Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

Шығыс жауһарлары жәрмеңкесі

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

Өтіп кете алмады: алматылық тұрғын 84 жастағы әжені тонаған адамның соңынан тұра ұмтылды

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

Су кодексі: Орталық Азия су саясатын қалай қалыптастырады

Су кодексі: Орталық Азия су саясатын қалай қалыптастырады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

2 миллиардтан астам адам тапшылық сезіп отыр

Адамзат жыл сайын шамамен 4 триллион текше метр су тұтынады, алайда ресурс тең бөлінбейді. Су қоры мол елдерде өзендер еркін ағып жатса, Африка мен Орталық Азияның кей аймақтарында әр тамшы су алтынмен тең.

Фото: видеодан алынған кадр

Статистикаға сәйкес, тұщы судың 8 пайызы тұрмыстық қажеттіліктерге, 60 пайызы ауыл шаруашылығына, 30 пайызы өнеркәсіп пен энергетика саласына жұмсалады. Мысалы, бір жеңіл автокөлікті шығару үшін 80-150 мың литр су кетсе, бір баррель мұнай өндіруге 2-7 мың литр су қажет.

Қазірдің өзінде 2 миллиардтан астам адам таза ауыз су тапшылығын сезініп отыр, ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 4 миллиардқа жетуі мүмкін.

Жер шарындағы судың жалпы көлемі 1,4 миллиард текше метр болса, оның 97 пайызы тұзды, 3 пайызы тұщы су. Соның 70 пайызы мұздықтар мен мұхиттарда, 30 пайызы жер астында, ал бар болғаны 0,04 пайызы өзендер мен көлдерде шоғырланған. Әлемдегі су ресурстарының 60 пайызы тек 10 мемлекетке тиесілі. Олар – Бразилия, Ресей, Канада, АҚШ, Қытай, Колумбия, Индонезия, Перу, Үндістан және Конго Демократиялық Республикасы.

Суды басқару тәжірибесі және Орталық Азиядағы жағдай

Жаһандық тәжірибе көрсеткендей, судың көп болуы маңызды емес, оны тиімді басқару маңызды.

Фото: видеодан алынған кадр

Мысалы, Қытай мен Үндістанда су қоры жеткілікті болғанмен, халықтың тығыздығына байланысты тапшылық жоғары. Ал су қоры аз болса да тиімді игеру жүйесін енгізген мемлекеттер – Израиль, Сингапур, Нидерланды.

Жасыл экономика мен табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласының сарапшысы Владимир Ричтың пікірінше, Израиль – әлемдегі су ресурсы ең аз 10 мемлекеттің бірі, бірақ соған қарамастан тапшылық сезбейді.

Фото: видеодан алынған кадр

– Үш елді ерекше атар едім. Біріншісі – Финляндия. Бұл – жоғары технологиялы әрі экологиялық тұрғыдан озық мемлекет. Елде 188 мың көл бар және олардың барлығы таза. Екіншісі – Сингапур. Олар су қоймалары мен бөгеттер жүйесін дамытып, жаңбыр суын жинап, оны техникалық мақсатта пайдаланады.

Ал үшіншісі – Израиль. 1960-жылдары-ақ олар тамшылатып суару технологиясын ойлап тауып, тұщыландыру жүйелерін іске қосты. Мұнда суды басқару менеджменті жоғары деңгейде. Ел ауыл шаруашылығында пайдаланылатын судың 90 пайызын қайта өңдейді, тамшылатып суару технологиясын алғаш енгізген. Жиналған жаңбыр суының 60 пайызы ауызсуға айналдырылады.

Израильде «Әр тамшы маңызды» ұлттық бағдарламасы іске асырылады. Бағдарламаға сәйкес, су тұтыну әр литрге дейін есептеледі, артық пайдаланғандарға 20 шекель көлемінде «құрғақшылық салығы» салынады. Күн ысыған маусымда бау-бақшаны суаруға шектеу қойылады. Соның нәтижесінде соңғы 30 жылда адам басына шаққандағы су тұтыну 25 пайызға азайған, – дейді сарапшы.

Фото: видеодан алынған кадр

Владимир Рич атап өткендей, Бразилия керісінше су ресурсына бай, бірақ елде оны басқару деңгейі әлсіз.

– Судың 80 пайызы Амазония аймағында орналасқан, ал халықтың 70 пайызы оңтүстікте тұрады. Географиялық қолжетімділік төмен. Экономиканың 70 пайызы ауыл шаруашылығына негізделгенмен, суару технологиясы ескі, ысырап көп, – дейді ол.

АлОрталық Азияның негізгі су жүйесін Амудария мен Сырдария өзендері құрайды. Олар Қырғызстан мен Тәжікстан тауларынан басталып, Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстан арқылы өтеді. Владимир Рич осылайша бір өзеннің суы бес мемлекеттің тіршілігіне әсер етіп отырғанын алға тартады.

– Қазақстан мен көрші мемлекеттер су ресурстарын әділ бөлуді өзара көмек пен келісім негізінде іске асыруда, – дейді сарапшы.

Мұздықтар еріген сайын су қоры да азаяды

Сарапшының сөзінше, климаттың өзгеруі су саласына айтарлықтай әсер етеді.

Фото: видеодан алынған кадр

– 2015 жылғы Париж келісіміне сәйкес, жаһандық температураның көтерілуі 2 градустан аспауы тиіс. Алайда Орталық Азияда бұл шек әлдеқашан асқан. Қазір аймақтағы жылыну шамамен 3°C деңгейінде. Соңғы 50 жылда мұздықтардың 30 пайыздан астамы еріп кетті. Егер осы қарқын сақталса, 2050 жылға қарай мұздықтардың жартысынан көбі жойылуы мүмкін, – дейді Владимир Рич.

Сарапшының пайымдауынша, бұл фактор болашақта аймақтағы қақтығыстарға себеп болуы мүмкін.

– Келесі қақтығыс су үшін орын алуы әбден мүмкін. Дегенмен дипломатиялық механизмдер мен халықаралық келісімдер арқылы оның алдын алуға мүмкіндік бар. Менің ойымша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев – осы тұрғыда әлемдегі ең тиімді көшбасшылардың бірі. Министрлер бір команда болып жұмыс істеп, су мәселесіне қатысты ортақ бастамаларды жүзеге асырып жатыр, – деп түйіндеді Рич.

Қазақстанның су қоры – 108 млрд текше метр

Оның 55 пайызы республика аумағында қалыптасса, 45%-ы трансшекаралық өзендерден келеді. Мысалы, Ертіс пен Іле – Қытайдан, Есіл, Жайық, Тобыл – Ресейден, Сырдария – Өзбекстаннан, Шу мен Талас Қырғызстаннан ағады. Сонымен қатар Каспийді Түркіменстанмен бөлісеміз. Сондықтан көрші мемлекеттердің су саясатына тәуелдіміз

Фото: видеодан алынған кадр

Мысалы, Қытайдың Іле мен Ертістен суды көбірек пайдалануы Балқаш көлінің деңгейіне әсер етіп, экологиялық тепе-теңдікті бұзып отыр. Шығыс Қазақстанда су тапшылығының алғашқы белгілері байқалады. Оңтүстікте, әсіресе Түркістан мен Қызылорда облыстарында құрғақ маусымда Сырдария өзенінің суы жеткіліксіз болады. Сарапшылардың айтуынша, егер су үнемдеу технологиялары енгізілмесе және көрші елдермен трансшекаралық келісімдер нақты іске аспаса, 2030 жылға қарай Қазақстанды тапшылық қысуы мүмкін.

Министрлік 2 жылда не атқарды?

Осыған байланысты 2 жыл бұрын құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігі су саясатын нықтау бойынша жаңа форматтар іздеп жатыр. Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, мәселе кешенді шараларды кажет етіп отыр.

Фото: видеодан алынған кадр

– Өткен жылы негізгі су ресурстарын басқарудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдадық. Стратегиялық құжатта 2030 жылы Қазақстанда су ресурстарын басқару қандай деңгейге жету керектігі туралы 17 индикатор бекітілді. Соның нәтижесінде 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар дайындалды. Онда 160-тан астам шара қарастырылған. Біз жалпы 42 су қоймасын салуды жоспарлап отырмыз.Оның 20-сын министрлік, 22-сін жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады, – деді министр.

Фото: видеодан алынған кадр

Нұржан Нұржігітов атап өткендей, кейбір аймақтар, әсіресе Оңтүстік Қазақстан мен Түркістан облыстарында жазда су тапшылығы жиі байқалады. Жаңа су қоймалары ауыл шаруашылығы үшін маңызды су көзін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 37 нысан күрделі жөндеуден өтеді.

– 14,5 мың шақырым жүйе күрделі жөндеуден өтеді. Бұл ауыл шаруашылығында су үнемдеуді қамтамасыз етеді және егістік алқаптарының өнімділігін арттырады. Қазақстандағы жалпы егістік алқаптарының 60%-ы суармалы жерлер, сондықтан ирригациялық жүйелердің тиімді жұмысы астық пен көкөніс өндірісінің тұрақтылығына тікелей әсер етеді, – деді министр.

Ведомство басшысы кешенді жоспар тек құрылыс пен жөндеуге ғана емес, су ресурстарын тиімді басқаруға және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталғанын айтады.

Ауыз суды Ресейден көп пайдаланамыз

WORLD METERS ұйымының мәліметіне сәйкес, Қазақстан жан басына шаққанда суды тұтыну көлемі бойынша әлемде 11-орында тұр. Ел бойынша бір адам тәулігіне орта есеппен 3,5 мың литр су пайдаланады. Бұл көрсеткіш көршілес Ресеймен салыстырғанда үш есе жоғары.

Фото: видеодан алынған кадр

Осыған байланысты өткен жылдан бастап Су ресурстары және ирригация министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жаңа тарифтік жүйені енгізді. Сонымен қатар биыл мемлекет басшысы жаңа Су кодексіне қол қойды. Құжат 10 маусымнан бастап күшіне енді. Кодексте суды тиімді пайдалану, үнемдеу тетіктері және алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Нұржан Нұржігітовтің пікірінше, бұл өзгеріс климат пен табиғаттағы соңғы жылдары жиілеген өзгерістерді ескере отырып қабылданған.

– Бір адамға айына 3 текше метр ауызсу көлемі негізгі тариф ретінде бекітілді. Егер тұтыну осы мөлшерден асса, тариф 20 пайызға дейін өседі. 5-10 текше метр аралығында болса - 50 пайызға, ал 10 текше метрден асса, тариф екі есе көтеріледі. Былтыр мамыр айынан бастап бұл жүйе алты өңірде енгізілді. Нәтижесінде алты ай ішінде 168 миллион текше метр су үнемделді. Бұған қоса коммуналдық мекемелерге қосымша 800 мыңнан астам қаражат түсті. Ол күрделі жөндеу жұмыстарына, су құбырларын қалпына келтіруге бағытталды, – деді министр.

2030 жылға жоспар қандай?

Нұржан Нұржігітов елдегі су қоймаларына қатысты мәселелерге де тоқталды.

Ел бойынша барлығы 400-ге жуық су қоймасы бар. 2030 жылға дейін қосымша су қоймаларын салып, тағы 2 млрд 600 млн текше метр су жинауымыз қажет. Тасқын және жаңбыр суларын жаңа қоймаларға жинап, оны сақтау – басты мақсаттардың бірі. Сондықтан кешенді жоспарда көзделген 42 су қоймасының 50 пайыздан астамы Шығыс, Солтүстік және Батыс Қазақстан өңірлерінде салынады. Себебі көктем мезгілінде су тасқыны негізінен осы аймақтарда болады. Әрине, Оңтүстікте де су қоймалары салынады. Бірақ оның негізгі мақсаты – трансшекаралық өзендерден алынатын судың көлемін азайту және тәуекелді төмендету, – деді министр.

