ExxonMobil Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруды қарастырып жатыр
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
ExxonMobil компаниясы Қазақстанның мұнай-газ саласында ұзақ мерзім қатысуға ниетті екенін растады.
Бұл туралы ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амман премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесуінде мәлімдеді.
Кездесуде ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды.
Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының Қазақстандағы мұнай-газ секторы әлеуетін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті. Үкімет өзара тиімді әріптестікті нығайтуға, қолданыстағы жобаларды табысты жүзеге асыруға және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүдделі.
Жиын барысында заманауи технологияларды енгізуге, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға және геологиялық барлау жұмыстарын дамытуға көңіл бөлінді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Кеше, 11:55
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 14:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















