Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Аида Балаева: Референдум формалды процедура емес, ол халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі

Аида Балаева: Референдум формалды процедура емес, ол халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының жұмысы шеңберінде Жетісу облысы активімен кездесу өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шара жаңа Конституция жобасы мен алда болатын республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмысының бөлігі ретінде ұйымдастырылды.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева өз сөзінде реформаның саяси-әлеуметтік мәніне кеңінен тоқтала келе, Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен қолға алынған өзгерістер мемлекеттік басқарудың әділ, орнықты әрі тиімді моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Кең көлемді реформалар пакетінің басты ережелерінің бірі ретінде бір палаталы Парламенттің құрылуын тілге тиек етіп, бұл өз кезегінде институттардың жауапкершілігін күшейтіп, заңнамалық үдерісті жеделдете түсетінін айтты.

«Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы шешімі азаматтардың тікелей таңдауы арқылы тағдыршешті өзгерістерді бекітуге бағытталған маңызды демократиялық қадам деп есептеймін. Референдум – жай ғана формалды процедура емес, ол – стратегиялық маңызы зор шешімдерді қабылдауға халықтың тікелей қалысуының тиімді тетігі», деп атап өтті Аида Балаева.

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек жаңа жобаның әлеуметтік және құндылық тұрғысындағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, адамдар Конституцияны қауіпсіздік пен әділдіктің іс жүзіндегі кепілдігі ретінде сезінуге тиіс.

«Референдумда таңдау жасау – өз тағдырың үшін әрі мемлекеттің болашағы үшін жауапкершілік. Өйткені Конституция – мемлекеттің ғана емес, әрбір отбасының да қорғаны», деп атап өтіп, қоғамдық келісім мен ұлттық құндылықтарды нығайтудың маңызын еске салды.

Жаңа жобаны талқылау жиынына Мәжіліс депутаты Никита Шаталов, Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова, Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, Жетісу облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт қатысты.

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп жаңа Конституцияның маңызы мен мазмұны туралы ойымен бөлісті.

«Жаңа Ата заңның мазмұнында «Әділетті Қазақстан» идеясының арман-мұраты, мүмкіндіктері мен жауапкершілігі, сауалдары мен жауаптары көрініс тапқан. Ұсынылып отырған өзгерістердің терең мағынасы мен тарихи маңызын мен осыдан көремін», деп атап өтті ол.

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова неке институтын конституциялық тұрғыда нығайту мәселесін көтеріп, мемлекеттің құқықтық және қоғамдық негіздерін нығайтудағы аталған нормалардың маңызын тілге тиек етті.

«Некені ер мен әйелдің еркін әрі тең құқылы одағы ретінде конституциялық тұрғыда бекіту қоғам тарапынан қолдау тауып отырған неке моделін жоғары заңдық күші бар норма ретінде бекітуге, мемлекеттік органдардың құқық қолдану және профилактикалық қызметі үшін бірыңғай бағдар қалыптастыруға, некеге мәжбүрлеудің кез келген формасына қатысты нөлдік төзімділікті қамтамасыз етуге, отбасы институтын ұзақ мерзімді орнықты қазақстандық қоғамның негізі ретінде нығайтуға мүмкіндік береді», деп түсіндірді Ж.Ысқақова.

Жетісу облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт Парламент атауының Құрылтай болып өзгеруі жайындағы бастаманың маңызы туралы айта келе, оның тарихи әрі рухани терең мәніне назар аударды.

«Біз де Парламенттің Құрылтай деп аталуы туралы бастаманы жай ғана атын ауыстыру емес, тарихи тамырымызға қайту әрі ұлттық бірегейлікті бекіту ретінде қараймыз. Бұл – біздің мемлекеттілік дәстүрлеріміздің жаңғыруы мен дамуы», деді ол.

Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева жаңарған Ата заңның басты ережелеріне қатысты ойын білдіріп, мемлекеттің құндылықтық бағдарларын нығайту мәселесіне ден қойды.

«Әділдік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау Конституция деңгейінде тұңғыш рет бекітіліп отыр. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі Қазақстан халқы екені айқын жазылды. Басты идея – білімнің, ғылымның, мәдениет пен инновацияның, сондай-ақ адами капиталдың дамуына басымдықтың берілуі», деп атап өтті ол.

Кездесу соңында аймақтық актив тарапынан қатысушылар сұрақтарын қойып, түсіндіру жұмысы бойынша ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, азаматтардың референдумға қатысуының маңызын атап өтті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:217
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 20:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары