Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Freedom QJ League еліміздегі футболдың үздік жасөспірімдерін марапаттайды

Freedom QJ League еліміздегі футболдың үздік жасөспірімдерін марапаттайды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Естеріңізде болса, осындай гала-кеш алғашқы екі жылда Алматыда өткен. Ал осы жолы ұйымдастырушылар еліміздің елордасы Астанада марапаттайды. Әдеттегідей, бұ кешке жасөспірім футболшылар ғана емес, олардың ата-аналарымен бірге, жаттықтырушылары да қатысады. Сонымен қатар гала-кешке спорт мамандары, қоғам белсенділері мен кәсіпкерлер шақырылған.

Өткен екі маусымда QJL Awards өзін марапаттау рәсімі өткізетін гала-кеш ретінде ғана емес, сонымен қатар спортқа жанашыр әрі футбол жанкүйерлерінің бас қосатын ортаға айналды. Оған қоса, ұйымдастырушылар кештің марапаттау рәсімімен шектелмейтінін жеткізді. Олардың айтуынша, өткен жылдағыдан да қызықты әрі ауқымды деңгейде өтпек.  

Ал салтанатты кешті өткен жылдағыдай Freedom Media-да тікелей эфирден көруге болады.

- Биылғы тікелей эфир былтырғыдан да сапа жағынан да, мүмкіндік жағынан да асып түспек. Мысалы, 6 камера жабдықталып, кәсіби комментаторлардың араласуымен өтпек. Сондықтан  QJL Awards-ты тікелей эфирден жіберіп алмаңыздар, өкінбейсіздер! Жаңа есімдермен танысып, олардың жетістігі мен қуанышын бөліскенге не жетсін?!, - деп жауап берді кеш ұйымдастырушылары.

«Үлкен – құрмет, кішіге – ізет, жақсылықтың нышаны» демекші,  QJ лига жасөспірім футболын дамытып, үлкен белестерді бағындыру ғана емес, марапттау кешінде аға ұрпаққа құрмет көрсетуді меңзейді. Сондықтан Freedom QJ League наградаларының әрқайсысы қазақстандық футбол ардагерлерінің есімімен аталды. Оның үстіне салатанатты кеште ойыншылар мен жаттықтырушылар ғана емес, клубтардың басшылары, менеджерлері мен медиа-маркетинг бөлімдері де марапатталады.

Freedom QJ лигасы биылғы маусымның жабылуын мұндай форматта өткізуі бекерден-бекер емес. Біріншіден, жоғарыда айтып кеткендей, ел қызыға қарайтын, спорт саласындағы ауқымды әрі беделді шараның бірі. Екіншіден, лиганың демеушілері мен серіктестері ынтымақтастық орнатып, одан әрі тығыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Салтанатты кешті ұйымдастыруға Freedom Media-дан бөлек, Mastercard және Changan Kazakhstan секілді әлемдік брендтер қатысады деп күтілуде.

Бұл ең алдымен марапат иегерлері ынталандыра түседі деп сенеміз. Себебі, бұл тек жасөсіпірім спортшыларды марапаттау гала-кеші емес. Маусым бойы ерік-жігерін аянбастап, тынымсыз жаттығып, еңбектенген спортшы өз ортасының ұздігі атанады. Негізі статистика бойынша спортшының бәрі бірдей жасөспірімдер футболынан кәсіби футболға сәтті ауыса бермейді. Бірақ құрамаға кіру немесе осындай ауқымды әрі беделді марапатқа ілігуі әр спортшының өмірінде ұмытылмас сәтке айналатыны анық. Кім-кімнің алдағы мансабы қалай қалыптасатыны белгісіз, десе де жылылық еске алатын күннің біріне айналмақ.

QJL Awards алғашқы рәсімінде  сөз сөйлеген Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий былай деп еді:

"Балалар үшін өте қуаныштымын. Қызыл кілемнен жүріп өтудің өзі бақыт. Шынымды айтсам, өз басым бұрын-соңды қызыл кілеммен жүрмеппін. Сондықтан Freedom QJ League ұйымдастырушылары  жастарға ұмытылмас көңіл-күйді сезінуге мүмкіндік бергендеріңізге алғысым шексіз".

Сол себепті бұл  "Алтын доп" рәсімімен теңдес марапат деуге болады. 

 Бұл кештің тағы бір артықшылығы – қайырымдылық аукционда.  Былтыр алғаш енгізілген шара QJL Awards-тың тағы бір әлеуметтік жобасы. Кештің салтанатты рәсім басталғанға дейін кеш қонақтары аукционға қатыса алады. Оның ішінде ең бағалысы - Лионель Мессидің қолтаңбасы бар, "Барселонада" ойнаған кезіндегі ойын футболкасы. Ал аукционнан түскен қаражаты Қостанайдағы "Жанұя" балалар үйіне жиһаз және электротехника сатып алуға жұмсалған болатын. Биыл да аукционға осындай бағалы дүниелер қойылмақ.  

Салатанатты шара 1 қараша күні өтеді. Әзірге "Үздік қақпашы" (Александр Убыкин сыйлығы), "Үздік қорғаушы" (Евгений Яровенко сыйлығы), "Үздік жартылай қорғаушы" (Антон Шох сыйлығы), "Үздік шабуылшы" (Эдуард Сон сыйлығы) және "Үздік жаттықтырушы" (Джордж Хутиди сыйлығы) номинациялары табысталатыны белгілі. Алайда қай үміткерлердің іліккенін кеште анықталады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 22:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары