Дания СІМ: Арктика қауіпсіздігін НАТО қамтамасыз етеді
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Данияның сыртқы істер министрі Ларс Лекке Расмуссеннің мәлімдеуінше, АҚШ-пен Гренландияға қатысты қол жеткізілген келісім аясында Арктикадағы қауіпсіздікке негізгі жауапкершілікті НАТО өз мойнына алады, деп хабарлайды АА.
Расмуссен Нью-Йоркте дат БАҚ-қа берген сұхбатында Копенгагеннің келісімге қанағаттанатынын атап өтті. Оның айтуынша, Трамптың Гренландияға қатысты мәлімдемелері арал тұрғындары арасында алаңдаушылық туғызған, ал жаңа келісім бұл шиеленісті азайтуға көмектеседі.
Министрдің сөзінше, келісім қауіпсіздік мәселелерінде жауапкершіліктің тек Дания немесе АҚШ-қа жүктелмеуін көздейді: «Арктика аймағының мәселелерімен НАТО айналысады».
Гренландия — Дания Корольдігі құрамындағы автономды аумақ, халқы шамамен 56 мың адам. Соңғы жылдары арал Вашингтон, Копенгаген және Брюссель арасындағы шиеленістің ошағына айналған еді.
Кеше, 20:56
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:37
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қыркүйек 2026 02:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















