Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Жасөспірімдер трагедиясы қоғамды ойландырып тұр

Жасөспірімдер трагедиясы қоғамды ойландырып тұр

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жамбылдықтар кейінгі уақытта жасөпірімдер арасындағы трагедияға қатты алаңдайтын болды. Жергілікті атқарушы билік өкілдері мен құқық қорғау органдары жұмылған жұдырықтай бірлесе іске кіріссе де, араға айлар салып, жасөспірімдер арасында қайғылы оқиғаның тіркелуі тоқтамай тұр.

Жаңа оқу жылы бас­тал­ған уақытта Тараздағы мектеп­тердің бірінде жасөспірім­дер арасындағы жанжал салдарынан өрімдей жас ауыр соқ­қы алып, жарық дүниемен қош айтысқан еді. Шу ауда­ны­на қарасты Көкқайнар елді мекеніндегі трагедия да та­лайдың жанына батқаны мәлім. Бұдан соң жауаптылар жедел іске кірісіп, білім алушылар арасындағы қатыгездік тоқтағандай көрінген.

Алайда біршама уақыт бұрын Қордай ауданында екі бірдей мектеп оқушысының мәйіті табылып, жұрт тағы дүрлікті. Өйткені оқушылар ара­сындағы өлім бір отба­сы­­ның ғана емес, тұтас қоғам­ның өзек­ті мәселесіне айна­лып отыр. Өрімдей жас­өс­пірімдердің өлімі толған­дырмай қоймайды.

«Қордай ауданында бол­ған өз-өзіне қол жұмсау дерегі бо­йынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның бар­лық мән-жа­йын жан-жақты анықтау мақ­сатында қажетті тергеу ша­ралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәй­кес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», деді облыстық поли­ция департаментінің өкілі Қор­дайдағы жасөспірімдер өліміне қатысты ресми мәлім­демесінде.

Бала тәрбиесінде ата-ана, қоғам, жергілікті атқару­шы билік пен құқық қорғау ор­ган­дарының мойнына жүк­телген жауапкершілік жүгі ауыр екені анық. Осы орайда қоғам болып балалардың қауіп­сіздігіне жан-жақты бақы­лау жүргізіп отырмыз ба деген сауал туындайды. Енді дерек­ке жүгінсек.

«2026 жыл «Балалар жы­лы» деп жариялануына бай­­ла­ныс­ты жас ұрпақтың қауіп­сіздігі мен құқын қор­ғау мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Осы бағытта кәмелетке толмағандар қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бо­йынша ауқымды жұмыс жүр­гізіліп жатыр. Балаларға қатысты қылмыс саны 17,9 пайызға төмендеді. Бүгінде 531 мектеп пен 42 колледжге 700-ден аса полиция қызметкері бекітіліп, қылмыстың алдын алу іс-шаралары күшейтілді. 188 жасөспірім және бала тәрбиесіне салғырт қарайтын 105 ата-ана профилактика­лық есепке алынды. 11 кәмелет­ке толмаған жасөспірім арнайы білім ұйымдарына жолданып, 26 адам ата-ана құқынан айырылды. Кәме­летке тол­мағандар істері жө­ніндегі комиссиялардың 69 отырысы өтті. Қазіргі таңда 309 қолайсыз отбасы, 409 жасөспірім есепте тұр. Рейд­тік іс-шаралар барысында ішкі істер органдарына
3 615 кәмелетке толмаған жет­кізіліп, 3 581 әкімшілік хаттама толтырылды. 3 148 дерек түн­гі уақытта заңды өкілсіз жүр­гені үшін тіркелсе, 443 ата-ананың тәрбиелік міндетін орындамағаны белгілі болды. 115 деректе балалардың ойын-сауық орындарында жүр­гені анықталған. Ұсақ бұза­қы­лық бойынша 90 дерек тір­келсе, алкоголь тұтынған 23 дерек анықталған. 20 буллинг және кибербуллинг дерегі тіркелген. Жүргізілген талдау нәтижесінде кәмелет­ке тол­мағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың не­гізгі себептерін айқындады. Олар­дың қатарында ата-ана бақы­лауының жеткіліксіздігі, қа­рау­сыз қалдыру, асоциалды ортаның әсері, бейрес­ми көшбасшылардың ықпалы, әлеу­меттік желілер мен мес­сенджерлер арқылы теріс ақпараттың таралуы, тұр­мыстық жанжалдар, сондай-ақ жекелеген отбасылардың материалдық жағдайының төмендігі секілді себептер бар», деді облыстық Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Манас Абдукармиов.

Әрине, ата-ананың жауап­кершілігі қайткен күнде де бі­­рінші орында тұратыны анық. Алайда өңірде мұндай жан­түршігерлік оқиғаның тір­ке­луі жергілікті билікті де тол­ғандырмай қоймаса керек. Өйт­кені биыл балалардың қа­уіп­­сіздігін қамтамасыз етуге ай­рықша басымдық беріліп отыр.

Жаңа оқу жылының ба­­сын­­­дағы қайғылы оқиға­лар өңір билігіне сын болды. Облыс бас­шысы Ербол Қарашөкеев сол кезде жоғары лауазымда отырған бірнеше жауаптыларға тәртіптік жаза қолданған еді. Ал Қордайдағы оқиға бойын­ша әлі тергеу жүргізі­ліп жатыр. Алайда толыққан­ды мәлімет жоқтың қасы.

Үш жыл бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мем­лекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев жас ұр­пақтың қауіпсіздігіне айрықша назар аударғаны белгілі. Содан бері жасөспірімдер арасында­ғы қылмыс пен өлімге қатысты жұмыс өңірлерде жүйелене бастады. Әйтсе де, жүрекке жара салатын оқиғалар оқ­тын-оқтын қайталанып жататыны ауыр тиеді.

«Тағы бір назар аударатын мәселе – жас ұрпақтың қауіпсіздігі. Балаларға қа­тыс­ты жантүршігерлік қыл­мыстар жиілеп кетті. Мұн­дай оқиға­лар мектепте, көше­де, тіпті үйде болып жа­тыр. Сорақы жағдайлар оқушы­лардың өзі­не қол жұмсауына себепкер болып отыр. Тіпті ата-ана­лардың өздері баласына қор­лық көрсетіп, оның арты қай­ғылы жағдайға ұла­сып жатады. Отбасындағы зор­лық-зом­былықтың алдын алу жұмысы әлсіз. Жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметі ойда­ғыдай нәтиже берген жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбы­лықтың алдын алу саясатын қайта қарауымыз керек», деген Президент сөзін барлық жауапты азамат назардан тыс қалдырмағаны жөн.

Қалай болған күнде де, жас­­өспірімдер арасындағы өлімнің жиі тіркелуі – қоғам үшін орны толмас трагедия. Жамбылдық жастардың қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету жер­гілікті би­лікке үлкен сын бо­лып тұр.

Жамбыл облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентін салтанатты түрде қарсы алды

Қазақстан • Бүгін, 12:00

Үндістандағы табиғи апат: Жойқын дауылдан 89 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 11:59

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Түркия Президентімен кездесуінен фото жариялады

Президент • Бүгін, 11:43

Ел тұрғындарының алкогольге жұмсайтын шығыны 15,2 пайызға азайды

Қоғам • Бүгін, 11:35

Алакөл шомылу маусымына дайын: Жағалауды енді дрондар бақылайды

Аймақтар • Бүгін, 11:25

«30 минуттық қуат»: BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

Қоғам • Бүгін, 11:10

Трамп пен Си Цзиньпин Пекинде кездесті

Әлем • Бүгін, 10:22

Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Оқиға • Бүгін, 10:07

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды

Қоғам • Бүгін, 09:59

Қазақтың қымызы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды

Өнім • Бүгін, 09:53

Қазақстанда 32 градусқа дейін күн ысиды

Ауа райы • Бүгін, 09:48

Сәтті серпіліс

Пікір • Бүгін, 09:45

Сапаны арттыратын шешім

Пікір • Бүгін, 09:40

Білімді өрістететін бастама

Білім • Бүгін, 09:35

Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:27

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Мамыр 2026 12:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары