген әңгіме­лер­дің қазақ­тар үшін ұнамды болу жағын көз­дедім» деп келіп, «балалар өмі­рінен алынған әңгімелер, әр­түрлі жастағы адамдардың өмі­рінен алынған әңгімелер, қа­зақ ақын­дарының ең жақсы өлең-жыр­ларынан үзінді, қазақ­тың мақал-мәтелдері» деп, оқу­лық­тың құрылымын түзіп, түсін­діріп береді. Міне, осы оқу­лық­та басылған «Абылай хан», «Та­лап­тың пайдасы», «Әке мен бала», «Асыл шөп» сынды ұсақ әңгі­мелер классикалық дүниеге ай­налды, баспалар әлі күнге дейін үздіксіз басып шығарып келеді. Айтпағымыз, оқулықты құрас­тыруда балалардың өз өмірінен алынған оқиғалы мәтіндердің ма­ңызы зор. Әсіресе бүгінгі бала­ларға өз тақырыптары қажет. Осыны ескерген «Жазушы» баспасы балалар басылымдарының, балалар қаламгерлерінің заманауи шығармаларымен таныс. Қазір біздің баспа ұсынып жатқан 6, 8, 9, 10, 11-сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығында осы ұстанымды негізге алмақпыз. Сонымен қоса алдағы уақытта Президент Қ.Тоқаев ұсынған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағ­дарламасы мен «Таза Қазақстан» акциясымен үндесетін әдеби шы­ғармаларды енгізу көзделуде. Се­бебі бұл идеялар бір күндік не­месе бір жылдық науқандық жоба емес, саламатты өмір сүрудің ба­ғыт-бағдары іспеттес. Ал оны бала жастан үйретудің маңызы зор.

Әр заманның өз жыры бар. Сол ағымға ілесе алу, сұраныс­қа сай болу аса маңызды. Ағарту­шы­лық жолдағы Жұлдыз Досбер­генқызы басқаратын Оқу-ағарту министрлігі осы жолда тура келе жатыр деген сенімдеміз.

Әйгерім РАУШАНОВА,

«Жазушы» баспасының директоры

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:67
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 11:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see162

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see161

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see158

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see155

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see154

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see153

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see147

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see146

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see143

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see139

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see138

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see130

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see127

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see127

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see126

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see123

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see122

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see122

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see121

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары