Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Драматургиядағы дара даңғыл

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

Ақ халаттыға адалдық жарасады

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

Атырауда вокзалды қайта жаңғырту кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Дастан Сәтпаев Вулверхэмптонға қарсы матчта көзге түсті

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Еурожорықтағы сәтсіз қадам

Еурожорықтағы сәтсіз қадам

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстан атынан Еуропаның клубтық додаларының күзгі кезеңінде қалған жалғыз команда енді «кәрі құрлықтың» бірқатар азулы клубымен күш сынасады. Дегенмен биылғы нәтиже «Қайраттың» еуропалық деңгейдегі әлеуетімен бірге әлсіз тұстарын да аңғартты. Командаға ендігі жерде жекелеген сәтті ойындар емес, тұрақты нәтиже қажет.

Түркістандағы тоқырау

Алматылық клуб Чемпиондар лигасы­ның іріктеу кезеңінде екі қарсыласын артта қал­дырғанымен, үшінші айналымда Бол­га­рия­ның «Левскиіне» жол берді. Түркістанда өткен қарымта кездесуде «Қайрат» 0:1 есе­бі­мен жеңіліп, екі матчтың қорытындысында 0:2 есебімен есе жіберді. Бұл кездесудің өзін­дік қиындығы да аз болған жоқ. Ойын бас­талған тұста Түркістандағы ауа тем­пе­ра­турасы +38 градусқа дейін көтерілді. Оның үстіне, алматылық клуб шешуші кездесуді үйрен­шікті стадионында емес, басқа қалада өткізуге мәжбүр болды.

Матчтың тағдырын ерте соғылған жал­ғыз гол шешті. Ойынның 8-ми­нутында Рейналдо қашықтан соққы жа­сап, Темірлан Анарбеков қорғаған қақ­па­дан саңылау тапты. Бұған дейін алаң ие­лері үшін тиімді шешілуі мүмкін төрешілік эпи­зод та болған. Александр Мрынскиймен қақ­тығысқан қарсылас ойыншыны алаңнан қууға негіз бар деп бағаланғанымен, неміс тө­решісі Даниэль Зиберт сары қағазбен шек­телді. Одан кейін «Қайрат» допқа көбі­рек иелік етіп, таразы басын теңестіруге ты­рысты. Алайда шабуылдың соңғы нүк­тесін қою жағы ақсады. Қарсылас айып алаңы­на дейін жеткенімен, қауіпті соққы мен нәтижелі шешім жетіспеді.

Жеңілістің бес себебі

«Қайраттың» Чемпиондар лигасынан шығып қалуы футбол мамандары мен жан­күйерлер арасында біраз талқыланды. «Серый CARDINAL» тelegram арнасының авторы Евгений Гончаров алматылықтар-дың «Левскиден» өте алмауына әсер еткен бірнеше факторды атап көрсетеді. Оның пайымынша, ең алдымен екі команданың қазіргі мүмкіндігін таразылау керек. Бол­гариялық клуб ойыншыларының жалпы нарықтық құны «Қайрат» футболшыларынан шамамен төрт есе жоғары. «Левски» сапында 19 легионер бар, олардың арасында транс­ферлік құны 3 миллион еуроға бағаланатын ойыншылар да кездеседі. Яғни қағаз жүзінде де қарсыластың мүмкіндігі басым.

Сарапшы екінші бір фактор ретінде сәт­тілік пен ойын бойындағы толық кон­цент­рация­ны атайды. Футболда кейде бір ғана сәт, сәтті серпілген доп немесе дер кезінде жа­сал­ған қимыл бүкіл кездесудің тағдырын өз­гертіп жібереді. Оның пікірінше, «Қай­рат­та» гол соғуға мүмкіндік болғанымен, кей­бір эпи­зодтарда сәттілік жетіспеді. Ал жіб­ерілген гол кезінде қақпашы Темірлан Анарбеков команданы құтқарып қала алма­ды.

Төрешілік те назардан тыс қалған жоқ. «Се­рый CARDINAL» авторының пікірінше, ал­ғашқы таймдағы эпизодтардың бірінде төреші «Левски» футболшысына қызыл қа­ғаз көрсетуі мүмкін еді. Егер болгариялық ко­манда ойынның басынан он фут­бол­шы­мен қалған жағдайда кездесудің өрбуі де мүлдем басқа арнаға бұрылуы ықтимал еді. Алайда сарапшы жеңілісті тек төрешінің шешімімен байланыстыруға болмайтынын айтты. Негізгі айырмашылығының бірі – шабуылдағы креатив пен қосалқы құрамның мүмкіндігі. «Левски» бапкері ойыншыларын алмастырған кезде команда ойынының сапасы айтарлықтай төмендеген жоқ. Ал «Қайраттың» таңдау мүмкіндігі әлдеқайда шектеулі болды. Жоржиньо мен Александр Мартыновичтің көмегіне жүгіне алмауы, сондай-ақ Дастан Сәтпаевтың Англияға ауысуы команданың әлеуетіне әсер еткен.

Бесінші себеп – өз алаңынан тыс жер­де ойнау. Сарапшы Алматыдағы 24 мың көрермен мен Түркістандағы шамамен 7 мың жанкүйердің қолдауы бірдей әсер бере алмайтынын алға тартады. Бұған Алма­ты­ның орта таулы аймақта орналасуы да қо­сымша артықшылық береді. Мұндай жағ­дайда ойнауға үйренген «Қайрат» фут­болшылары үшін бұл фактор өз алаңындағы кездесулерде пайдасын тигізіп келген.

Чемпиондар лигасындағы жолын аяқтаған алматылықтар Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне ауысты. Мұнда «Қайратты» Бельгияның «Андерлехті» күтіп тұрды. Алайда бұл қарсылас та осалдық танытпады. Екі кездесу де 3:0 есебімен бельгиялық клубтың пайдасына шешілді. Осылайша, «Қайрат» Конференциялар лигасына түсті. Бір қарағанда, Чемпиондар лигасынан басталған сапардың үшінші деңгейлі еурокубокқа дейін сырғуы сәтсіздік болып көрінуі мүмкін. Алайда биыл Қазақ­стан клубтарының арасынан еурокубоктың күзгі кезеңіне жеткен жалғыз команда – «Қайрат». Сондықтан ендігі міндет турнирге қатысумен шектелмей, нақты нәтиже көр­сету болмақ.

Жеребе де алматылықтарға оңай қарсы­ластарды берген жоқ. «Қайрат» сырт алаңда Италияның «Аталантасы», Нидерландтың «Твентесі» және Латвияның «Ригасымен» кез­деседі. Ал Алматыда Грекияның «Па­на­тинаикосын», Румынияның «Уни­вер­ситатя Крайовасын» және Швецияның «Мьель­бюін» қабылдайды. Әсіресе «Панатинаи­кос­пен» кездесу қазақстандық жанкүйерлер үшін қызық болмақ. Грек клубының са­пында Еуропа футболында есімі белгілі ойын­шылар бар. Франция құрамасында 71 кез­десу өткізген Мусса Сиссоко мен Ни­дерланд құрамасының тәжірибелі қор­ғау­шысы Стефан де Врей секілді фут­бол­шы­лар­дың Алматыға келуі – «Қайраттың» жас ойыншылары үшін де үлкен мектеп.

«Мықты бапкер керек»

Дегенмен мәселені бір маусымдағы қар­сыластардың атағымен немесе бірнеше матч­тың нәтижесімен ғана өлшеу жеткі­лік­сіз. Спорт журналисі Ермұхаммед Мәулен «Қайрат» келесі деңгейге көтерілгісі келсе, еу­рокубоктағы жетістікті кездейсоқ құбы­лыс емес, тұрақты үрдіске айналдыруы қа­жет деп есептейді.

– «Қайрат» ары қарай дамығысы келсе, Чем­пиондар лигасы болмаса да, Еуропа ли­га­сына тұрақты түрде шығып тұруы қажет. Оған кіргеннен кейін де үш-төрт команданы жеңіп, абыройлы нәтиже көрсету керек. Академиядан түлеп ұшқан ойыншылардың деңгейін көтеру үшін де мықты бапкер қа­жет, – дейді Е.Мәулен.

Расында, «Қайраттың» басты ар­тық­шы­лы­ғының бірі – өзінің футбол академиясы. Соң­ғы жылдары клуб жүйесінен шыққан жас ойыншылар негізгі құрамға қосылып, халықаралық деңгейде де көзге түсе бастады. Бірақ талантты футболшы тәрбиелеу бір бө­лек те, оны Еуропаның жоғары қарқы­ны­на бейімдеп, тұрақты деңгейге жеткізу – екін­ші мәселе. Бұл үшін ішкі бәсеке, тәжі­ри­белі ойыншылар мен сапалы бапкерлік мек­теп қатар жүруі қажет. Ермұхаммед Мәу­­лен осы тұста команда тізгінін тәжіри­белі еуропалық маманға сеніп тапсыру мә­се­лесін көтереді.

– Қазақстанда үш жыл қатарынан ко­ман­дасын чемпиондыққа сүйреп жатқан бап­кер жоқ. «Қайратқа» атақты, еуропалық бір маман келсін. Ал қазіргі бас бапкер Ра­фаэль Уразбахтин соның көмекшісі болса дей­мін. Уразбахтин академиядан шыққан ойын­шыларды жақсы біледі. Сондықтан олардың әрі қарай дамуына көмегін тигізер еді, – дейді спорт журналисі.

Әрине, бапкер ауыстыру барлық мә­се­лені бір сәтте шешетін сиқырлы тетік емес. Оның үстіне, Рафаэль Уразбахтиннің тұ­сын­да «Қайрат» еурокубоктың күзгі кезеңіне дейін жетіп отыр. Бірақ «Левски» және «Ан­дерлехтпен» болған кездесулер қазақ­стан­дық клуб пен Еуропаның бәсекеге қа­білетті командалары арасындағы айыр­ма­шы­лықтың әлі де бар екенін көрсетті. Әсіре­се қосалқы құрамның тереңдігі, ша­буыл­ды нәтижелі аяқтау және жоғары қар­қын­ды 90 минут бойы ұстап тұру мәселесі анық байқалды.

«Қайраттың» биылғы еурокубок жолы осы тұрғыдан клубқа көп нәрсені көрсетіп бер­ді. Чемпиондар лигасындағы «Левски», Еу­ропа лигасындағы «Андерлехт» ко­ман­да­ның қай тұста ақсайтынын аңғартса, Кон­ферен­циялар лигасы сол кемшіліктерден қаншалықты қорытынды шығарылғанын көр­сететін алаң болмақ.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қыркүйек 2026 17:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see148

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see141

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see140

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see140

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see138

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see137

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see135

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

17 Қазан 2026 10:02see133

Ақ халаттыға адалдық жарасады

17 Қазан 2026 07:47see128

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see127

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see125

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see124

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see123

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

17 Қазан 2026 14:38see121

Атырауда вокзалды қайта жаңғырту кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлады

17 Қазан 2026 10:38see117

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see116

Дастан Сәтпаев Вулверхэмптонға қарсы матчта көзге түсті

17 Қазан 2026 09:30see115

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see115

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see114

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары