“Газель“ қарсы бағытқа шығып кетті: Алматы Екатеринбург тас жолындағы ЖКО да әйел адам қаза тапты
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
29 қыркүйек таңертең Алматы – Екатеринбург тасжолының 384-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Бір әйел қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. Полиция тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Газель" қарсы бағытқа шығып кеткен
Қостанай облысы ПД алдын ала мәліметінше, "Газель" жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, "Лада Калина" көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан жеңіл көлік тізгініндегі әйел оқиға орнында көз жұмды. "Газель" жүргізушісі мен "Лада" жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Полиция шаршаған күйде көлік айдаудың қаупін ескертті"Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Сондай-ақ, полиция жүргізушілерге жолға шығар алдында тынығу керек екенін ескертті. Осыған сүйене отырып, "Газель" жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткен деген болжам жасауға болады.
"Алыс жолға шығар алдында міндетті түрде ұйқыңызды қандырып, тынығып алыңыз. Егер ұйқыңыз келсе, шаршасаңыз немесе зейініңіз төмендесе – рөлге отырмаңыз немесе дереу қауіпсіз жерге тоқтап, демалыңыз. Қалай болса да жетемін деп тәуекелге бармаңыз. Бірнеше минуттық үзіліс сіздің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірін сақтап қалуы мүмкін. Рөлде отырғанда ұйқымен күресуге болмайды", - деді полицейлер.
Ведомство өкілдері ұйқысы қанбаған жүргізушінің жолдағы қаупі көлікті басқара алмай қалған жүргізушімен бірдей екенін атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:77
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 10:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















