Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

Семей орманы өртеніп жатыр: Бектенов Абай облысына екі министрді жіберді

Астанада төрт айда 87 рет жол ережесін бұзған BMW жүргізушісі қамалды

Қазақстан BYD мен технологиялық ынтымақтастықты дамытып жатыр

Досымыздың қытай тілі тамаша . БАҚ Тоқаевтың Шанхайға сапары туралы не жазып жатыр

Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Қоқыстан электр энергиясы: Қазақстанда 300 млрд теңгеге қалдық өңдеу зауыттары салынады

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 1776 ға жетті

Жазда балконға бақша жасау: жеміс емес, көкөністер мен шөптер, саяжайсыз және қиындықсыз

Нұртөре Жүсіп: Кітап оқып жетістікке жеткен адамның жарқын үлгісі Президент

Қазақстанды нөсер жаңбыр басады, бірақ +48 ге дейінгі аптап ыстық қайтпайды

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті, олардың бірі кәмелетке толмаған бала

Омарташылар субсидияға мұқтаж

Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жазғы сессиясы басталды

ӘЧ 2026 Испания мен Аргентина арасындағы финалдық ойын ​кейінге ​шегерілуі мүмкін

Алтын еденде шашылып жатты астыртын цехтың видеосын АФМ көрсетті

Алматыда Канье Уэстің концерті туралы ақпарат пайда болды

Безбүйрек ұрпақ трагедиясы

Безбүйрек ұрпақ трагедиясы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ертіс бойында режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың «Балам, қашан келесің?..» атты драмалық қойылымының премьерасы өтті. Көңілшек көрерменнің эмоциясын қозғап, кеуделерде өксік қалдырғанымен, ұзақ айта жүрерліктей әсерге шомылмадық.

Суретті түсірген – Есенжол Исабек

Қарттар үйіндегі қариялар­дың тағдыры – қалам тербейтін кез кел­ген жанның жүрегін сыздататын тақырып. Олардың көз жасы – айтылмаған өкпе, сағыныш пен жал­ғыздықтың белгісі. Қарттар үйі­нің есігінен аттағанда алдыңнан ерекше бір ауыр тыныштық шығады. Терезеге телмірген жаутаң көздер. Бұл – тағдырдың соққысына көнген, бірақ көңілі әлі де күдер үзбеген жандардың мекені. Кезінде «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп төрден орын ұсынған халықтың бүгінгі ұрпағы қариясын қауқарсыз етіп, мемлекет қарауына өткізуі – жүрек ауыртар шындық. Олардың көз жасы – тас болып қатқан мейірім­сіз жүректерге айтылған шарасыз наразылық.

Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма ­театрында белгілі қаламгер Сәкен Сыбанбайдың «Үміт үйі» деп аталатын әңгімесінің желісі бойын­ша драмалық премьера өтті. Қазақ­стан театр қайраткерлері одағы­ның «Үздік режиссер–2025» аталымының иегері Жұлдызбек Жұман­байдың режиссерлігімен қойылған драманың атауы – «Балам, қашан келесің?..» Атауының өзі ауыр драманың тұсаукесеріне көрермен жоғын іздеп келгендей лық тола жиналды.

Сахнадан қарттар үйіндегі алты тағдырдың иесін көрдік. Бұл мекенде уақыт тоқтап қалғандай, тек есіктің әрбір шиқылы жүректі дүрсілдетеді. Алтауының қарттар үйінің табалдырығын аттау себебі де әртүрлі. Бұлардың жанында қартайған шағында психологиялық ауытқуға ұшырап, ұлы мен келінінің шаңырағын шайқалтқан жынды кемпірдің өмірі мың есе артық па деп ойлайсың. Себебі жалғыз шешесін өз жанынан артық көретін баласы басын тауға да, тасқа да соғып, таразы басы теңселгенде сатқындық көрсеткен зайыбын тәрк етіп, асыл анасының жанында қалды. Анасын қарттар үйіне жібермеді. Ал мынау «Үміт үйіндегі» алтаудың екеуі – мекеме табалдырығын өз ниетімен аттағандар. Зақаш – өмір бойы шахтада еңбек еткен, қолынан ішімдік­тің шөлмегі түспеген бейбақ шал. Балаларыма мейірім төкпедім, ойнатпадым, жексұрын әке болдым деп өзін жазғырып, кемпірі қайтқан соң қарттар үйіне кетіп қалған. Хадиша әжейдің жөні бөлек, пұшпағы қанамаған, бірнеше рет тұрмыста болса да қартайған шағында жалғыз қалған. Сіңлісі үйін тартып алып қойған соң осы жерді паналауға мәжбүр болған. Бақтыбай қария озбыр баласынан таяқ жеп, қарттар үйіне өткізілсе, үш ұлынан қайыр көрмеген Сейфолла қарттың да басынан өткермегені жоқ.

Жалпы, драмада режиссер Дәмегүл әжей мен Омархан ақса­қал­дың мұңды оқиғаларына көбі­рек маңыз берсе керек, негізгі қойы­лымдар солардың айналасында өр­біді. Бірақ... Безбүйрек ұрпағының зар­дабын тартып отырған қос қария­ның шын жан күйзелісін сахнадан көре алмадық. Дәмегүл апай рөлін­дегі Рауза Тәжібаева мен Омархан атаны бейнелеген Жұмахан Доспаев ағамыздың актерлік образдарында жасандылық байқала берді. «Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады» деген халқымыз. Қариялардың физио­логиялық құбылысын аңғар­ғанымызбен, тартқан қайғыларының психологиялық ауыртпалығын сезіне алмадық. Бұл жерде қоюшы режиссер мен аға буын актерлер түсінісе алмады ма, әлде дайындық жеткіліксіз болды ма, ол жағы беймәлім.

Премьералық қойылымның тұ­тас­тығын бұзбай, алға сүйреп шық­қан екі актердің образын жеке-дара атар едік. Ол ең әуелі Зақаш қартты сомдаған Дәурен Әділ. Актердің бұған дейін комедиялық рөлдерді келісті орындап шыққанына куә болғанбыз. Драмада жаңа қырынан жарқ етті. Біз Зақаш қарттың оқиға­сына ұйыдық, оның кеудесін жанартау лавасындай күйдіріп бара жат­қан өкінішін басымыздан өткердік. Кейбір сәтте оғаш қылықтарымен көрерменін күлдірсе, енді бірде қарттық шақта шеккен зардабына жүрегіміз ауырды.

Екіншісі – анасын қарттар үйіне тапсырудан бас тартып, сол үшін әйелімен ажырасып кететін Дастан рөліндегі Медет Садығазин. Медет – көпқырлы актер, адамды тартып тұратын харизмасы бар. Қай рөлді сомдамасын, сахнада жарқырап шыға келеді. Іс-әрекеті мен аузынан шыққан әр сөзі қабысып, мол денесіне қарамастан ұршықша иіріліп жүре беретін жігіт. Режиссер оған бұл образды сеніп тапсырғаны тәжірибесіне сенгені деп түйдік. Қойылымға өң берген сәтті образ деп есептейміз.

«Үміт үйі» үмітсіз емес екен. Қойылым шырқау шегіне жеткенде Омархан ақсақалды озбыр баласы іздеп келіп, аяғына жылап кешірім сұрайды. Қарттар үйіне «кірген із көп, шыққан із жоқ» деп ойлайтын мекеме қызметкерлері бұл қариялар панажайының тарихындағы алғашқы ізгі оқиға екенін айтады. Әдетте төбе көрсетпейтін балалары мен немерелері кемпір-шал пенсиясын алған күні қарттар үйінде қаптап кететін көрініс те сәтті кіріккен. Соңында мекеме басшысы мен заң­гердің бос қалған орындықтарды ақ кебінмен орап, қариялардың өмірден озып кеткенін білдіретін көріністер трагедияны меңзеп тұр. Режиссерлік шешім ойға оралымды.

Сөз соңында жалпы драмалық премьераның идеясы мықты болғанымен, мазмұны жеткілікті ашыла қоймады ма деген күдік қалды көкейде. Көрерменнің талғамы әртүрлі. Кейбір әсерлі сәттерде жылап отырғандарды көз шалды. Бұл – режиссер мен актердің жеңісі.

Айтып өтейік, «Балам, қашан келесің?..» драмасы – Жұлдызбек Жұманбайдың Ертіс бойындағы дебют­тік қойылымы. Оның режис­серлік етуімен бұған дейін М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма ­театрында, Қ.Қуанышбаев атында­ғы қазақ ұлттық музыкалық драма ­театрында, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында және басқа да бірқатар театрда қоғамдағы өзекті тақырыптарды арқау еткен қойылымдар сахналанған. Өнер иесінің павлодарлық ұжыммен ынты­мақтастығы актерлеріміздің тың тәжірибелер игеруіне мүмкіндік берді деген сенімдеміз.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Бұқарбай батырдың қылышы

Жәдігер • Бүгін, 08:10

Ринг пен рух

Кино • Бүгін, 08:05

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 08:03

«Тактильді Орал» тағылымы

Қоғам • Бүгін, 08:00

«Шахматшы Қонжық» – заманауи ертегі

Руханият • Бүгін, 07:55

«Әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған»: Ақтөбеде ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыстағы қақтығыс: 500-ге жуық қазақстандық елге оралады

Оқиға • Кеше

Ертең бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Ауа райы • Кеше

Семейдегі өрт: Оқиға орнында 6 адам медициналық көмекке жүгінді

Оқиға • Кеше

Экология және еңбек адамы: Атырау облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Ата заң • Кеше

«Ұлттық қор – балаларға»: Соңғы 3 жылда 7 млн балаға 2,5 млрд доллар бөлінді

Оқиға • Кеше

ЮНИСЕФ: Жаңа Конституция цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғауды күшейтеді

Ата заң • Кеше

Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді

Ата заң • Кеше

Семейде ойын-сауық орталығынан өрт шықты

Оқиға • Кеше

Ерлан Қарин: Конституциялық өзгерістер халық мүддесіне қызмет етеді

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 08:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

16 Шілде 2026 16:08see115

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

16 Шілде 2026 16:40see115

Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

17 Шілде 2026 12:19see115

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

16 Шілде 2026 12:55see115

Семей орманы өртеніп жатыр: Бектенов Абай облысына екі министрді жіберді

16 Шілде 2026 17:14see114

Астанада төрт айда 87 рет жол ережесін бұзған BMW жүргізушісі қамалды

16 Шілде 2026 19:39see114

Қазақстан BYD мен технологиялық ынтымақтастықты дамытып жатыр

16 Шілде 2026 17:44see113

Досымыздың қытай тілі тамаша . БАҚ Тоқаевтың Шанхайға сапары туралы не жазып жатыр

17 Шілде 2026 17:09see112

Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

17 Шілде 2026 11:25see111

Қоқыстан электр энергиясы: Қазақстанда 300 млрд теңгеге қалдық өңдеу зауыттары салынады

16 Шілде 2026 23:55see111

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 1776 ға жетті

16 Шілде 2026 22:13see111

Жазда балконға бақша жасау: жеміс емес, көкөністер мен шөптер, саяжайсыз және қиындықсыз

16 Шілде 2026 16:59see110

Нұртөре Жүсіп: Кітап оқып жетістікке жеткен адамның жарқын үлгісі Президент

17 Шілде 2026 15:35see109

Қазақстанды нөсер жаңбыр басады, бірақ +48 ге дейінгі аптап ыстық қайтпайды

17 Шілде 2026 12:12see109

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті, олардың бірі кәмелетке толмаған бала

16 Шілде 2026 16:52see109

Омарташылар субсидияға мұқтаж

16 Шілде 2026 08:35see109

Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жазғы сессиясы басталды

16 Шілде 2026 23:31see109

ӘЧ 2026 Испания мен Аргентина арасындағы финалдық ойын ​кейінге ​шегерілуі мүмкін

17 Шілде 2026 23:48see108

Алтын еденде шашылып жатты астыртын цехтың видеосын АФМ көрсетті

17 Шілде 2026 16:19see108

Алматыда Канье Уэстің концерті туралы ақпарат пайда болды

17 Шілде 2026 13:11see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары