Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Атырауда кәріз желісін салуға арналған 23 жобаға 80 млрд теңге қажет

Атырауда кәріз желісін салуға арналған 23 жобаға 80 млрд теңге қажет

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Атырау билігі Жайық өзенінің оң және сол жақ жағалауында орналасқан ықшамаудандарды орталықтандырған кәріз жүйесін қосуға бағытталған жобалар аясында 50-ден аса кәріздік сорғы станция салынатынын мәлімдеді. Өткен жылы Жұлдыз-1, Жұлдыз-2, Геолог және Мирас шағын аудандарына 92 шақырым желі салу жұмысы басталған еді. Тілек Махуовтың сөзінше, бұл жұмыс аяқталуға жақын.

Екінші кезең бойынша Сарықамыс, Балауса ықшам аудандарына желі тарту жұмысының жобасы аяқталып жатыр. Қаржы бөлінген жағдайда бұл аумақтарда жұмыс биыл басталмақ. Бірнеше жылдан бері жер үйде тұратын қала халқын бүгінде салынып жатқан құбырдың диаметрі алаңдатады. Жобаға диаметрі 100-дік құбыр да пайдаланылып жатыр. Тұрғындар алдағы уақытта жүйе бітеліп, мәселе туындауы мүмкін деп отыр. Дегенмен әкімдік жобаның мемлекеттік сараптамадан өткенін, жүйелердің бойына сорғылар қойылатындықтан проблема болмайды дейді.

— Жоба мемлекеттік сараптамадан өткен. Мұның барлығы есеппен шыққан жобалар. Желілердің бойында бірнеше сорғы болады. Құбыр бойы бітелмейді. Сорғылардың күші жетеді, — деп пікір білдірді қала әкімінің орынбасары Тілек Махуов.

Жайық өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан Жұлдыз-1, Жұлдыз-2, Ақсай, Ақжар сынды елдімекендерге жүргізілетін желілер Талқайраң ықшамауданында салынып жатқан диаметрі 400-500 мм-лік негізгі кәріз желісіне қосылады. Ал Сарықамыс ықшамауданына жүргізілетін желі Лесхоздағы кәріз сорғы станциясымен байланыстырылады.

Шенеуніктер барлық жобаны іске асыруға қажетті қомақты қаржының бір жылда бөлу мүмкін емес екенін, жұмыс бекітілген жоспар бойынша кезең-кезеңімен іске асатынын айтты. Кем дегенде 4-5 жыл уақыт керек дейді қала басшылығы.

Бүгінде Атырау қаласы бойынша қолданыста 300 шақырымға жуық кәріз желісі бар. 80-ге жуық кәріз сорғы станция жұмыс істейді. Оның 45-і жаңғырту мен жөндеуді қажет етеді. Былтыр жетеуі жаңартылса, биыл мұндай жұмыс 7 стансада жүріп жатыр.

— Кәріз желілерін санация әдісімен тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 3 кезең 33 шақырымды қамтиды. Бұл жұмыс нәтиже беріп жатыр. Жоспар бойынша істелу керек жұмыстың 45 пайызы аяқталды, — деп толықтырды Атырау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Махуов.

Бұған дейін Атырау қаласындағы «Мирас», «Жұлдыз-2», «Сарықамыс», «Жұмыскер», «Өркен», «Көктем» секілді бірнеше ықшам аудан тұрғындары ондаған жыл бойы жерасты суының зардабын шегіп отырғанын жазған едік.

Жаңбыр мен қар жауғаннан кейін жерасты суы көтеріліп, жер бетіне шығып, халықты әбігерге салады. Салдарынан жер үйлердің іргетасы отырып, қабырғаларда жарық пайда болған. Осылайша, тұрғын үйлерге қауіп төніп отыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Сәуір 2026 15:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see145

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see142

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see141

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see140

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see134

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see132

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see132

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see130

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see129

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see129

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see127

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see127

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see126

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see125

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see122

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see121

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see119

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары