Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ежелгі көшпенділер қалай жылдам хабар алысқан

Ежелгі көшпенділер қалай жылдам хабар алысқан

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Британ техникалық университетінің профессоры Арман Жұмаділдің айтуынша, кез келген заманда ақпараттың уақтылы жетуі аса маңызды болған, өйткені дер кезінде қолға түскен мәлімет адамға қарсыласынан бір қадам алда жүруге мүмкіндік береді. 

Тарихшы ақпарат ұғымын тек жедел хабарлармен шектемеу керегін айтады. Оның сөзінше, ақпарат – тек әскери барлау емес, бұл жаңа технологиялар мен инновациялардың, діни сенімдер мен философиялық ойлардың, білім мен ғылымның алмасуы. 

Фото: Арман Жұмаділдің жеке мұрағатынан

– Ұлы дала – Еуразия төсінде өмір сүрген тайпалар мен мемлекеттер кезінде ақпарат жеткізудің сан-алуан әдісін ойлап тапты. Өркениеттер арасындағы байланыс алғашқы әскери қақтығыстардан бастап, кейін дипломатиялық, құдандалық, сауда қатынастарына дейін дамыды, - дейді ол. 

Ұлы Жібек жолы

Алғашқы ғаламдық деңгейде ақпарат алмасу б.з.д. ІІ ғасырдың ортасында Ұлы Жібек жолымен байланысты болды.

– Ұлы Жібек жолы ерекше рөл атқарды. Бүгін біз үшін интернет қандай мәдени-ақпараттық кеңістік болса, орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы да сондай маңызға ие болды, - дейді тарих ғылымдарының кандидаты.

Алайда сол кезеңдегі ақпараттың таралу жылдамдығы қазіргімен салыстыруға келмейді. Сауда керуендері бір күнде шамамен 40-50 шақырым жүріп отырған.

– Араб саясаткерлерінің мәліметтерінде Қазақстан аумағынан өтетін Ұлы жібек жолы бойында орналасқан қалалардың арасындағы қашықтық 6 фарсахтан 8 фарсахқа дейін жеткені (1 фарсах – 6 шақырым) айтылған. 8 фарсах – 50 шақырымдай қашықтық. Бұл – сауда керуенінің бір күнде жүріп өтетін жолы. Таң атпай намазын оқып, таңғы асын ішіп жолға шыққан керуен күн батқанша келесі қалаға дейін немесе жолдағы керуен сарайға жетуі керек еді. Сол кездегі жылдамдықты есептей беріңіз, - деп түсіндіреді Арман Жұмаділ.

Фото: Kazinform / ЖИ көмегімен жасалды

Жаушылар мен шабармандар

Кей жағдайларда бір өңірден екінші өңірге жету үшін айлар қажет болған. Дегенмен, шұғыл ақпараттарды жеткізудің мүлде басқа жүйесі болды. Тарихшының айтуынша, жедел хабарлар мен барлау мәліметтерін жеткізу үшін арнайы жаушылар мен шабармандар жіберілген. Бұл жүйе, әсіресе, Шыңғысхан дәуірінде жақсы дамыған.

– Жол бойында әр 30 шақырым сайын бекеттер құрылып, шабармандар сол жерлерде ат ауыстырып отырған, соның арқасында күніне 150 шақырымға дейін жүре алған, - дейді ол.

Сонымен қатар жорық кезінде сарбаздар бірнеше атты қатар ұстап, кезекпен міну арқылы ұзақ қашықтықты тез еңсерген.

– Қауіп төнген жағдайларда ақпарат одан да жылдам тараған. Қазақтар арнайы дабыл жүйелерін пайдаланған. Жау келе жатқанда қарауыл төбелер мен биік нүктелерде от жағып, түтін арқылы белгі берген, - дейді тарихшы.

Мұндай белгілер бірінен бірі 20-30 шақырым қашықтықта орналасып, хабарды лезде жеткізуге мүмкіндік берген. Сонымен қатар «атой салу» дәстүрі де болған. Ғалымның айтуынша, атой – бір жағынан жауға айбат көрсету болса, екінші жағынан өз сарбаздарына және айналадағы елге белгі беру тәсілі.

Фото: Kazinform / ЖИ көмегімен жасалды

Ым-ишара

Дәстүрлі қазақ қоғамында ақпарат тек ашық түрде емес, астарлап, ишара арқылы да жеткізілген.

– Қазақта «ымды білмеген – дымды білмейді» деген сөз бекер айтылмаған, бұл ойды астарлап жеткізудің жоғары мәдениетін көрсетеді, - дейді Арман Жұмаділ.

Оның айтуынша, адамдар кейде сезімін де, ойын да тікелей емес, белгі арқылы білдірген. Бұл – сөздің қадірін терең түсінген қоғамның белгісі.

– Бұл туралы қазақ ертегілерінде көп айтылады. Әсіресе, Жиренше шешен мен Қарашаштың бір-біріне белгі беріп сырласуы – қазақ халқы ойының зеректігі мен парасатын көрсететін классикалық сюжет. Ондай көңілін астарлап білдірудің көрінісі Геродоттың сақтарға қатысты еңбегінде де бар. Оның жазуынша, сақ ерлері ұнатқан әйелге сезімін оның босағасына қорамсағын іліп кету арқылы білдірген екен. Әйел қорамсақты үйге кіргізсе, онда келісім бергені, - дейді ҚБТУ профессоры.

Сыртқы белгілер арқылы ақпарат тарату да маңызды болған. Тарихшының сөзінше, қазақтарда көшіп бара жатқан ауыл немесе жолаушылап бара жатқан адамдар кездескен ауылдың ахуалын сыртқы белгілеріне қарап біліп отырған.

– Ауылда қаралы жағдай болғанын арнайы ту арқылы білдірген. Ер адам қайтқанда қара ту, жасы үлкен адам дүниеден өтсе ақ ту ілінген. Мұндай белгілерді көрген жолаушылар сол үйге бұрылып, көңіл айтып қана қоймай, хабарды ары қарай таратқан, - дейді Арман Жұмаділ.

Фото: Kazinform / ЖИ көмегімен жасалды

Қаралы хабар

Қайғылы хабарды жеткізу де ерекше мәдениетке айналған.

– Қазақтар жаман хабарды бірден бетке айтпаған, оны естірту дәстүрі арқылы жеткізген. Алыстан орағытып, тарихты, өткен күннің белестерін сөз етіп, сөйлей бастағаннан-ақ, тыңдаушы іштей психологиялық тұрғыдан дайын боп отырады. Мысалы, тарихта Үмбетей жыраудың Абылайға Бөгенбайдың өлімін естіртуі туралы мәлімет бар. Сол арнауда Абылайға заманы мен тарихты, батырлар мен билерді, дүниенің баянсыздығы туралы айта кеп, Бөгенбайдың қазасын естірткен, - дейді ол.

«Ұзын құлақ»

Жалпы, қазақ даласында ақпараттың ең кең тараған жолы – «ұзын құлақ» болған. Бұл ауызша тарайтын, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа негізделген жүйе еді.

– Көшпелі өмірде жолаушы – ең маңызды ақпарат көзі болған, өйткені ол өзімен бірге кейінгі жаңалықты ала келген. Сондықтан ауыл адамдары жолаушыны ерекше құрметпен қарсы алып, одан елдегі жағдайды сұраған, - дейді профессор.

Тарихшының пікірінше, дәстүрлі қоғамда сөздің өзі үлкен мәнге ие болған.

– Сөз – ақпарат, сондықтан оны орынсыз жұмсамауға тырысқан. Қазақтың «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» немесе «ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені» деген мақалдары осыны аңғартады, - дейді ол.

Осылайша, қазақ қоғамындағы ақпарат тарату жүйесі қарапайым көрінгенімен, өз дәуірі үшін өте тиімді болған. Шабармандар жеделдікті қамтамасыз етсе, дабыл белгілері қауіп туралы хабарды жылдам жеткізген, ал ишара мен ауызша дәстүр ақпараттың мәдени сипатын қалыптастырған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Сәуір 2026 11:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары