Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Этномедиация этносаралық келісімді нығайтудың тиімді тетігі

Этномедиация этносаралық келісімді нығайтудың тиімді тетігі

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Этномедиация – этникалық негізде туындайтын қақтығыстардың алдын алуға, оларды реттеуге және жанжалдан кейінгі ахуалды тұрақтандыруға бағытталған медиацияның мамандандырылған бағыты. Бұл сала тек дауларды шешумен шектелмей, ұжымдық бірегейлік, мәдени ерекшеліктер, тарихи жады және қоғамдық көңіл күй сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтиды. Этномедиацияның негізгі мақсаты – туындаған жанжалды шешу ғана емес, ең алдымен диалог пен профилактикалық жұмыстар арқылы оның алдын алу, сондай-ақ жанжалдан кейінгі кезеңде шиеленісті төмендетіп, жағымсыз салдарды еңсеруге ықпал ету.

Қазақстандағы этномедиацияның институционалдық дамуы «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы өңірлік этномедиация орталықтары мен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығының қызметімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта елімізде республикалық және өңірлік деңгейлерді қамтитын 21 этномедиация орталығы және 21 этномедиация кеңесі жұмыс істейді. 2023 жылдан бастап ҚЭЗИ жанындағы Этномедиация орталығы мамандарды даярлау, әдістемелік сүйемелдеу және этносаралық қақтығыстардың алдын алу бағытындағы практикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Соңғы жылдардағы маңызды жетістіктердің бірі – кәсіби этномедиаторлар корпусын қалыптастыру болды. 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша арнайы тізілімге 432 этномедиатор енгізілген. Жүйе үш деңгейлі қағида бойынша құрылған: республикалық деңгейдегі 54 сарапшы, өңірлік деңгейдегі 133 маман және жергілікті деңгейдегі 245 этномедиатор. Мұндай құрылым ұлттық деңгейдегі сараптамалық қолдау мен өңірлердегі жедел әрекет етуді тиімді ұштастыруға мүмкіндік береді.

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Мамандарды даярлау семинар-тренингтер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 2023-2026 жылдар аралығында 16 оқыту іс-шарасы өткізіліп, оған 359 маман қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың, «Қоғамдық келісім» КММ-нің, білім беру ұйымдарының, үкіметтік емес сектордың, құқық қорғау органдарының өкілдері және кәсіби медиаторлар бар. Осындай пәнаралық құрам қақтығыстардың алдын алу мен оларды реттеуде кешенді тәсілді қамтамасыз етеді.

Этномедиацияның этносаралық келісімді нығайтуға қосатын үлесі ең алдымен профилактикалық қызметінен көрінеді. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген қақтығыстар бастапқыда тұрмыстық, әлеуметтік немесе экономикалық себептерден туындайды. Алайда уақыт өте келе олар этникалық сипатқа ие болуы мүмкін. Этномедиаторлардың басты міндеті – шиеленіс факторларын дер кезінде анықтау, жергілікті қауымдастықтармен жұмыс жүргізу және қақтығыстардың этностық сипат алуына жол бермеу. Осыған байланысты оқу бағдарламаларына тәуекелдерді ерте анықтау, қауесеттермен жұмыс істеу, бейресми көшбасшылармен өзара іс-қимыл және жанжал тудыратын нарративтердің алдын алу мәселелері енгізілген.

Толеранттылық мәдениетін қалыптастыруда да этномедиацияның орны ерекше. Қазіргі түсінікте толеранттылық басқа этностарға төзімділік танытумен ғана шектелмейді. Ол олардың мәдени ерекшеліктерін, құндылықтарын, дәстүрлерін және өз болмысын сақтауға деген құқығын мойындау мен құрметтеуді білдіреді. Бұл көзқарас толеранттылықтың дәстүрлі түсінігінен өзара құрмет пен әралуандықты қабылдауға негізделген жаңа үлгіге көшуді көрсетеді.

Осыған байланысты қазіргі этномедиация тек дауларды шешуге емес, сындарлы қарым-қатынас мәдениетін, өзара сыйластық пен қоғамдық диалогты дамытуға бағытталған. Семинарлар, консультациялар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл арқылы этномедиаторлар халықтың түрлі топтары арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді. Соның нәтижесінде бейбіт қатар өмір сүруге, ынтымақтастықты дамытуға және қоғамдық келісімді нығайтуға қолайлы орта қалыптасады.

Өңірлердегі практикалық жұмыстар этномедиация қызметінің маңызды бағыттарының бірі. 2023-2026 жылдар аралығында Этномедиация орталығы еліміздің әртүрлі өңірлеріне 29 профилактикалық және жанжалдан кейінгі іссапар ұйымдастырды. Осы сапарлардың қорытындысы бойынша этносаралық қатынастар саласындағы өңірлік саясатты жетілдіруге бағытталған талдамалық ұсынымдар әзірленді.

Этносаралық келісімге төнетін жаңа сын-қатерлердің бірі – цифрлық ортаның қарқынды дамуы. Әлеуметтік желілер ақпараттың, соның ішінде қауесеттердің, жалған хабарламалардың және арандатушылық сипаттағы жарияланымдардың таралуын айтарлықтай жеделдетті. Зерттеулер медиакеңістіктің әлеуметтік қақтығыстарға этностық сипат беріп, қоғамдық шиеленісті күшейтетін факторға айналуы мүмкін екенін көрсетеді. Осыған байланысты этномедиация қызметінің аясы біртіндеп кеңейіп, ақпараттық кеңістікті мониторингтеу, өшпенділік тілінің алдын алу және жауапты коммуникация мәдениетін дамыту бағыттарын қамтып отыр.

Қазақстанда этносаралық қатынастар тұрақты 

2023 жылдан бастап Этномедиация орталығы этномедиацияның негізгі құралдарына, қақтығыстардың бастапқы кезеңдерінде әрекет ету алгоритмдеріне, өшпенділік тілін анықтауға және этносаралық шиеленістің алдын алудың заманауи әдістеріне арналған төрт әдістемелік құрал әзірледі.

Сонымен қатар журналистерге, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне және блогерлерге арналған онлайн форматтағы оқыту іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл бағдарламалар аясында этносаяси сауаттылықты арттыру, кемсітушілік сипаттағы контенттің алдын алу, өшпенділік тіліне қарсы іс-қимыл, фактчекинг жүргізу және жауапты ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Мұндай жұмыстар этносаралық мәселелерді жариялау сапасын арттыруға, жауапты коммуникация мәдениетін дамытуға және қақтығыстардың ақпараттық кеңістікте ушығу қаупін төмендетуге ықпал етеді.

Этномедиацияны дамытудың келешегі негізінен білім беру моделінен этномедиаторлар желісін жүйелі басқару тетігіне көшумен байланысты. Бүгінде мамандардың мәртебесін институционалдық тұрғыдан бекіту, олардың практикалық қызмет аясын кеңейту, тиімділігін бағалау тетіктерін енгізу және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту өзекті міндеттердің қатарында.

Сондай-ақ цифрлық этномедиацияны дамыту маңызды бағыттардың бірі болмақ. Бұл онлайн-пікірталастармен жұмыс істеуді, жалған ақпарат пен манипуляциялық нарративтерді анықтауды, сондай-ақ интернеттегі жанжал туғызатын контенттің алдын алу және оны реттеу шараларын қамтиды.

Осылайша, бүгінде этномедиация тек қақтығыстарды реттеу құралы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық келісімді, өзара сенімді және толеранттылықты нығайтудың маңызды тетігіне айналып отыр. Кәсіби этномедиаторлар қауымдастығын қалыптастыру, алдын алу тәжірибелерін дамыту және жаңа цифрлық сын-қатерлерге бейімделу этномедиацияны Қазақстандағы этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етудің мемлекеттік әрі қоғамдық жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Фарида МҰСАТАЕВА,

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты

Этномедиация орталығының директоры

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Шілде 2026 17:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары