Германиядағы жанармай бағасының өсуіне байланысты ұзын кезек пайда болды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысы аясында Германиядағы автокөлік жүргізушілері бензин мен дизель отыны бағасының күрт қымбаттауынан қауіптеніп, көліктерін жанармаймен толтырып алып жатыр. Бұл туралы Жанармай құю бекеттері қауымдастығының өкілі Херберт Рабль мәлімдеді.
— Германия бойынша жанармай құю бекеттерінде ұзын кезектер байқалады. Барлығы алаңдаулы, — деді ол.
Жанармай бағасы қазірдің өзінде өсе бастаған. Ірі концерндер бағаға тағы «екі-үш пайыз» қосатынын хабарлады. Жұма күні Super E10 маркалы бензиннің бір литрі 1,780 еуро болса, жексенбі күні — 1,791 еуро, ал дүйсенбіде — 1,830 еуроға жеткен.
Allgemeiner Deutscher Automobil-Club (ADAC) өкілінің айтуынша, алдағы уақытта бағаның одан әрі өсуі күтіледі.
Айта кетелік Германиядағы жұмыссыздар саны 3 миллионнан асқан еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:70
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Наурыз 2026 23:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