Нұржігітовтің айтуынша, суды тиімді пайдалануда ең үлкен үлес ауыл шаруашылығына тиесілі.

– Бүгінде елдегі судың 60-65 пайызы ауыл шаруашылығы саласында пайдаланылады. Суды үнемдеудің тиімді технологиялары бар – тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері. Осы әдістерді шаруалар мен кәсіпкерлер кең көлемде енгізуі үшін үкімет тарапынан субсидия қарастырылған. Шаруа қожалықтарының шығындарының бір бөлігін мемлекет өз мойнына алады. Осы бағытта министрлік былтыр Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, субсидия көлемін 50 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтты, – деді ол.

Трансшекаралық өзендердегі ынтымақтастық және су бөлу тетігі

Қазақстанға су ресурстарының 45 пайызы трансшекаралық өзендер арқылы келеді.

Фото: видеодан алынған кадр

Осы мәселеге тоқталған министр Қазақстанның мүддесі қалай қорғалып жатқанын түсіндірді.

– 1992 жылы Алматы қаласында бес мемлекет бірігіп, мемлекетаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану және қорғауды бірлесіп басқару саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы келісім негізінде мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясы құрылды. Бүгінде оның ережесі бекітілген, комиссия 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Комиссияның отырысы жылына төрт рет өткізіледі. Мен Қазақстан тарапынан осы комиссияның мүшесімін. Комиссия отырыстарында суды бөлу, су қоймаларын бірге пайдалану, су жинау мен кесте бекіту сияқты барлық негізгі мәселелер қаралады, – деді министр.

Оның айтуынша, министрлік құрылған екі жыл ішінде комиссия бекіткен барлық кесте мен жоспарлар толық орындалып келеді.

Каспийге де «Арал синдромы» төніп тұр

Зерттеулерге сәйкес, Каспий теңізінің суы соңғы 20 жылда орта есеппен 2 метрге төмендеген. Негізгі себептер – климаттың жылынуы, буланудың күшеюі және Еділ мен Жайық өзендерінің ағысының азаюы. Егер теңіз деңгейі осылай төмендей берсе, Каспийдің солтүстік бөлігі толығымен құрғауы мүмкін деген болжам бар.

Фото: видеодан алынған кадр

– Тартылған жағдайда бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналады. Жағалаудағы халықтың көші-қонына, флора мен фаунаның азаюына, биоалуантүрліліктің қысқаруына және судың сапасының төмендеуіне алып келеді. Қазірдің өзінде мұндай белгілер байқалып отыр, – дейді су ресурстары саласының сарапшысы Нұрлыхан Бимырзаев.

Фото: видеодан алынған кадр

Қазір теңізге бес мемлекет иелік етеді. Алайда оларды экологиялық мәселеден гөрі экономикалық мүдде көбірек алаңдататын сыңайлы. Трансұлттық компаниялар мұнай өндіруде жарысқа түсіп, теңіз түбін терең қазған сайын су деңгейі одан әрі төмендеуде. 2006 жылы бес ел теңізді қорғау жөніндегі конвенцияға қол қойғанымен, оның талаптарын барлық тарап тең сақтамайды. Мәселен, Иран Каспийден су алуды жоспарласа, Ресей Еділ өзенінің ағысын реттеуге асығар емес.

– Қазір Каспий теңізі тартылып бара жатқанын білесіздер...Соңғы жылдары теңіз деңгейінің төмендеуі аймақтың экологиясы мен экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Бұл – жаһандық ауқымдағы мәселе, – деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұлыбританияның Лидс университетінің зерттеушілері Каспийдің биоәртүрлілігіне төнетін қауіптерді картаға түсірген. Мамандардың мәліметінше, теңіз деңгейі тағы 10 метрге төмендесе, 112 мың шаршы шақырым аумақ кеуіп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда таяз аймақтардағы елдердің табиғи тепе-теңдігі мен биоалуантүрлілігіне елеулі әсер етеді. Қазірдің өзінде Каспийде балық пен құс түрлері азайып барады. Соңғы жылдары Каспий ақсеркесінің жойылып кету қаупі туындап отыр. Ал теңіз фаунасындағы жалғыз сүтқоректі саналатын итбалықтардың саны ХХ ғасырдың басында 1 миллион шамасында болса, бүгінде олардың саны 111 мың мен 360 мың аралығында ғана.

Сарапшылардың пікірінше, Каспий маңындағы елдер табиғи процестерді жіті бақылап, тұрақты мониторинг жүргізуі қажет.

Фото: видеодан алынған кадр

Қынжылтатыны, осыған ұқсас жағдай Арал теңізінде де байқалып отыр. Соңғы он жылда Аралдың солтүстік-шығыс бөлігінің ауданы 39 пайызға қысқарып, су жағалаудан 37 шақырымнан астам алыстаған. Егер су деңгейі тағы 10 метрге төмендесе, жағалау мен елді мекендер арасындағы қашықтық 89 шақырымға жетуі ықтимал. Ғалымдар Каспийге де «Арал синдромы» төніп тұр деп ескертеді.

Құрғаған теңіз түбіндегі зиянды өнеркәсіп қалдықтары мен тұзды шаң аймақ халқының денсаулығына кері әсер етуде. Солтүстік Аралдағы судың көлемі Көкарал бөгеті салынғаннан кейін 3 млрд текше метрге азайып, қазіргі көрсеткіш 24 млрд текше метрге жеткен.

Каспийдің тартылуы климаттық факторлармен байланысты болса, Аралдың құрғауы – антропогендік ықпалдың нәтижесі. Ғалымдар Кіші Аралды сақтап қалу үшін Шардара су қоймасына келіп құятын Сырдарияның 12 млрд текше метр суының 3 млрд-ын үзбей, Аралға бағыттау қажет екенін айтады. Соңғы жылдары су сапасы жақсарып, тұздылығы төмендеп келеді. Балық шаруашылығы қайта жанданып, бұрынғыдай жылына 60-70 мың тоннаға дейін балық аулана бастаған.

Алайда Өзбекстан жағында жағдай әлі де күрделі. Аралқұм шөлі кеңейіп, тұз бен зиянды заттар атмосфераға таралып жатыр. Өзбекстан оңтүстік бөлігінде сексеуіл отырғызу арқылы шөлмен күрес жүргізіп келеді. Қазақстан да құм басу қаупінің алдын алу мақсатында осы бағыттағы жұмыстарды қолға алған.

Байқағанымыздай, Қазақстан үшін су тек табиғи ресурс емес, ұлттық қауіпсіздік пен тұрақты дамудың алғышартына айналып отыр. Ол үшін су ресурстарын тиімді пайдалану, су қоймаларын басқару, тарифтік жүйені жетілдіру және трансшекаралық келісімдерді күшейту сынды маңызды мәселелер шешілуі қажет. Экожүйені қалпына келтірудің өзі кейінгі келісімдердің басты тақырыбына айналуы ғажап емес.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 20:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see146

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see137

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see133

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see130

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see124

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see120

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see120

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see118

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see117

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see114

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

30 Шілде 2026 11:23see113

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

29 Шілде 2026 19:32see110

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

30 Шілде 2026 09:42see110

Шығыс жауһарлары жәрмеңкесі

30 Шілде 2026 09:06see109

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

29 Шілде 2026 20:13see108

Өтіп кете алмады: алматылық тұрғын 84 жастағы әжені тонаған адамның соңынан тұра ұмтылды

29 Шілде 2026 13:38see106

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

30 Шілде 2026 10:41see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары