Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Facebook, Instagram ға қарсы айыптар Марк Цукербергтің жеке беделіне ғана емес, бүкіл Meta бизнес моделіне ауыр соққы болуы мүмкін

Facebook, Instagram ға қарсы айыптар Марк Цукербергтің жеке беделіне ғана емес, бүкіл Meta бизнес моделіне ауыр соққы болуы мүмкін

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Aikyn.kz әлеуметтік желілерге қатысты тағы бір даулы істі Wired сайтының хабарламасына сүйеніп талдайды.

Лос-Анджелесте әлеуметтік желілердің жастарға әсері туралы даулы сот процесі басталды. Сотта Meta компаниясының бас директоры Марк Цукерберг куәлік беріп, сұрақтарға жауап берді. 

Залға таңғы 9:00-да кірген 41 жастағы миллиардерді күзетшілері, Ішкі қауіпсіздік министрлігінің екі қызметкері ертіп жүрген. Сот Кэролин Кулл жетекшілік еткен тыңдауда көрермен мен медиа өкілдері залға әрең сыйған. Бәрі Meta өнімдерінің жасөспірімдерге «қауіпті түрде тәуелділік тудыратындай» жасалғаны туралы айыптарға Марк Цукерберг қалай жауап беретінін білгісі келген.

Бұл іс 2023 жылы Калифорниядағы 20 жастағы талапкер KGM (адвокаты оны Кейли деп атайды) және оның анасы тарапынан Meta, YouTube, Snap және TikTok-қа қарсы берілген талап-арыздан басталған. Ол жасөспірім кезде платформаларды компульсивті қолдану «ауыр психологиялық жарақат» әкелді дейді.

Қарашада Meta мен Google істі тоқтата алмаған соң, Snap пен TikTok айыптаушы жақпен соттан тыс келісімге келген. Қазір негізгі қарсы тарап ретінде Meta ғана қалды.

Талапкердің адвокаты Марк Ланье Цукербергтің бұрынғы мәлімдемелерін еске алды. Қорғаушы 2015 жылғы ішкі бағалауда Instagram-да 13 жасқа толмаған 4 млн қолданушы болғанын көрсетті. Бұл АҚШ-тағы 10-12 жас аралығындағы балалардың шамамен 30%-ы. Сондай-ақ Ланье 2015 жылғы Цукербергтің хатынан «қолданушылардың платформаларда өткізетін уақытын көбейту» жоспарда бірінші тұрғанын келтірді.

Марк Цукерберг сотта анық жауаптан жиі жалтарып отырған. Кей сұрақтарға «құжатта солай жазылған» деп қысқа қайырған немесе «мен осылай айтқан сияқтымын» деп ықтимал түрде сөйлеген. Ол өз сөздерінің «бұрмаланғанын» бірнеше рет айтып, «тәуелділік» ұғымына да нақты анықтама беруден бас тартқан. Джо Роганға берген сұхбатындағы «компанияны өзім бақылаймын» деген сөзін «қарапайымдатылған нұсқа» деп түсіндірген.

Отырыс барысында сот жазып алатын «ақылды көзілдірік» тағуға тыйым салды. Meta сататын Ray-Ban секілді құрылғыларды шешуді ескертті. Соңында Цукерберг Meta-ны «адамдардың тәжірибесі жақсы болсын» деген платформа ретінде сипаттап, «адамдар уақытын өздері құнды санаған нәрсеге жұмсайды» деген. Ал талапкер тарапы бұл «құндылық» арнайы алгоритмдер арқылы қалыптасатынын дәлелдегісі келеді.

Бұл сот процесінің ықтимал салдары Meta үшін тек бір даудың шеңберінде қалмайды. Егер алқабилер Facebook, Instagram жасөспірімдерге зиян келтіретін тәуелділік механизмдерін әдейі күшейткенін мойындаса, бұл Марк Цукербергтің жеке беделіне ғана емес, бүкіл Meta бизнес-моделіне ауыр соққы болады. Компания өтемақы төлеумен шектелмей, жасөспірім аккаунттарына қатаң шектеулер енгізуге, ұсыныс алгоритмдерін қайта қарап, ата-ана бақылауын күшейтуге мәжбүр болады. Инвесторлар үшін де басты тәуекел – дәл осында жатыр. Даулы мәселе контентке емес, өнімнің дизайны мен алгоритмдік архитектурасына қатысты болып отыр.

Ең маңыздысы – бұл іс прецедентке айналуы мүмкін. Сот шешім Калифорниядан басқа штаттарға, кейін Еуропа, Ұлыбритания, Австралия секілді елдерге дейін тарайтын жаңа құқықтық процестерге жол ашады. 

Бұған дейін технологиялық алпауыттар көбіне пайдаланушы контенті үшін жауапкершіліктен қорғанып келді. Енді талапкерлер «зиянды контентті» емес, сол контентті алға шығаратын алгоритм мен engagement-ті күшейтетін дизайнды сот алдында талқылауға шығара алады. Осы тұрғыда Лос-Анджелестегі соттың кез келген шешімі бүкіл әлемдегі әлеуметтік желілерден психологиялық зардап шеккендерге құқықтық-саяси сигнал береді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 12:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары