Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Франкфуртта Абай үні қалықтады

Франкфуртта Абай үні қалықтады

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Франкфурт қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ғимаратында қазақ руханияты мен мемлекеттілігіне арналған тағылымды рухани кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Ұлы сөздің ұлағаты» деп аталған бұл шара ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Кештің басты мақсаты – қазақ әдебиетінің байлығын, ұлт руханиятының тереңдігін дәріптеу және Тәуелсіз Қазақстанның рухани іргетасын қалаудағы Абай мұрасының маңызын жаңа қырынан таныту болды. 

Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Бас консулы Тауболды Балхияұлы Үмбетбаев сөз сөйлеп, Абай даналығы мен ел тәуелсіздігінің рухани сабақтастығын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Абайдың сөзі мен ойы қазақ халқының рухани әлемін тереңдетіп қана қоймай, елдің егемен болмысын нығайтқан іргетасқа айналды.

Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басшысы Алмаз Әмірбекұлы Мырзахметов және ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов өз лебіздерін білдіріп, қазақ әдебиетінің халықаралық кеңістікке шығуының маңыздылығына тоқталды.  

Кеш аясында «Жазу мен жариялау: Қазақ әдебиетінің жаңа кеңістіктері» атты арнайы тақырыптық бөлім өтті. Бұл бөлімде белгілі ғалым, академик, қоғам қайраткері Оразалы Сәбден сөз сөйлеп, Абай мұрасының қазіргі қазақ қоғамындағы орны мен ұлттық сананы қалыптастырудағы ықпалын терең талдады. Шара барысында еліміздің жетекші баспалары – «Алматыкітап», «Атамұра», «Мектеп», «Arman-PV baspasy», «Эверо» баспалары өздерінің жаңа басылымдарын таныстырып, заманауи әдеби үрдістер мен кітап ісіндегі жаңашыл бағыттар жөнінде ой бөлісті.


Абайдың «Қара сөздері» жеті тілде

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – Абайдың «Қара сөздерінің» жеті тілде жарық көруі туралы жобаның таныстырылымы болды. Бұл еңбекті көпшілікке қазақ тілі оқытушысы, аталған кітапты құрастырушы Гүлмира Әбілмәжінқызы Амандықова таныстырды. Оның айтуынша, бұл жоба Абайдың даналық мұрасын әлемдік деңгейде насихаттауға және қазақ руханиятын халықаралық қауымдастыққа таныстыруға бағытталған.
Кеш соңында Франкфурттағы халықаралық кітап көрмесіне арнайы қастысқан қазақстандық делегация мүшелері мен баспа өкілдері өздерінің таңдаулы еңбектерін Қазақстан Республикасының Бас консулдығы кітапханасына тарту етті. Бұл бастама қазақ әдебиетінің шетелде таралуына серпін беріп, ұлттық руханияттың халықаралық кеңістікте кеңінен танылуына жол ашады.  Сонымен бірге олар әдебиет пен баспа ісінің өзекті бағыттары жөнінде пікір алмасып, болашақтағы шығармашылық ынтымақтастыққа ниет білдірді.

Майн өзені жағасында өткен «Ұлы сөздің ұлағаты» рухани кеш – ұлы Абайдың рухани мұрасын жаңғыртып, Тәуелсіз Қазақстанның мәдени болмысын айшықтаған тағылымды шара болды. Бұл әдеби басқосу қазақ сөз өнерінің биік құндылығын дәріптеп, ұлттық әдебиеттің әлемдік мәдениетпен үндескен жаңа кезеңін айқын көрсетті.  

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 11:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары