Францияда 1700 жыл бұрынғы бағалы тиындар толтырылған үш алып құмыра табылды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Францияның Сенон ауылынан үш алып құмыра табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Олар шамамен 40 мыңнан астам рим тиындарымен толтырылған. Құмыралар б.з. 280–310 жылдары жерленген. Амфоралардың мойны жер деңгейінде тұрған, бұл олардың ұзақ мерзімді жинақ құралы болғанын көрсетеді.
Бірінші құмырада 23–24 мың, екіншісінде 18–19 мыңдай тиын болған. Үшінші құмыра көне дәуірде тоналып кеткен, тек үш тиын ғана сақталған.Тиындар тұрғын үйдің еденіне арнайы қазылған шұңқырларға өте ұқыпты түрде орналастырылған. Бұл олардың асығыс жасырылған қазына емес, күнделікті қолданыста болған жинақ екеніне дәлел.
Тиындардың ішінде Галлия императорлары Викторин, Тетрик I, Тетрик II бейнеленген үлгілер бар.
Қоныс IV ғасырда екі рет өртке ұшырап, соңында біржола тасталған. Сол себепті бұл тиын толы құмыралар шамамен екі мың жыл бойы жер астында жатқан.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:67
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 18:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















