Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Су саясатын тиімді жоспарлау тетігі

Су саясатын тиімді жоспарлау тетігі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда су ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын құруды тапсырған еді. Су ресурстары және ирригация министрлігі іске қосуға тиіс Су ресурстарының ұлт­тық ақпараттық жүйесі елдегі гидрогео­логиялық бақылауды жүйелі жүргізуге әрі су ресурстарын тиімді басқаруға жол ашады.

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір құзырлы органдарда еліміздегі су ресурстарының қолжетімді көлемі туралы нақты мәлімет жоқ. Кейбір каналдағы судың 50–60 пайызы далаға кетіп жатыр. Суды есепке алу технологиясы да әбден ескірген. Суды бөліп тарататын орындар заманға сай құрылғыларға мұқтаж. Прези­денттің пікірінше, Су ресурстарының бірың­ғай цифрлық платформасының аталған күрмеу­лерді шешуде көмегі көп болмақ.

Цифрлық платформада жерүсті және жерасты сулары, гидро­техникалық нысандар мен басқа да су шаруашылығы объектілері туралы мәліметтер түгел жинақталады. Министрліктің дерегінше, платформа – елдегі су қорларын есепке алу, мониторинг жүргізу, талдау, басқаруға арналған бірыңғай цифрлық алаң. Бүгінде жүйе­нің 10 модулінің 8-і – дайын. Су айна­лы­мының негізгі бағыттарын қамтып отыр.

«Жүйе тек жекелеген өңірлермен шектелмейді: Шу – Талас, Тобыл  – Торғай, Ертіс, Балқаш – Алакөл, Есіл, Жайық – Каспий бассейндерін қамтиды. Жыл соңына дейін қалған екі бассейннің деректері енгізіліп, жоба толық іске қосылады. Осылайша, аймақтар ортақ стандартқа көшіп, су есебін жүргізу мен есеп беру ашық әрі бірыңғай форматқа өтеді. Жүйе мемлекеттік органдарға, су пайдаланушыларға және ғылыми ұйымдарға арналған бірыңғай сенімді дереккөзіне айналады. Нәтижесінде, су ресурстарын басқару кешенді және деректерге негізделген форматқа өтеді», деп түсіндірді министрлік.

Жаңа платформада жасанды интел­лектіге негізделген «Алдын ала болжам» жүйесі енгізіледі. Ол су тұтыну көлемін климаттық, гидрологиялық және агротехникалық факторларды ескере отырып, болжам жасайды. Сондай-ақ салалық чат-бот немесе цифрлық көмекші жұмыс істейді. Ол пайдаланушыларға талдамалық ақпарат пен ұсынымдарды интерак­тивті түрде ұсынады.

«Платформаны әзірлеу Еуразия­лық даму банкінің гранттық қаражаты есебінен жүзеге асып жатыр. Жобаны толық аяқтап, іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланған. Қазір Су ре­сурс­­­­тары министрлігіне қарасты Ақпа­раттық-талдамалық орталық бассейн инспекциялары мен «Қазвод­хоз» кәсіп­орнының қызметкерлері үшін жүйемен жұмыс істеу бойынша оқыту семинарларын өткізіп жатыр. Аз уақытта үлкен жұмыс атқардық. Әрбір азамат елі­міздің су ресурстары туралы ақпаратты ашық түрде көре алуға тиіс. Ол үшін күнделікті жүйелі жұмыс жүргізілуі керек», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Сатыбалдиеваның айтуын­ша, цифрлық жүйе су саясатын жоспарлаудың тиімді құралына ай­нал­­мақ.

«Шаруашылықтар мен кәсіпорын­дар платформа арқылы су қорының жағ­дайын үздіксіз бақылап, нақты ше­шім қабылдай алады. Су үнемдеу мә­дениеті де қалыптасады. Ол үшін «Ақыл­ды қала» технологияларын ауыл ша­руа­шылығында кеңінен қолда­ну керек. Ал су үнемдейтін зама­науи жаб­дықтар орнатқан шаруашы­лықтарға мем­­лекеттен нақты қол­дау – субсидия қарастырылғаны жөн. Кас­пийдің тар­­тылуы, мұнай қалдық­тарынан лас­та­нуы және балық түрінің азаюы – бәрі бір-бірімен байланысты күрделі мә­селе. Мұндай жағдайда Кас­пий маңы мем­лекеттері ортақ іс-қимыл жа­сап, су қо­­рын сақтау бағдарламасын бір­­­­лесе дайындағаны жөн», дейді Г.Сатыбалдиева.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары