Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Грантқа қол жеткізетін платформа

Грантқа қол жеткізетін платформа

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

«Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы аясында небір мықты бастамалар таныстырылып жатыр. Солардың ішінде ерекше көзге түскені – Әмине Қадыр негізін қалаған «YerAI Mentor» стартабы. Бұл платформа шетел университеттеріне құжат тапсыруды жүйелеп, талапкердің мүмкіндігіне сай оқу орны мен грант түрін іріктеуге көмектеседі. Эссе жазу, құжат рәсімдеу, сұхбат жауаптарын пысықтау сияқты қадамдарды бір жерге жинап, әр кезеңде нақты бағыт береді.

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Қалай басталды?

Әмине Қадыр оқушы кезінен-ақ алғыр болған. Соның нәтижесінде мектеп бағдарламасын екі жыл ерте тәмамдап, 16 жасында шетелге құжат тапсырады. Сөйтіп, Босния және Герцеговинаның астанасы Сараевода орналасқан International Burch University грантын иеленеді. Осылайша, ол 19 жасында бакалавр дипломын қолына алған. Кейін басқа да мемлекеттерде білімін шыңдап, 2017 жылы Назарбаев университетіне оқытушы-ассистент ретінде жұмысқа орналасады. Мінеки, осы кезде болашақ стартаптың алғашқы ұшқындары пайда болған еді.

«2019 жылы бөпелі болдым. Декретке шыққан кезде екі нәрсені қатар ойладым: үйде отырып-ақ табыс табу керек. Бірақ баламнан алыс кеткім келмейді. Сол сәтте «Неге онлайн оқытпасқа?» деген ой келді. Осылайша, өз қаражатыма ағылшын және түрік тілдерінен, сондай-ақ «IELTS», «SAT» және шетелге оқуға түсуге дайындық бойынша онлайн мектеп аштым.  Алғашында сатудан бас­тап, сабақ өту мен менторлыққа дейін бәрін өзім атқардым. Кейін жұмыс жүйеленіп, оқытушылар командасы қалыптасты. Біз көбіне ауылдар мен шағын қалалардағы жастарға көңіл бөле бастадық. Платформа іске қосылған­нан кейін бірнеше айдың ішінде ай сайын кемінде 50 оқушыға тұрақты түрде қызмет көрсететін деңгейге жеттік. Бірақ мен бұдан да көбірек адамға көмектескім келді. Менторлық мүмкіндік бәріне қолжетімді болуы керек деп санаймын. Алайда білім беру орталықтары атқаратын барлық қыз­метті бір жерге біріктіретін платформа жоқ екенін байқадым. Сөйтіп, оны өзім жасауға бел будым. Осылай­ша, «YerAI Mentor» пайда болды», дейді Ә.Қадыр.

Кейін стартап иесі «Astana Hub» ұйымдастырған «AI’preneurs» бағдар­ламасына қатысып, екінші лек қоры­тындысына дейін өткен. Ол осы тех­нопаркте жүріп шетелде оқуға ниетті талапкерді басынан аяғына дейін жетелейтін толыққанды цифрлық ментор жасау туралы нақты шешім қабылдапты. Жобаның алғашқы кезеңін­де Әмине өнімнің көп жұмысын өзі атқарған. Дизайнын ойластырып, жүйе­нің логикасы мен архитектурасын құрып, жасанды интеллектіні ин­те­г­ра­циялаған. Ол техникалық білімі терең болмағанын да жасырмайды. Дегенмен университеттен белгілі бір IT базаны алып шыққанын, ал жетіс­пейтін дағдыларды кейін өз бетімен меңгергенін айтады. Қазір жүйеде «IELTS» дайындығы, эссе жазу, грантқа бағыттау, виза рәсімдеуге қатысты бөлімдер бар. Платформа қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қолжетімді. 

Қазір қай кезеңде?

Қазір «YerAI Mentor» қалыптасқан плат­форма ретінде жұмыс істеп тұр. Ә.Қадыр­дың айтуынша, жүйе екі бағыт­ты біріктіреді. Бірі – талапкерге жол көр­сететін менторлық тәсіл. Екіншісі – жа­санды интеллектіге сүйенген тексеру мен бағыттау. Плат­формадағы қызметті бір­неше бағытқа бөліп түсіндіруге болады.

Алғашқысы – ауызша ағылшын­шаға арналған бөлім. Мұнда «IELTS Speaking»-тің толық үлгісі бар. Сонымен қатар күнделікті сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар және виза сұхбатын қайталап пысықтайтын жүйе енгізілген. Нұсқаулықтары үш тілде берілгенімен, сөйлесу тәжірибесі ағылшын тілінде өтеді.

Екіншісі – жазба жұмысты тексеретін құрал. Бұл «IELTS Writing» форматындағы мәтінді қарап шығады. Құрылымы дұрыс па, ойы жинақы ма, дәлелдері жеткілікті ме – соның бәріне назар аударып, кемшін тұсын көрсетеді.

Үшіншісі – түйіндеме дайындау бөлімі. Мұнда талапкерге түйіндемесін халықаралық талапқа сай ықшамдап, дұрыс форматқа түсіруге көмектеседі. Қандай ақпаратты алға шығару керек, нені қысқарту керек дегендей нақты ұсыныс береді.

Төртіншісі – оқу орны мен грантты іріктеу жүйесі. Пайдаланушының профилін алып, базадағы деректермен салыстырады.

Бесіншісі – эссе құрастыруға арналған көмекші. Бұл құрал әуелі талапкерге сұрақ қояды. Сол жауаптарға қарап эссенің құрылымын ұсынады. Қай жерін нақтылау керек, ойды қалай жүйелеуге болады, мәтінді қайтіп нанымды ету керек деген бағыт береді.

Платформада виза сұхбатына дайындық та қарастырылған. АҚШ визасына қатысты типтік сұрақтар мен жиі жіберілетін қателер көрсетіледі. Жасанды интеллектімен «сұхбаттасып», жауапты қайта-қайта шыңдауға мүмкіндік бар. Қазір Ұлыбритания, Канада, Аустралия визасына арналған жаттықтыру бөлімі де қолжетімді.

Тағы бір маңызды қабаты – база. Жүйеде 500-ден аса шетелдік университет пен 73 халықаралық шәкіртақы жинақталған.  Команда ұстанатын тәсілдің бірі – «көп нұсқамен» жүру. Талапкер 3–5 елдегі 20-дан аса университетке қатар құжат тапсырады. Мұндайда 4-тен 18-ге дейін ресми қабылдау хатын алуға мүмкіндік мол. Қызмет ақысы жа­зы­лым арқылы төленеді. Апталық, ай­лық, тоқсандық, жылдық нұсқалары бар. 

Ендігі меже қандай?

«YerAI Mentor» командасы енді өнімді шетел нарықтарына шығару­ды көздеп отыр. Қазір платформаны жүздеген адам қолданады. Ауди­тория­ның 70 пайызын ел азаматтары, 30 па­йызын Моңғолия жастары құрай­ды. Бұл жобаның сыртқы нарыққа сұранысы барын көрсетеді.

Келесі үлкен қадам – Еуропаға жол ашу. Команда Германиядағы «Constructor University» ұйымдас­тыра­тын «Constructor Start Acceleration Program» бағ­дарламасына іріктелген. Бай­қау­ға 1680 стартап қатысып, соның іші­нен 26 жоба ғана өткен. Сол тізімде «YerAI Mentor» да бар. Жоба авторлары мұны еуропалық нарықты сынап көруге, халықаралық серіктестер табуға мүм­­кін­дік деп отыр. «Demo Day» кезін­де жо­ба­ны инвесторлар мен еуропа­лық вен­ч­урлық қорларға таныс­тыру жоспарланған.

Қаржыландыру жағы да күн тәртібін­де тұр. Қазір стартап pre-seed (бастап­қы) кезеңінде. Сондықтан команда инвес­тициялық ұсыныстарға ашық екенін айтады. Жергілікті әрі халықаралық бизнес өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Негізгі мақсат – команданы күшейту, жаңа ЖИ қызметтерін қосу, платформа мүмкіндігін кеңейту.

Ә.Қадырдың пайымынша, талапкерге ең қиын мәселе университетке түсу емес, толық немесе жартылай шәкірт­ақы ұтып алу. Сондықтан жоба алдағы уақытта грант іздеу мен өтінім беруді жеңілдететін бағытты күшейтпек.

«Бір грантпен шектелмеу керек. Өтінішті бірнеше елге қатар тапсыру қажет. Дайындықты 10-11 сыныпта ғана емес, ертерек бастаған дұрыс. Тіл деңгейін көтеру, тестілеуге дайындалу, сонымен қатар жеке портфолионы қалыптастыру қатар жүруге тиіс. Университет бағаға қарап қана шешім шығармайды. Талапкердің мінезі, қызығушылығы, қатысқан жобалары, қоғамға қосқан үлесі де ескеріледі. Сондықтан жетістікті ұмытпай жазып жүру, кейін оны жақсы эссеге айналдыру маңызды», дейді жоба жетекшісі.

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 09:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары