Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

ХВҚ Киевке 700 млн доллар несие беру туралы шешім қабылдайды

Дәрігерлер көз түсін өзгертпек болған алматылық әйелдің көру қабілетін сақтап қалды

Маңғыстауда прокуратура әкімдік қаулысынан заңсыз норманы алып тастады

Қазақстандықтар Дубайға ұлттық жүргізуші куәлігімен баратын болады ІІМ

Энергетикалық нысандарды аралады

Сәтбаевтағы қайғылы оқиға: терезедегі торға сүйенген бала көз жұмды

Ресейде Apple компаниясы тексеріледі Цифрлық даму министрлігі

Қызылордада БАҚ саласының өкілдеріне пәтер кілті табысталды

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

10 млн тоннаға арналған алып зауыт​: француз компаниясы Қазақстандағы жаңа МӨЗ үшін ТЭН әзірлейді

Қазақстанда 7 сыныпқа дейін телефон пайдалануға болмайды

Есілдегі қайғылы оқиға: 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды

Жыл басынан бері Қазақстанда 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Қазақстан AI Opportunity Partnership бастамасына қосылды

Бельгия Жаңа Зеландияны тас талқан етіп, топ жеңімпазы атанды

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

Елімізде бір күнде 13 орман өрті болды

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Миссиясы жауапты мамандық

Мобильді аударым бойынша хабарлама келсе не істеу керек?

Гаджетке байланған ұрпақ

Гаджетке байланған ұрпақ

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Гаджетсіз өмірді елестету қиын. Смартфон, планшет, түрлі қосымша баланың күнделікті тіршілігінің ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе, қарбалас тіршілікте ата-ана үшін бұл кейде таптырмас кө­мекші. Алайда осы бір тыныш­тықтың астарында көзге бірден байқала бермейтін, бірақ ба­ланың болашағына әсер ететін күрделі мәселелер жатыр.

Бала психологы Балабек Сақта­ғанов­тың айтуынша, бүгінгі бала­лардың басым бөлігі бос уақытын экран алдында өткізеді. YouTube, TikTok, Instagram сияқты платфор­малардағы контенттің тартымдылығы жоғары: түрлі-түсті бейне, жылдам ауысатын кадрлар, эмоцияға толы сюжеттер. Мұндай орта баланың назарын әп-сәтте өзіне тартып алады. Бірақ мәселе де осында. Бала ақ­паратты терең түсініп, ой елегінен өткізуді емес, оны жылдам қабыл­дауды үйренеді. Бір қарағанда бұл зиянсыз әдет сияқты көрінгенімен, уақыт өте келе ол баланың ойлау жүйесіне әсер ете бастайды.

– Қысқа форматтағы видео­лардың ықпалы ерекше. Бірнеше секундқа ғана созылатын роликтер үздіксіз ұсынылып отырады. Бала бірін көріп үлгермей жатып, келе­сісіне ауысады. Ойлануға, салыс­тыруға, қорытынды жасауға уақыт жоқ. Психологтар мұны «жылдам әсерге тәуелділік» деп сипаттайды. Соның салдарынан бала ұзақ уақыт зейін қоюды талап ететін әрекеттерден қашқақтайды. Кітап оқу, сабақ тыңдау, тіпті бір ойынды соңына дейін ойнау да қиынға айналады. Өйткені оның миы үздіксіз жаңарып отыратын әсерге үйреніп қалған, – дейді Бала­бек Сақтағанов.

Балаға шынайы қарым-қатынас керек

Маманның ойынша, тәжірибеде жиі кездесетін мәселелердің бірі – сөйлеу дамуының кешеуілдеуі. Соңғы жылдары ата-аналардың «балам бәрін түсінеді, бірақ сөйлемейді» деген шағымы жиілеген. Көп жағдайда мұндай балалардың күн тәртібін қарағанда, экран алдында өткізетін уақытының шамадан тыс көп екені анықталады. Бала тіл үйренуді тірі қарым-қатынас арқылы меңгереді. Ал экран біржақты ақпарат береді – бала тыңдайды, бірақ жауап қайтармайды, диалогқа түспейді.

– Мысалы, тәжірибемде 5 жас­тағы бір бала болды. Ата-анасының шағымы жоғарыда айтқанымыздай болып шықты. Бала тек жеке сөздерді айтқанымен, толық сөйлем құрай алмайды. Әңгімелесу барысында оның күніне бірнеше сағат бойы телефон қарап отыратыны анық­талды. Ата-анасы жұмыста болған­дықтан, баланы гаджет арқылы ты­ныш­­тандыруға үйренген. Біз экран уақы­­тын біртіндеп қысқартып, ата-анамен күнделікті сөйлесу, бірге ойын ойнау, кітап оқу сияқты қарапайым әдістерді енгіздік. Екі айдан кейін бала белсенді түрде сөйлей бастады. Бұл жағдай тірі қарым-қатынастың баланың тіл дамытудағы маңызын ай­қын көрсетті, – дейді бала пси­хологы.

Экранға тәуелділік те – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бастапқыда ата-ана бұған мән бермеуі мүмкін. «Жай ғана видео көріп отыр» деп ойлайды. Бірақ уақыт өте келе бала телефонсыз өзін жайсыз сезінетін деңгейге жетеді. Мұндай жағдайда оның мінез-құлқында ашушаңдық, мазасыздық, тез жылау, зейіннің тұ­рақ­­сыздығы сынды өзгерістер бай­қалады.

– Тағы бір кейсте 7 жастағы оқушының ата-анасы баласының мінезіне байланысты алаңдап келді. Бала ашушаң, тез жылайтын, сабаққа зейін қоя алмайтын болған. Сөйлесу барысында оның бос уақытының көп бөлігін қысқа видеолар қарап, ойын ойнаумен өткізетіні анықталды. Ұйқысы кеш, таңертең шаршаңқы тұратын. Біз, ең алдымен, экран уақы­тын шектеп, баланың күн тәртібіне қозғалыс пен демалысты енгіздік. Бірнеше аптадан кейін баланың мінез-құлқында оң өзгерістер байқал­ды: ол сабырлырақ болып, сабаққа қызығушылығы арта бастады, – дейді Балабек Сақтағанов.

Цифрлық орта тағы бір қауіпті кесел

Цифрлық орта баланың сөйлеу мәдениетіне де ықпал етеді. Бала пси­хологының сөзінше, қазіргі балалар­дың тілінде сленг, жаргон, түрлі тілдің араласуы жиі кездеседі. Бұл – олардың күнделікті тұтынатын контентінің айнасы. Бала блогерлерге еліктейді, олардың сөйлеу мәнерін қайталайды. Егер ол қарапайым, тіпті кейде дөрекі тілдегі видеоларды жиі көрсе, оның сөйлеуі де сол бағытта қалыптасады. Ал керісінше, сапалы контент, кітап оқу, ата-анамен жиі сөйлесу – тілдің байып, мәдениетті қалыптасуына әсер етеді.

Сондықтан мамандар ата-аналарға тек экран уақытын шектеумен шек­телмей, баланың көріп жүрген кон­тентінің сапасына назар аударуға кеңес береді. Контент баланың жа­сына сай, тәрбиелік мәні бар, тілі дұрыс әрі түсінікті болуға тиіс. Агрес­сияға толы, мәнсіз, шамадан тыс жыл­дам видеолар баланың психикасына кері әсер етеді.

– Дегенмен технологиядан толық бас тарту мүмкін емес. Сондықтан ең тиімді жол – тепе-теңдік сақтау. Бала­ның экран алдында өткізетін уақытын азайтып, оны пайдалы әрі қызықты әрекеттермен алмастыру қажет. Мы­салы, бірге кітап оқу, сурет салу, кон­структор жинау, қимылды ойын­дар ойнау, табиғатта серуендеу – осылар­дың барлығы баланың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Ешбір гаджет, ешбір қосымша ата-ананың жылы сөзін, шынайы көңілін ал­мас­тыра ал­майды. Бала өзін тыңдайтын, түсінетін адам бар кезде ғана толық­қанды дамиды, – дейді маман.

Қорытындылай келе, цифрлық технологиялар – заман талабы. Бірақ олар баланың өмірінде негізгі орын алмауға тиіс. Егер ата-ана баланың цифрлық өмірін бақылап, оған дұрыс бағыт берсе, онда технология зиян емес, керісінше пайдалы құралға айналады. Ең бастысы – бала мен ата-ана арасындағы байланысты жоғалт­пау. Себебі бала үшін ең маңыздысы – экран емес, адам.

Әсет ҚАЛИ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 08:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

ХВҚ Киевке 700 млн доллар несие беру туралы шешім қабылдайды

26 Маусым 2026 00:16see116

Дәрігерлер көз түсін өзгертпек болған алматылық әйелдің көру қабілетін сақтап қалды

26 Маусым 2026 11:57see115

Маңғыстауда прокуратура әкімдік қаулысынан заңсыз норманы алып тастады

26 Маусым 2026 00:10see113

Қазақстандықтар Дубайға ұлттық жүргізуші куәлігімен баратын болады ІІМ

26 Маусым 2026 07:04see113

Энергетикалық нысандарды аралады

26 Маусым 2026 00:11see113

Сәтбаевтағы қайғылы оқиға: терезедегі торға сүйенген бала көз жұмды

26 Маусым 2026 00:12see112

Ресейде Apple компаниясы тексеріледі Цифрлық даму министрлігі

25 Маусым 2026 23:09see112

Қызылордада БАҚ саласының өкілдеріне пәтер кілті табысталды

26 Маусым 2026 12:48see111

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

27 Маусым 2026 02:49see111

10 млн тоннаға арналған алып зауыт​: француз компаниясы Қазақстандағы жаңа МӨЗ үшін ТЭН әзірлейді

26 Маусым 2026 03:54see109

Қазақстанда 7 сыныпқа дейін телефон пайдалануға болмайды

26 Маусым 2026 15:40see109

Есілдегі қайғылы оқиға: 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды

25 Маусым 2026 23:58see108

Жыл басынан бері Қазақстанда 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

26 Маусым 2026 00:06see108

Қазақстан AI Opportunity Partnership бастамасына қосылды

26 Маусым 2026 16:31see107

Бельгия Жаңа Зеландияны тас талқан етіп, топ жеңімпазы атанды

27 Маусым 2026 10:45see107

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

27 Маусым 2026 15:54see107

Елімізде бір күнде 13 орман өрті болды

27 Маусым 2026 01:19see107

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

26 Маусым 2026 21:22see106

Миссиясы жауапты мамандық

27 Маусым 2026 09:05see104

Мобильді аударым бойынша хабарлама келсе не істеу керек?

26 Маусым 2026 13:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары