Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ескірген атаулардан арылатын кез келді

Ескірген атаулардан арылатын кез келді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Сурет: anatili.kazgazeta.kz

Осылардың ішінде әсіресе Халтуриннің есімі назар аударуға тұрарлық. Ресейдің өзінде бұл атау көптеген қала мен көше атау­ларынан әлдеқашан алынып тасталған. Мәселен, Киров облысындағы Орлов қаласы 1923 жылдан бастап Халтурин деп аталып, 1992 жылы тарихи атауына қайта ие болды. Санкт-Петербург пен Украинадағы бірқатар елді мекендегі Халтурин атындағы көшелердің атауы да өзгертілген. Ал елімізде, соның ішінде Солтүстік Қазақстанда, мұндай атаулар әлі күнге дейін сақталып отыр.

Мәдениет, архив ісі, ономас­тика және тілдерді дамыту бас­қар­масының басшысы Досбол Әбдірайысов ведомствоның алқа мәжілісінде мұндай атауларды ауыстыру жұмысына 2026 жылдан бастап біртіндеп кірісу қажеттігін айтқан. Шынында да, тарихи және ұлттық құндылықтарға негізделген атау­ларды жаңғырту мәселесін кейінге қалдыра беруге болмайды. Әрине, барлық атауды бір мезгілде өзгерту мүмкін емес. Бірақ бұл бағыттағы жұмысты кезең-кезеңімен бастауға әбден болады.

Облыс әкімдігінде Қ.Нағма­нов, Қ.Есімханов, Д.Ахметов сияқты азаматтар басшылық қызметте болған жылдары Ленин, Сверд­­лов, Куйбышев, Киров, Кали­нин және басқа да кеңестік идео­логияға қатысты атаулар өзгер­тілді. Алайда содан кейін бұл үрдіс жалғасын тапқан жоқ. Кейін­гі жылдары ауылдық елді мекендердегі жекелеген көше­лердің атауы мен үш ауыл­дың атауы ғана өзгерген. Олар да облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығметов қызмет еткен жылдары жүзеге асқан.

Мұндай өзгерістерді жасау­ға 1997 жылы 11 шілдеде қабыл­данған «Тіл туралы» заңның және оған өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізген 2013 жыл­ғы 21 қаңтардағы заңның тіке­лей кедергісі жоқ. Яғни қолда­ныстағы заңнама аясын­да бұл жұ­мысты жүзеге асыруға мүм­кін­дік бар. Мәселе, ең алдымен, жергілікті атқарушы биліктің белсенділігі мен саяси ерік-жігеріне байланысты.

Өкінішке қарай, кей жағдай­да жергілікті басшылардың бас­тамасы мен батылдығы жетіс­пей жатады. Бір жолы Астана – Петропавл тасжолының бойын­дағы Чапай ауылының атауын өзгертіп, тарихи Ақбас атауын қайтару жөнінде ономастикалық комиссия шешім қабылдаған болатын. Оны аудандық мәсли­хат та бекітіп, ендігі кезекте мәсе­ле облыстық мәслихаттың қарауына ұсынылған. Алайда сол кезде Чапай ауылының жерін жалға алып отырған «Зен­ченко и К» ком­паниясының басшысы Г.Зенченко қарсылық білдірген. Осыдан кейін облыс­тық мәслихаттың сол кездегі басшылығы мәселені күн тәртібінен алып тастаған.

Осындай жағдайлардан кейін ономастикалық комиссияның жұмысы да баяулап қалғандай әсер қалдырады. Қазір комис­сияның отырысы жылына бір-екі рет қана өтетін жағдайға жеткен.

Ауылдық елді мекендер мен көше атауларын өзгерту кезінде алдымен тұрғындардың пікірін ескеру керек деген талап бар. Бұл талаптың өз қисы­ны болғанымен, оны жүзеге асырудың қазіргі тәртібі кейде тарихи атауларды жаңғырту ісіне кедергі келтіреді. Себебі кеңестік кезеңді аңсайтын азаматтар ескі атауларды сақтап қалу мақсатында қарсылық танытып, тұрғындарды өз жағына тартуға тырысатын жағдайлар кездеседі. Мұндайда мәселе тари­хи немесе ұлттық мүдде тұрғы­сынан емес, жекелеген топтардың ұстанымы негізінде шешілуі мүмкін.

Сондықтан заңнамадағы осы талапты қайта қарау қажеттігі туындап отыр. Атау өзгерту мәселе­сін жергілікті билік та­ғайын­дайтын, құрамында өлке­тану­шылар, тарихшылар, жур­налис­тер мен мәслихат депутаттары бар ономастикалық комис­сияның кәсіби әрі жауапты шешіміне беру тиімді болар еді. Комиссия идеологиялық тұрғыдан ескірген және елдің қазіргі мемлекеттік саясаты мен ұлттық құндылықтарына сәйкес келмейтін атауларды кезең-кезеңімен жаңғырту жөнінде нақты жоспар әзірлеуі қажет.

Әрине, барлық атауды бірден өзгерту мүмкін емес. Бірақ жыл сайынғы жоспар жасап, жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға болады. Ең бас­тысы, бұл бағыттағы іс бірер бас­тамамен шектелмей, тұрақты мемлекеттік саясатқа айналуы керек.

Елді мекендер мен көше атауларына бейтарап атау табамыз деп табиғат көріністері, жер-су немесе жауын-шашын атау­ларын жаппай қолдана беру­дің де қажеті жоқ. Оның орны­на еліміздің тәуелсіздігін аңса­ған, сол жолда тер төккен, ұлт бола­шағы үшін күрескен тарихи тұл­ғалардың есімдерін ұлықтауымыз керек.

Мәселен, Петропавл қаласын­да әлі күнге дейін «Ақ үй» сияқты тарихи ескерткіш-мекені бар Абылай ханның атымен аталатын бірде-бір көше жоқ. Бұл – ой­ланатын мәселе. Алаш қозға­лысының көшбасшылары Әли­хан Бөкейхан мен Міржақып Дулат­ұлының, Петропавлда біраз жыл тұрып, қызмет еткен, Мағжан Жұмабаевқа сабақ берген Міржақыптың, сондай-ақ ұлт ардақтыларының арман-мұратын кеңестік кезеңнің өзінде қолынан келгенше жүзеге асыруға тырысқан жерлесіміз Смағұл Сәдуақасовтың есімдерін ұлықтауға да тиісті деңгейде мән берілмей келеді.

Смағұл Сәдуақасұлының  125 жыл­дығы Оқушылар сарайын­да республикалық деңгейде ата­лып өткен кезде, белгілі алаш­танушы, академик Дихан Қамза­бекұлының ұсынысымен сарайға Смағұл Сәдуақасұлының есімін беру туралы бастама көтеріліп, оған қатысушылар тарапынан бір­ауыздан қолдау білдірілген еді. Алайда бұл ұсыныс та әзірге жү­зе­ге аспай, орнынан қозғалмай тұр.

Тарихи атауларды жаңғырту – жай ғана көше немесе ауыл атауын өзгерту емес. Бұл – ұлттық тарихи сананы қалыптастырудың, елдің идеологиялық кеңістігін тәуелсіздік құндылықтарына сәйкестендірудің бір жолы. Сон­дықтан ономастика мәселесіне тек техникалық немесе әкімшілік шаруа ретінде қарауға болмайды. Бұл – мемлекеттің тарихи жады мен ұлттық болмысына тікелей қатысты мәселе.

Егер ішкі идеологиялық сая­сатымызды нықтамасақ, ұлт­тық тарихи жадымыздағы олқы­лықтар көбейіп, қоғамдағы алауыз­дықты туғызатын мәсе­лелер де тереңдей беруі мүмкін. Сол себепті тарихи әділетті­лікті қалпына келтіруді, ұлттық құндылықтарды дәріп­теуді, елді мекендер мен көшелерге лайықты атау беруді жүйелі түрде қолға алатын уақыт жетті.

ПЕТРОПАВЛ 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 08:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары