Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

​Атырауда қала аумағының 80 пайызын кәріз жүйесімен қамтитын жаңа тұжырымдама ұсынылды

​Атырауда қала аумағының 80 пайызын кәріз жүйесімен қамтитын жаңа тұжырымдама ұсынылды

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сурет: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атырау қаласының 80 пайызға жуық аумағы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған. Шаһардағы су бұру инфрақұрылымын толық жаңартып, жерасты суларының деңгейін төмендету үшін 5 кезеңнен тұратын арнайы тұжырымдама әзірленді.

Облыс әкімі Болат Ақшолақовтың төрағалығымен өткен жиында жобаның алдын ала нұсқасы таныстырылды. Жаңа жүйе қаланың тозығы жеткен инфрақұрылымын реттеп, жерасты суының көтерілуін тоқтатуға бағытталған.

Заманауи технологиялар құрылыс уақытын қысқартады

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК басшысы Мейірім Қалауидің айтуынша, жобада әйнекті пластиктен жасалған оқшау шағын кәріз-сорғы стансалары мен көлденең бағытта бұрғылау технологиясын қолдану ұсынылып отыр. Бұл инженерлік шешімдер құрылыс мерзімін қысқартып, қала тынысына кедергі келтірмей, су бұру жүйесінің тиімділігін арттырады.

Жобаны іске асырудың 5 кезеңі

Жүйені дамыту жұмыстары бес негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:

1-кезең: Талғайран ауылы бағытындағы елді мекендерді қамтиды. Қазір «Жұлдыз» шағынауданындағы ішкі кәріз желісі 70 пайызға дайын, ал негізгі сорғы стансасының жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. «Мирас» шағынауданындағы жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар қаланың ескі бөлігіне арналған сорғы стансасын қалалық саябақ ауданында салу жоспарланған.

2-кезең: Еркінқала ауылы мен «Ерік Мостовой» арнасына іргелес аумақтарда су бұру желісі тартылады.

3-кезең: «Атырау» және «Жерұйық» шағынаудандары қаланың ескі бөлігіндегі жүйеге қосылады.

4-кезең: Дамбы бағытын, соның ішінде Құрманғазы мен Жаңаталап ауылдарын қамтиды. Бұл аумақтарда жаңа желілер тартылып, шағын сорғы стансалары салынады.

5-кезең: «Береке» және «Алмалы» шағынаудандарында жаңа сорғы стансасы бой көтеріп, ақаба сулар кәріздік тазарту қондырғыларына бағытталады.

Инфрақұрылым кешенді түрде жаңарады

Облыс әкімі Болат Ақшолақов тұжырымдаманың қаржылық және ұйымдастырушылық тұстарын ескере отырып, жобаны одан әрі пысықтауды тапсырды. Осы мақсатта өңір басшысының орынбасары жетекшілік ететін арнайы жұмыс тобы құрылады. Жақын арада жобаны іске асырудың нақты мерзімдері мен қаржыландыру көздері көрсетілген Жол картасы бекітілмек.

Сонымен бірге өңір басшысы кәріз желілерін жүргізумен қатар, сол аумақтардағы электр желілерін де жер астына көшіруді жүктеді. Бұл кейін жолдарды қайта қазбауға, инженерлік желілерді кешенді дамытуға және электрмен қамту сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кеше, 17:31

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қыркүйек 2026 02:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see175

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see157

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see155

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see153

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see152

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see151

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see151

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see151

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see150

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see150

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see150

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see149

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see149

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see148

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see148

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see147

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see147

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see147

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see146

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see146
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары