Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қауіпсіз қоғамға қадам

Қауіпсіз қоғамға қадам

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әрбір бастама тұрғындардың мәдениетін қалыптастырып, жол қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарауға үндейді. Осыған орай облыста жол қауіпсіздігін балалардан бастап үйрету қолға алынған. Мұндай іс-шаралар арқылы облыста әділ, қауіпсіз және мәдениетті қоғам құруға бағытталған нақты қадамдар жасалып отыр.

«Сыпайы жүргізуші» – маңызды бастама

Алматы облысының Қарасай аудан­ында республикалық жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы аясында жолда жауапкершілік пен өзара құрмет мәден­иетін қалыптастыруға бағытталған «Сы­пайы жүргізуші» профилактикалық акциясы өтті.

Іс-шара жүргізушілерге өз қауіп­сіздігіне көңіл бөлу қажетін ұқтыруды, жол ережелерін қатаң сақтаудың маң­ы­зын жеткізуді және адам өмірінің баға­сын еске салу мақсатында ұйымдас­тырылды. Себебі әрбір рөлдегі жанды үйінде оның жақындары асыға күтеді. Осындай ұстанымды алға тартқан акция барысында полиция қызметкерлері еріктілермен бірге «Жүргізуші, есіңде болсын!» атты іс-шара ұйымдастырды. Автокөлік иелеріне «Сені үйде күтеді» деген жазуы бар брошюралар таратылды. Мұндай ескертулер жүргізушілерді жол­да мұқият, тәртіпті және төзімді болуға ынталандыруға бағытталған.

Қарасай аудандық полиция басқар­масының қызметкерлері жол-көлік оқи­ғаларының алдын алу шаралары үздіксіз жүргізілетінін айтты. Олардың ай­туынша, жүргізуші мәдениетін көтеру мен жолға шыққан әр азамат арасында өзара құрмет орнату – өңірдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі болып саналады.

Іс-шара ұйымдастырушылары мұн­дай акциялар жол апаттары мен құқық­бұзушылықтардың алдын алуға көмек­теседі, жүргізушілердің жауапкершілік мәдениетін нығайтады және әр адамның қауіпсіздігі өзінен басталатынын тағы бір мәрте еске салады.

«Сыпайы жүргізуші» акциясы Қара­сай өңіріндегі жол қауіпсіздігін нығай­туға бағытталған маңызды бастама­лар­дың бірі ретінде бағаланды. Мұндай іс-шаралар қоғамның назарын адам өмірі­нің құндылығына аударып қана қоймай, жүргізушілер арасында жауап­кершілік пен сыпайылық мәдениетін қалыптас­тыруға ықпал етеді. Жолдағы әрбір дұрыс таңдау – бір отбасының амандығы екенін түсіндіру осы акция­ның басты ойы болып қалмақ.

«Есіңде сақта және ойлан»

Жамбыл ауданында республикалық жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы аясында Дүниежүзілік жол-көлік оқи­ға­­лары құрбандарын еске алу күніне арналған бірқатар іс-шара өткізілді. Бұл шаралар барысында қоғам назарын жол­дағы қауіпсіздік мәселелеріне ау­дару, адам өмірінің құндылығын еске салу және жол жүру ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын көрсету күн тәртібіне енді. Күннің ұраны – «Жады­мыз бірлікте», бұл адам өмірінің құнды­лығын және жол жүру ережелерін қатаң сақтаудың маңызын арттырады. Ұран сондай-ақ жол апаттары құрбандарының рухын құрметтеу мен олардың жақын­дары­на қолдау көрсету арқылы бірігуді дәріптейді.

Іс-шаралардың басты мақсаты – жол апаттарында қаза тапқандарды еске алу, аудан тұрғындарының назарын жол-көлік жарақаттануының өзекті мәселе­леріне аудару, жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру және әрбір қатысушының жеке жауапкер­ші­лігін арттыру болды. Апта бойы жүргізу­шілер мен жаяу жүргіншілерге жылдам­дық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу, балаларға арналған автокресло­ларды пайдалану, сондай-ақ көлікті мас күйінде басқаруға қатаң тыйым салу сияқты маңызды ережелерді ұстану қа­жеттігі ескертілді.

ЖКО санының артуы алаңдаушылық тудыруда. Жыл басынан бері өңірде 3 020 жол-көлік оқиғасы тіркелген, бұл жолдағы қауіпсіздікке қатысты профи­лак­тикалық шараларды күшейтуді және барлық қатысушылар тарапынан тұрақ­ты бақылауды қажет ететінін көрсетеді. Өткізілген іс-шаралар қоғам назарын жол-көлік жарақаттарының өзекті мә­се­лелеріне аударуға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, жолда жау­ап­ты мінез-құлық мәдениетін қалып­тастыруға және қаза тапқандардың рухына құрмет көрсетуге бағытталды.

Жамбыл ауданында өткен «Есіңде сақта және ойлан» атты еске алу іс-шара­ның ең көрнекті бөлігі – соғылған автокөліктерден жасалған ерекше инс­талляция. Бұл көрініс қатысушыларға жол ережесін бұзудың ауыр салдарын ай­қын көрсетті және оларға зор эмоцио­налдық әсер қалдырды, жолдағы қауіп­сіздік пен жауапкершілік туралы ойлану­ға шақырды.

Шараның ерекше сәттерінің бірі – «Естелік жолы» атты мемориалдық стенд­тің жанында өткізілген бір минут­тық үнсіздік болды. Қатысушылар жол апаттарында қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, олардың жақындарына моральдық қолдау көрсетті. Полицейлер мұндай іс-шаралардың жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға және жол қатысушыларының жауапкершілігін арттыруға үлкен ықпал ететінін ерекше атап өтті. 

Балалардан басталатын жауапкершілік

Талғар ауданында республикалық жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы аясында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиға­лары­ның алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз балалық шақ» атты профилак­тикалық акция өтті. Шараның мақса­ты – балаларға жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру және олар­дың жол қозғалысы ережелері тура­лы білім деңгейін арттыру.

Іс-шара барысында мектептер мен балабақшаларда бірыңғай қауіпсіздік күні ұйымдастырылды. Полиция қыз­мет­керлері мен мұғалімдер оқушыларға арнайы сабақтар өткізіп, түсіндірме әңгі­мелер жүргізді, жолда дұрыс әрекет етуге арналған практикалық жаттығулар көрсетті. Балаларға жолда аса маңызды саналатын қарапайым ережелердің маңы­зы түсіндірілді. Сонымен қатар полицейлер балалардың сырт киіміне жарық шағылыстырғыш білезіктер, стикерлер және қараңғы уақытта көріну­ді арттыратын өзге де қауіпсіздік эле­менттерін тағып берді. Мұндай шағын ғана құралдар жаяу жүргіншілердің көрінуін жақсартып, жол-көлік оқиға­ларының алдын алуға елеулі ықпал етеді.

Полицейлер мұндай шаралар бала­лардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ведомство өскелең ұр­пақтың жолдағы қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету бағытындағы жұмыстар жүйе­лі түрде жалғасатынын жеткізеді. Осын­дай іс-шаралар балалардың санасында жол­дағы қауіпсіздікке жауапкершілік сезімін қалыптастырып, оларды бола­шақ­та тәр­тіпті, мәдениетті және жауапты жүргізу­шілер мен жаяу жүргіншілерге айналдыру­ға ықпал етеді. Бұл – жолдағы қауіпсіздікті қам­тамасыз етудің және апат­­тардың алдын алудың маңызды қадамы.

Сымбат БЕГІМБАЙ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары