Ғашық болғанымды ұрысып қалған кезде түсіндім... : Әли Оқапов жан сырын ақтарды (видео)
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Әнші Әли Оқапов "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол отбасын құрмай тұрғандағы оқиғаларды баяндады. Айтуынша, қыз бен жігіт болып жүргенде сүйіктісі анасына ұнаған.
"Ғашық болғанымды ұрысып қалған кезде түсіндім. Мүлдем араласпай, екі жаққа кеттік. Ол жағдай менің кесірімнен болған еді. Қазір Ерке мен Зейін Атырауда. Олар кеткенде менің өмірімнің бояуы кетіп қалғандай болды. Дым қызықсыз. Үйде тып-тыныш. Тура осындай жағдай сол кезде де болған. Екеуміз араласпай кеткен кезде менің өмірім сондай болып кетті. Соны байқаған анам "Бәрі дұрыс па сендерде?" деп сұрады. Мен ашығын айттым. «Жоқ, біз қазір араласпаймыз, ажырап кеттік» дедім. "Жарайды балам, өзің білесің. Бірақ айтайын. Ерке маған ұнайды. Ол сенің теңін сияқты" деді. Содан гүлімді алып Еркеге бардым, кешірім сұрадым. Далада жаңбыр жауып тұрды. Татуластық, құшақтастық. Содан қайтадан өмірім түрлі түсті бояуға енді", - дейді Әли Оқапов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:45
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Мамыр 2026 01:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















