Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Ұлттық жобаға цифрлық теңге қолданылады

Ұлттық жобаға цифрлық теңге қолданылады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында цифрлық теңге қолданылуы мүмкін.

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы мәлімдеді. Тимур Қосымбаев цифрлық теңге қаржының қозғалысын ашық әрі тиімді бақылауға мүмкіндік береді дейді. Яғни жобаға бөлінетін барлық қаражат цифрлық теңге арқылы белгіленсе, әрбір теңгенің қайда және қалай жұмсалғаны анық көрінбек.

Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 13,5 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл қаржы тозығы жеткен жүйелерді жаңғыртуға жұмсалмақ. Қазір бастама Ұлттық банкпен бірлесе талқыланып жатыр.

Тимур Қосымбаев, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы:

- Ұлттық жобаға бөлінетін барлық қаражат цифрлық теңге арқылы «таңбаланып» отырады. Бұл жүйенің басты артықшылығы – толық айқындық. Қаражаттың қозғалысын: тапсырыс берушіден мердігерге дейінгі бүкіл тізбекті бақылауға болады. Осылайша, делдалдар араласпай, қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету және қызмет құнын негізсіз өсіруге жол бермеу мүмкіндігі туады.

«Цифрлық теңгені енгізу мемлекеттік есептердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни валютаны бағдарламалау технологияларының арқасында Ұлттық Банк қаражаттың қайда жұмсалатынын бақылай алады. Бұл сыбайлас жемқорлықпен және ақшаны жылыстатумен күресуге көмектеседі», - дейді мамандар.

Айгерім Бабағали, ҚҰБ «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ Цифрлық теңге жүйесі басқармасының бас қызметкері:

- ЦТ арқылы есептеулерді жеделдету және жеңілдету – шығындарды азайтып, қаржылық операциялардың тиімділігін арттыруы мүмкін. Ашықтық пен анонимділік арасындағы тепе-теңдік. Таңбалау және оны автоматты түрде алу тетігінің болуы азаматтардың анонимділігіне нұқсан келтірмей, банк құпиясын сақтай отырып мемлекеттік төлемдердің мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Иә, цифрлық теңгенің мемлекет үшін артықшылығын түсіндік. Енді бұл қарапайым тұрғындарға не береді? Айталық валютаның ел азаматтарына пайдасы төлемдер мен аударымдар одан да қолжетімді бола түседі. Екіншіден тұлғалар зейнетақы, жәрдемақы және басқа да мемлекеттік төлемдерді тезірек ала алады. Делдалдардың болмауына байланысты трансшекаралық аударымдар одан да жылдам әрі арзан болады. Сондай-ақ жеке код бойынша әрбір теңгенің қозғалысын қадағалау оңай, яғни ақша жоғалған жағдайда оларды табу қиынға соқпайды. Бұл есептеулер одан да қауіпсіз болады деген сөз.

Цифрлық теңгенің артықшылықтары:
1. Төлемдер мен аударымдар қолжетімді

2. Зейнетақы, жәрдемақы және басқа да мемлекеттік төлемдер тезірек жүзеге асады

3. Трансшекаралық аударымдар жылдам әрі арзан

4. Инновациялық қызметтер пайда болады

5. Есептеулер одан да қауіпсіз болады

Айгерім Бабағали - ҚҰБ «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ Цифрлық теңге жүйесі басқармасының бас қызметкері:

- Жүйенің қауіпсіздігі бірнеше деңгейде қамтамасыз етіледі.

1. Банк деңгейі: екінші деңгейлі банктер орындайтын операциялар заманауи шифрлау мен қолжетімділікті бақылау технологиялары арқылы қорғалады.

2. Инфрақұрылым деңгейі: платформаның тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде серверлердің физикалық қауіпсіздігі мен жүйенің ақауға төзімділігіне ерекше мән беріледі.

3. Сервистік деңгей: цифрлық теңгемен жұмыс істейтін барлық сервистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл рұқсатсыз қол жеткізу мен кибершабуыл қаупін барынша төмендетуге бағытталған.

4. Мониторинг және әрекет ету

Цифрлық теңгенің бірінші транзакциясы 2023 жылдың 15 қарашасында өтті. Бірақ қазір жоба тестілеуден өтуде, сондықтан тек мемлекеттік сатып алулар мен әлеуметтік төлемдер саласында жұмыс істейді. Ұлттық банк мамандарының айтуынша, оны жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:228
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 13:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары