Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ғалым Думан Жекеновтың Орталық Азия мұраты атты ғылыми монографиясы жарық көрді

Атырауда қызылша ауруларына қарсы күреске 106 млн теңге бөлінген

Wolt Өзбекстан мен Жапониядағы қызметін тоқтатты

Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді

Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті

Атырауда интернет алаяқтыққа қарсы орталық ашылды

Жамбыл облысында жұмыс берушінің кесірінен шетелдік ерлі зайыптылар сот залынан бір ақ шықты

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді

Бразилиядағы нөсер жауын салдарынан мерт болғандар саны 30 ға жетті

Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті

Реал Мбаппесіз ойнады: Бенфикаға қарсы матч қалай өтті?

Нимесилді жиі қолдану қаншалықты қауіпті және ол Еуропада неге сатылмайды

Сандық алгоритм сананы шектейді

Cу тасқыны: туристерге Балидің кейбір аймақтарына бармау жөнінде ескертілді

Linkin Park әні қазақы нақышта: Ұлттық ұлан хоры ресейлік шоуды шулатты

Қазақстан азық түлік инфляциясы ең қатты соққы беретін он елдің қатарында

Биыл 102 мың адам субсидияланатын жұмыс орнына орналасады

Атыраудағы қылмыстық іс: күдіктілерді Индонезиядан экстрадициялау аяқталуға жақын

Билл Гейтс Эпштейнмен байланысы үшін кешірім сұрады

Жаңа Ата заңда адам сөзі 76 рет кездеседі: Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігін атады

Көшке қамшы басар кез келді!

Көшке қамшы басар кез келді!

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Халқымыздың жалпы саны жылдан-жылға көбейе түскеніне қуанғанымызбен, солтүстік, шығыс облыс тұрғындарының қатары сиреп бара жатқаны алаңдатпай қоймайды. Бірінен соң бірі жабылып жатқан ауылдардан жайлы тұрмыс іздеп үдере көшкен жұрттың ойсыраған орнын шетел мен жұмыс күші артық өңірлерден келіп жатқан қандастар мен қоныс аударушылар толтыра алар емес.

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»

Қилы заманда қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған басқа этнос өкілдері еліміз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында тарихи Отанына жаппай қоныс аударып, халқымыздың саны едәуір азайып қалғанда шетел­ден атамекенге бет түзеген ағайын­ның ұлы көші нашарлап кеткен демографиялық ахуалды айтар­лықтай жақсарт­қан еді. Сол қан­дастардың бірі – Өзбекстанның Науаи облысы Тамды ауданынан Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына ат басын тіреген кәсіпкер Жаңабай Пірманов.

«Қазақ елі тәуелсіздік алғанына бөркімді аспанға ата қуанып, ата­жұртқа оралуға бекіндім де, баяғы Асанқайғы бабамызша, жер таңдау мақсатымен жолға шықтым. Атақонысымыз Қызыл­орда облысының Қармақшы ауда­ны бол­ғанымен, талай өңірді аралап, ақыры Ақан сері бабамыз әсем әнімен әлдилеген, табиғаты ғажап Айыртау бау­райына табан тіреуді ұйғардым. Сөйтіп, 1996 жылы турист атаулының таңдайын қақтыратын атақты Шалқар көлінің жағасындағы Айыртау ауылына отбасыммен бірге көшіп келдім. Ол уақыт мемлекеттік көші-қон бағдарламасы әлі қабыл­данбаған, қандастарға ешқандай қаржылық көмек көрсетілмей­тін кез еді. Бірақ мен ешкімнен жәр­дем күтпей, адал еңбегім­мен тір­нектеп жинаған азын-ау­лақ қара­жатыма үй мен мал сатып алып, өз тірлігімді жа­сауға кірістім. Ең қиынға соққаны – азаматтық алу жолында төрт жылдай сергелдеңге түскенім. Онсыз бастаған ісімді өрге бастыру мүмкін емес еді. Азаматтық алысымен ойымда жүрген фермер­лік шаруашылығымды тездетіп рәсімдеп, оған өзім туып-өскен жерім Тамдының атын бердім. Менің соңымнан осы Айыртау ауылына ағайын-туғанымнан 32 отбасы түгел көшіп келді. Әр үйде кемінде төрт-бес бала болғандықтан, жергілікті орыс мектебінде қазақ сынып­тарын аштырдық. Біздің осы жақ­тағы тұрмыс-тіршілігіміз түзелгенін есті­геннен кейін Тамдыдағы қазақтардың тағы 70-тен астам отбасысы лек-легімен осы Айыртау ауданына қоныс аударды», деп еске алады Ж.Пірманов.

Осылайша, ол жүзден астам отбасы­ның Қызылжар өңіріне қоныс аударуына ұйытқы болып, бәрінің арқасүйер тірегіне айналған.

Еліміз өтпелі кезеңдегі эконо­мика­лық дағдарысты еңсерген соң Үкімет белгілеген квотамен ата­жұртқа оралған қандастарға, 2017 жылдан бері жүзеге асырылып жатқан жұмыс күші артық өңірлердің тұрғындарын жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті қо­ныс аудару бағдарламасына қаты­сушыларға мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, биылғы жылы көшіп келуге – отбасының әр мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) сомасында (302 750 теңгеден), тұрғын үйді жал­ға алуға, коммуналдық қызметтерге – 12 ай бойы отбасы құрамы мен орналасқан елді мекенге байланысты 15–30 АЕК аралығында (64 875 теңгеден 129 750 теңгеге дейін) қаражат төленеді. Ал тұр­ғын­жай сатып алуға арналған эконо­ми­калық мобильдік сертификаты арқы­лы 1 625 АЕК (7 млн 29 мың теңге) бөліне­ді. Бұл сома баспана құнының 50%-ын жа­бады, қалған бөлігін қандастар мен қоныс ауда­рушылардың өздері төлеуге тиіс.

Бұған қоса, кейінгі жылдары үкіметтік квота да біршама көбейтілді. Оның саны 2022 жылы – 8 086 адам, 2023 жылы – 8 929 адам, 2024 жылы – 9 483 адам, 2025 жылы 9 653 адам болды. Биыл 8 278 қан­дас пен қоныс аударушыны қабылдау көз­деліп отыр. Әрине, бұл демография саласындағы «жыртықты жамауға» жет­пей­ді. Ұлттық статистика бюросының мәлі­метіне қарағанда, қоныс аудару бағ­дар­л­амасы жүзеге асырылған 8 жыл ішін­де тұрғындар саны Абай облысында – 48 946 адамға (2017 жылғы 651 778-ден 2025 жылдың басында 602 832-ге дейін), Қостанай облысында – 52 746 адамға (878 415-тен 825 669-ға дейін), Пав­ло­дар облысында – 5 581 адамға (756 599-дан 751 018-ге дейін), Солтүстік Қазақстан облысында –  40 412 адамға (562 583-тен 522 171-ге дейін), Шығыс Қазақстан облысында 12 842 адамға (736 809-дан 723 967-ге дейін) азайған. Тұтастай алған­да, солтүстік, шығыс өңірлері тұр­­ғындары­ның қатары 160 527 адамға кемі­ген. Мұның негізі себебі – көші-қонның теріс сальдосы қалыптасқанында, кісі өлімі көбейіп, бала туу көрсеткіші төмендегенінде.

Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігінің ақпа­рына сүйен­сек, қоныс аудару бағдарламасын іске асыру бастал­­ғаннан бері еңбек ресурсы жеткі­лік­с­із өңірлер 66,2 мың адамды қабыл­даған. Олардың 3,6 мыңы немесе 6%-ы барған жерлерінде тұрақ­тамай, бұрын тұрған өңір­леріне қайтып оралған. Бірақ осы ақпараттың шынайылығы күмән тудырады. Себебі көші-қон саласында заң бұзушылық аз емес. Бұрнағы жылы Бас прокуратура жалған құжаттар жасау арқылы азаматтарды жалған қоныс аудару жолымен 1 млрд теңгеден астам қаржы талан-таражға салынғанын әшкерелеген. Өздерінің туып-өскен өңірлерінде тұрып жатқан адамдар қоныс аударушылар ретінде есепке алынған, ал құжаттар төмен бағамен сатып алынған, көрінеу тұруға жарамсыз немесе апатты тұрғынжайларға рәсімделген. Кей азаматтар өздерінің қағаз жүзінде «қоныс аударғанын» білмеген де болып шыққан.

Өңірлердің демографиялық дамуын­дағы елеулі алшақтықты жоюға мүдделі мемлекеттік органдар аса ынта салып отыр­маған сияқты. Оған айғақ ретін­де Ұлттық экономика министрлігі әзір­­леп, өткен жылғы тамызда Үкі­мет қаулы­сы­мен бекітілген  еліміз­дің өңірлік да­муы­ның 2025–2030 жылдарға арналған тұжы­рым­дамасында алдағы уақытта тұр­ғын­­­дар саны Абай облысында 581,7 мыңға дейін, Қостанай облысында 792 мыңға дейін, Павлодар облысында 728,9 мыңға дейін, Солтүстік Қазақстан облысында 488,2 мыңға дейін, Шығыс Қазақстан облысында 695,4 мыңға дейін азаяды деген болжам келтірілгенін айтуға болады.

Президент Қ.Тоқаев 2021 жылғы Жол­дауында: «Ел ішіндегі еңбек күшінің ұтқыр­лығы мәселесіне қатысты да жаңа ұста­нымдар қажет. Өз бетінше бизнес­пен айна­лысқысы келетіндердің де көшуі­не жағдай жасаған жөн. Көшіп кел­ген азаматтарға үй салу ғана емес, ауыл ша­руашылығымен айналысу үшін де жер телімдерін беру мүмкіндігін пысық­тау керек», деген еді. Алайда осы бағыт­та орталық, жергілікті атқарушы орган­дар тарапынан пәрменді шаралар қабыл­данған жоқ. Бұл ретте жоғарыда сөз бол­ған Жаңа­бай Пірманов сынды елжан­ды азамат­тардың бастамасын жан-жақты қолдау қажет. Әсіресе, қазір оңтүстік өңірлерде жайылымдық жер жетіспеушілігіне, кейінгі жылдардағы қуаңшылыққа байланысты теріскейге қоныс аударуды ойлап жүрген кәсіпкер­лер барын ескерген жөн.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылдың аяғында қабылданған еліміздің 2030 жылға дейінгі көші-қон сая­саты тұжырым­дамасында ішкі қоныс аударушылар мен қандастарды қолдауға ерекше назар аударылатыны атап көрсетілді. Өңірлік даму тұжырымдамасында көз­дел­ген шекара маңындағы аумақтар­ды дамыту шаралары да теріскей өңірлердегі көптеген ауылды қайта өркендетуге септігін тигіз­бекші. Нақты айтсақ, аталған аумақтардағы елді мекендердің тұрғындарының бизнес-бастамаларын қолдауға гранттар беру, жалақысына үстемеақы енгі­зу мәселесі, төтенше таби­ғи-климат­тық жағдай­лары бар шал­ғай шекара маңындағы аудандардың тұрғын­дарының еңбек өтілін есептеудің ерекше нормалары қарастырылмақшы. Премьер-министр шекара маңындағы ауыл­дарды дамыту мақсатында олар­дың әрқайсына бизнес субъек­тілерін, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, жер қой­науын пайдаланушыларды бекі­ту тура­лы тапсырма да берген.

Түйіндей айтқанда, Үкімет «Бос жат­қан жер жау шақыратынын» ескеріп, бұдан былай солтүстік, шығыс өңірлер тұрғындарының санын көбейтуге жете мән береді деп ойлаймыз.

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 7,3 млн теңгенің жерін алаяқтықпен сатқан экс-директор сотталды

Заң • Бүгін, 00:19

ҚМДБ: фолловер санын бот арқылы көбейтуге тыйым салынады

Қоғам • Кеше

Алматыда құны 300 млн теңгеден асатын институт мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы • Кеше

ЕАЭО-да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауар бажсыз жеткізіле береді

Сауда • Кеше

Тілсіз жау бір отбасын ойрандап кетті

Төтенше жағдай • Кеше

Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды

Заң • Кеше

Yenlik Colors ән жобасына қатысатын алғашқы қазақстандық әнші болды

Жасанды интеллект • Кеше

TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны 2 жылға сотталды

Қоғам • Кеше

Иран келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ АҚШ диалогқа дейін әрекет етуі мүмкін

Әлем • Кеше

Қонаевтың рухына тағзым етті

Тұлға • Кеше

Биыл Павлодарда 10 балабақша мен 13 мектеп жөндеуден өтеді

Құрылыс • Кеше

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: марқұм әйелдің соңғы аудиожазбасына қатысты жаңа дерек шықты

Қылмыс • Кеше

Ұлттық ұланның «BURKIT TEAM» командасы AMMA Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Әскер • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Президент • Кеше

Депутат өңдеу өнеркәсібінің проблемаларымен танысты

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:54
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 08:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ғалым Думан Жекеновтың Орталық Азия мұраты атты ғылыми монографиясы жарық көрді

25 Ақпан 2026 19:19see115

Атырауда қызылша ауруларына қарсы күреске 106 млн теңге бөлінген

26 Ақпан 2026 17:27see114

Wolt Өзбекстан мен Жапониядағы қызметін тоқтатты

25 Ақпан 2026 21:07see114

Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді

25 Ақпан 2026 18:58see112

Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті

26 Ақпан 2026 17:05see112

Атырауда интернет алаяқтыққа қарсы орталық ашылды

25 Ақпан 2026 18:12see111

Жамбыл облысында жұмыс берушінің кесірінен шетелдік ерлі зайыптылар сот залынан бір ақ шықты

25 Ақпан 2026 19:36see110

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді

26 Ақпан 2026 00:40see110

Бразилиядағы нөсер жауын салдарынан мерт болғандар саны 30 ға жетті

26 Ақпан 2026 00:18see110

Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті

26 Ақпан 2026 16:07see109

Реал Мбаппесіз ойнады: Бенфикаға қарсы матч қалай өтті?

26 Ақпан 2026 13:35see109

Нимесилді жиі қолдану қаншалықты қауіпті және ол Еуропада неге сатылмайды

25 Ақпан 2026 17:44see108

Сандық алгоритм сананы шектейді

26 Ақпан 2026 04:54see108

Cу тасқыны: туристерге Балидің кейбір аймақтарына бармау жөнінде ескертілді

26 Ақпан 2026 16:00see107

Linkin Park әні қазақы нақышта: Ұлттық ұлан хоры ресейлік шоуды шулатты

25 Ақпан 2026 19:15see107

Қазақстан азық түлік инфляциясы ең қатты соққы беретін он елдің қатарында

26 Ақпан 2026 16:39see105

Биыл 102 мың адам субсидияланатын жұмыс орнына орналасады

26 Ақпан 2026 16:00see105

Атыраудағы қылмыстық іс: күдіктілерді Индонезиядан экстрадициялау аяқталуға жақын

26 Ақпан 2026 16:16see104

Билл Гейтс Эпштейнмен байланысы үшін кешірім сұрады

25 Ақпан 2026 21:07see104

Жаңа Ата заңда адам сөзі 76 рет кездеседі: Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігін атады

26 Ақпан 2026 16:07see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары