Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция Қазақстанның кемелденген мемлекеттігін көрсетеді

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция Қазақстанның кемелденген мемлекеттігін көрсетеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында сөз сөйледі. Ол жаңа Конституция жобасының негізгі ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Өз сөзінде Мемлекеттік кеңесші Конституцияның мазмұндық мәнін ерекше атап өтті. Өйткені дәл осы Конституция елдің қоғамдық дамуының негізгі құндылықтарын, қағидаттары мен бағдарларын айқындайды.

Ерлан Қариннің айтуынша, Негізгі заң мәтінінің 84 пайызына өзгерістер енгізілсе де, шешуші мәнге ие нәрсе – Конституцияның жаңа тұжырымдамалық мазмұны.

«Бұған айқын дәлел – Преамбула. Мұнда бұрынғы мәтінді жеңіл түзету туралы сөз болып отырған жоқ. Комиссияның талқылауына ұсынылған нұсқа Мемлекет басшысының жақында жарияланған бағдарламалық тезистеріне негізделіп әзірленді. Мағынасы мен ішкі рухы жағынан бұл түбегейлі жаңа Преамбула», деді Мемлекеттік кеңесші.

Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланды. Ал бірлік пен келісім, этносаралық және конфессияаралық татулық Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде айқындалды.

Конституцияның преамбуласы толық жаңартылады

«Соңғы жылдары қоғамдық сананың ажырамас бөлігіне айналған Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітіліп отыр», деп атап өтті Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, Конституцияның кіріспе бөлімінде Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи жолы мен өркениеттік бастаулары алғаш рет нақты көрсетілген.

«Қысқасы, бұл жекелеген сөйлемдерді немесе тыныс белгілерін өзгерту емес. Жаңа Преамбула біздің тарихи тамырымызды құндылық ретінде айқын көрсетіп, қазіргі даму кезеңінің негізгі қағидаттарын нақты бекітеді әрі болашаққа бағыт береді», деді Мемлекеттік кеңесші.

Жаңа Конституцияның мазмұндық ерекшеліктеріне тоқтала келе, ол Ата Заңның жаңа мәтініндегі басты идея ретінде білім мен ғылымды, мәдениет пен инновацияны атады.

Конституциялық комиссия: Қазақстан аумағының тұтастығы туралы норма өзгеріссіз қалады

Бұл – мемлекеттің болашағы табиғи ресурстармен емес, адам капиталымен және азаматтардың жетістіктерімен айқындалатынын көрсететін түбегейлі бетбұрыс екенін атап өтті.

«Осылайша жаңа Конституция мәтіні «Мемлекет не үшін және кім үшін құрылған?» деген сұраққа жауап береді деп ойлаймын», деді Ерлан Қарин.

Маңызды мәндік бағыттардың бірі – цифрландыру. Осыған байланысты жаңа Конституция мәтінінде алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы бекітілді.

«Яғни бүгінгі күні жеке деректерді қорғау адам құқықтарын қорғаудың жаңа деңгейі ретінде айқындалып отыр. Бұл Конституцияның болашаққа бағытталғанын көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, келешекте біздің Ата Заңымыз басқа елдер үшін үлгі бола алады», деді Мемлекеттік кеңесші.

Сондай-ақ ол жаңа Конституция мәтінінің тағы бір басты ерекшелігі – адам құқықтарына басымдық берілуі екенін атап өтті. Адам құқықтары мен бостандықтары жаңа Преамбулада ғана емес, бүкіл Конституцияның мәндік өзегі ретінде бекітілген.

«Адам құқықтары мен бостандықтары туралы бөлім жай декларациялар жиынтығы емес, жаңа құқықтық тетіктер мен кепілдіктермен қамтамасыз етілген тұтас жүйеге айналды», деді Ерлан Қарин.

Атап айтқанда, жаңа Конституция мәтінінде адвокатура мен адвокаттық қызметке арналған арнайы бап алғаш рет бекітілді. Бұл – адвокаттар қауымдастығының көптен бергі әрі негізді сұранысына берілген жауап.

Конституциялық реформа: Ата заң мәтінінің 84%-ы өзгереді

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, жаңа Конституция жобасында ел азаматтарының қоғамдық санасындағы терең өзгерістерді көрсететін жаңа қоғамдық құндылықтар да нақты белгіленген.

«Қоғамның осындай сұраныстарының бірі – дін мен мемлекеттің нақты ажыратылуы. Жаңа Конституция мәтінінде мемлекеттің зайырлы сипаты біржақты түрде бекітілген», деді Ерлан Қарин.

Сонымен қатар білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің зайырлы сипатын бекітетін жаңа норма енгізіледі.

Бұдан бөлек, неке – ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы екені алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілді.

«Бұл шешім дәстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға бағытталған. Сонымен қатар әйелдер құқықтарын қорғауды күшейтеді, бұл соңғы жылдардағы өзекті әлеуметтік сұраныстардың бірі. Дәстүрлі құндылықтарды қорғау адам құқықтарын шектемейді, керісінше олармен үйлесімді түрде ұштасады», деді Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қарин сондай-ақ ескірген терминологиялық аппарат мәселесі кешенді түрде шешілгенін атап өтті. Өйткені қолданыстағы Конституция 1995 жылы, Қазақстанның қалыптасу кезеңінде қабылданып, сол уақыттың терминологиясы мен риторикасын қамтыған.

Ол бұрын қолданылған «мемлекеттік қауіпсіздік», «телеграф» секілді ұғымдардың бүгінгі күні анахронизмге айналғанын мысалға келтірді.

Сонымен бірге Мемлекеттік кеңесші қолданыстағы Конституцияның Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен тарихи дамуындағы маңызын ешкім жоққа шығармайтынын атап өтті.

«Керісінше, қолданыстағы Конституция еліміздің дамуына зор серпін беріп, бүгінгі жетістіктеріміздің негізіне айналды», деді ол.

Сонымен қатар жаңа Конституция мәтіні қалыптасқан мемлекеттілікті, халықаралық беделді, адам капиталына, білімге, ғылым мен инновацияға басымдық беретін, болашаққа нық қадам басқан Қазақстанды айқындайтынын атап өтті.

«Қысқасы, жаңа Конституция мәтіні еліміздің тек алға ұмтылған үлкен жоспарлары мен биік амбицияларын көрсетуі тиіс», деп түйіндеді Ерлан Қарин.

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары