Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Грантқа әркімнің ақ бар таласы...

Грантқа әркімнің ақ бар таласы...

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Әсіресе, мемлекеттік грантқа түсу немесе жоғары оқу орнын дұрыс таңдау мәселесі әр отбасының күн тәртібіне шығады. Бүгінде мамандық таңдау еңбек нарығындағы сұранысқа сай келмесе, көп жасты сан соқтыруы мүмкін. Ал биылғы жағдай қалай өрбіп жатыр?

Биыл қанша грант бөлінді?

Мыңдаған талапкер үшін мем­ле­кеттік білім беру гранты – ар­ман­ға апарар жол. Бірі дәрігер болуды көз­десе, енді бірі инженер немесе мұғалім ма­мандығына түсуді армандайды. Сон­дықтан Үкімет бекітетін мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі тек статис­ти­калық көрсеткіш қана емес, елдің бо­ла­шақтағы экономикалық және әлеуметтік да­муының бағытын айқындайтын маңыз­ды құжат саналады.

Биылғы оқу жылындағы гранттар ті­зіміне зер салсақ, мемлекет маман даярлау сая­сатында жаңа кезеңге қадам басқанын аңғаруға болады. Өйткені соңғы бірнеше жыл бойы өзгеріссіз сақталып келген мем­лекеттік тапсырыс көлемі алғаш рет едәуір қысқарды. Мәселен, 2026-2027 оқу жылына жоғары оқу орындарына 89 457 мемлекеттік грант бөлінген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3 775 орынға аз. Егер кейінгі 2 жылда грант саны 93 мың­нан жоғары деңгейде сақталса, биылғы қысқарту мемлекеттің кадр даярлау жүйе­сіне жаңа көзқараспен қарай бастағанын аң­ғартады. 

Ең алдымен бұл өзгеріс магистратураға әсер етті. Биыл магистратураға бөлінген грант саны 17 пайызға жуық қысқарған. Бакалавриаттағы төмендеу айтарлықтай үлкен болмаса да, мемлекеттік тапсырыс кө­лемінің азаюы білім саласындағы ба­сым­дықтардың қайта қаралып жатқанын көрсетеді. Соған қарамастан, бакалавриат бұрынғыдай мемлекеттік гранттардың не­гізгі үлесін иеленіп отыр. Бұл  мемлекет үшін еңбек нарығын білікті мамандармен то­лықтыру әлі де басты міндеттердің бірі екенін білдіреді.

Грант санының азаюы барлық бағытқа бірдей әсер еткен жоқ. Керісінше, кей салаларда қысқарту жүргізілсе, кейбір маңызды бағыттар қосымша қолдауға ие бол­ды. Ең көп қысқарту инженерлік, өң­деу және құрылыс салаларында тіркелген. Бұл бағыттағы грант саны екі мыңнан астам орынға азайды. Ақпараттық-ком­муникациялық технологиялар мен пе­дагогикалық ғылымдарда да мемле­кет­тік тапсырыс қысқарған. Бір қарағанда  мем­лекет аталған салаларға қызы­ғу­шы­лығын төмендеткендей көрінуі мүм­кін. Алайда олай емес. Инженерлік ма­ман­дықтар бұрынғыдай ең көп қар­жы­ландырылатын бағыт болып қала береді. Ақ­параттық технологиялар саласы да көш­басшылар қатарынан түскен жоқ. Яғ­ни мәселе сұра­ныстың азаюында емес, кейін­гі жылдары күрт ұлғайған грант кө­ле­мін белгілі бір дең­гейде теңестіруде жа­тыр. 

Биыл ауыл шаруашылығы және био­ресурстар бағытына бөлінетін гранттардың артуы назар аудартпай қой­майды. Бұл өсім көлемі жағынан аса үлкен болмаса да, оның символдық мәні зор. Азық-түлік қауіпсіздігі, су ресурстары, аг­рарлық өндіріс мәселелері күн тәртібі­нен түспей тұрған шақта мемлекет бұл са­­лаға жаңа серпін беруді көздеп отыр­ған­дай.

Гранттардың жекелеген мамандықтар бойынша бөлінуі еңбек нарығындағы өз­герістердің де айнасы іспетті. Биыл ең үл­­кен өсім механика мамандығында бай­қалды. Сонымен қатар арнайы педагогика, жер туралы ғылымдар, агроинженерия, хи­миялық инженерия және су ресурс­та­рын басқару бағыттарына бөлінетін грант­тар көбейді. Бұл кездейсоқ шешім емес. Өнеркәсіпті жаңғырту, ауыл шаруа­шы­лығын дамыту, су тапшылығы мәсе­ле­сін шешу, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандар даяр­лау – бүгінде ел алдында тұрған стра­тегиялық міндеттердің бірі. Сондықтан мем­лекет дәл осы салалардағы кадрлық әлеуетті күшейтуге ден қойып отыр. 

Саннан бұрын сапа қажет

Бүгінде талапкерлер арасында «қай мамандыққа көп грант бөлінсе, сол мамандық сұранысқа ие» деген түсінік жиі кездеседі. Алайда бұл әрдайым шын­дыққа жанаса бермейді. Мемлекеттік тап­сырыс – еңбек нарығының бүгінгі жағ­­­­дайын ғана емес, бірнеше жылдан кейінгі қажеттілікті де ескеретін ұзақ­мер­зімді жоспар. Сондықтан грант санының аз немесе көп болуы белгілі бір маман­дық­тың беделін айқындайтын басты өл­шем емес. Мысалы, ақпараттық техно­ло­гиялар бағыты бойынша жалпы грант са­ны азайғанымен, білім беру бағдар­ла­малары ішінде ең көп грант дәл осы салаға бөлініп отыр. Бұл цифрлық экономиканың ел дамуындағы рөлінің әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Осы орайда Жамбыл облысындағы демографиялық өсім жоғары білімге деген сұраныстың да артып келе жатқанын көрсетеді. Кейінгі 9 жылдағы статистикаға сүйенсек, өңірде орта мектеп бітіруші тү­лектердің саны тұрақты түрде өсіп келеді. Егер 2018 жылы облыс мектептерін 9 067 оқу­шы тәмамдаса, 2026 жылы бұл көр­сет­кіш 12 134-ке жетті. Яғни 9 жыл ішінде мек­теп бітірушілер саны үш мыңнан ас­там адамға көбейген. Талапкерлер са­ны­ның көбеюі жоғары оқу орындарына да үлкен жауапкершілік жүктейді.

Өңіріміздегі іргелі оқу орындары­ның  бірі – Шерхан Мұртаза атын­дағы Халықаралық Тараз уни­вер­си­те­ті. Бүгінде университетте бакалавриат­тың жеті даярлау бағыты бойынша 41 білім беру бағдарламасы, магистратураның бес даярлау бағыты бойынша 23 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

Қазір еңбек нарығы жыл сайын өз­ге­ріп келеді. Цифрландыру, жасанды интел­лект, инженерлік технологиялар, педа­го­гика, агроөнеркәсіп және шығармашылық индустриялар жаңа мүмкіндіктер ашуда. Сондықтан мамандық таңдағанда тек бүгінгі емес, ертеңгі еңбек нарығының та­лабын да ескерген жөн. Өкінішке қарай, көптеген ата-ана үшін басты мақсат – баласының мемлекеттік білім грантын жеңіп алуы немесе қандай да бір жоғары оқу орнына түсіп, диплом иеленуі. Әрине, жо­ғары білімнің маңызы зор. Бірақ ма­ман­дықты тек грантқа қарап таңдау бо­лашақта кәсіби қателікке ұрындыруы мүм­кін. Ең алдымен талапкер өзінің қа­білетін, қызығушылығын және еңбек на­рығындағы сұранысты саралағаны дұ­рыс. Мамандық таңдауға дайындық мек­теп қабырғасынан басталуға тиіс. Баланың қай пәнге бейімділігі жоғары екенін ерте анықтап, сол бағытта жүйелі жұмыс жүр­гізу – ата-ана мен мұғалімнің ортақ мін­деті. Сарапшылардың пікірінше, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты 5-6-сы­ныптан бастаған оқушының нәтижесі әлдеқайда жоғары болады. 

Кейінгі жылдары Ұлттық бірыңғай тес­тілеу жүйесі талапкерлер үшін ана­ғұрлым қолжетімді бола түсті. Бұрын мек­теп бітіруші ҰБТ-ны жылына бір рет тап­сырса, бүгінде бес рет тестілеуге қа­тысу мүмкіндігі бар. Оның екеуі мем­ле­кеттік грант конкурсына қатысуға арнал­са, қалған үш мүмкіндікті талапкерлер ақы­лы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін пайдалана алады.

Ақылы бөлімге қабылдану үшін де бел­гілі бір талаптар сақталады. Көпшілік бі­лім беру бағдарламалары бойынша та­лап­кер кемінде 50 балл жинауға тиіс. Ал пе­дагогикалық ғылымдар мен құқық са­ласына түсу үшін шекті балл – 75. Со­ны­мен қатар Қазақстан тарихы, бейіндік пән­дер, оқу және математикалық сауат­тылық бойынша белгіленген ең төменгі нәтижелерді алу міндетті. ҰБТ-дан шекті балл жинай алмаған талапкерлер үшін де жоғары білімге қол жеткізудің балама жол­дары бар. Соның бірі – шығар­ма­шы­лық білім беру бағдарламалары.

– Өткен 2025-2026 оқу жылында Шер­хан Мұртаза атындағы Халықаралық Та­раз университетіне бакалавриатқа қа­был­данған студенттердің 114-і түрлі гранттың ие­гері атанды. Оның ішінде 102 студент мем­лекеттік білім беру грантымен, 4 сту­дент жергілікті атқарушы органның гран­тымен, 8 студент «Қазақстан халқына» қо­ғамдық қорының білім беру грантымен тегін білім алуда. Мемлекеттік грантқа ие бола алмаған, бірақ ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлер үшін уни­верситет төртінші жыл қатарынан жүзеге асы­рып келе жатқан «ХТУ-дың 100 гран­ты» әлеуметтік жобасын ұсынады. Бұл жоба дарынды әрі әлеуметтік қолдауды қа­жет ететін жастарға жоғары білімді тегін алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар уни­верситет ақылы негізде білім алатын сту­денттерге де әлеуметтік қолдау көр­се­те­ді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қал­ған студенттер толықтай тегін оқиды, – дейді қа­былдау комиссиясының жауапты хат­шысы Мұхит Байқулов. 

Оқу орындағы тағы бір ерекшелік, ҰБТ-да шекті бал жинай алмаған талап­кер­ге оқу­ға түсуге мүмкіндік бар. Бұл қос дип­лом­ды оқу жүйесі. Талапкер бірінші курс­тың семестрін Болгария немесе Тә­жікстанда оқыса, қыста өз еліміздің оқу ор­нына оралуы­на мүмкіндігі бар. Міне, осы­лайша білім ордасы халықаралық ста­тусы арқылы жастарға жаңа мүмкіңндіктер туғызуда.   

Сондай-ақ былтыр аймақта Қазақ ұлт­тық су шаруашылығы және ирригация уни­верситеті құрылып, талапкерлерге са­палы білім алумен қатар, халықаралық дең­гейде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беріп отыр. Университетке оқуға түсіп, грант конкурсына қатысу арқылы талап­кер­лер су шаруашылығы, инженерия және басқа да сұранысқа ие бағыттар бойын­ша білім алуға мүмкіндік алады. Со­нымен қатар «Математика-Физика» бейін­дік пәндері бойынша 50 және 65 балл жинаған талапкерлер үшін жекелеген білім беру бағдарламалары аясында Сол­түстік Қытай су ресурстары және элек­троэ­нергетика университетінде (North China University of Water Resources and Electric Power, Қытай) білім алу мүмкіндігі қарастырылған.

– Қазақ ұлттық су шаруашылығы жә­не ирригация университеті – су ресурс­тарын тиімді басқару, экологиялық тұрақ­ты­лық және заманауи инженерлік ше­шім­дер саласында білікті мамандар даяр­лай­тын бірегей білім ордасы. Университет та­лапкерлерге қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие, болашағы зор мамандық­тар­ды таңдауға мүмкіндік береді. Сту­дент­тер гидроинформатика және Smart Water, SCADA/IoT технологиялары, Data Science және Big Data, GIS және спутниктік мо­ниторинг, су инфрақұрылымының ки­берқауіпсіздігі, су тәуекелдерін басқару сияқ­ты перспективалы бағыттар бойынша білім алып, цифрлық дәуір талаптарына сай маман бола алады. Сонымен қатар бі­лім алушылар халықаралық академия­лық бағдарламаларға қатысып, шетелдік жоғары оқу орындарында білімін жетіл­діре алады. Қос дипломды бағдарламалар, академиялық ұтқырлық және өндірістік оқыту жүйесі түлектердің кәсіби бә­се­кеге қабі­леттілігін арттырады, – дейді уни­вер­си­теттің баспасөз хатшысы Лаура Рысбек. 

Мемлекет биылғы грант саясаты ар­қы­лы ел экономикасына қажетті инже­не­рия, су ресурстары, агроөнеркәсіп, ар­найы педагогика және техникалық бағыт­тарға басымдық беріп отырғанын анық аң­ғартады. Бұл – еңбек нарығының ал­дағы сұранысын ескерген ұзақмерзімді қа­дам. Дегенмен талапкер үшін ең маңыз­дысы – грант саны емес, өзінің қа­бі­леті мен қызығушылығына сай маман­дық­ты таң­дау. Себебі сүйікті ісін таңдаған жас қана кәсіби тұрғыдан табысқа жетіп, ел­дің дамуына үлес қоса алады. Сондықтан мек­­теп қабырғасынан бастап мамандық таң­­дауға саналы дайындалып, еңбек нары­­ғындағы өзгерістерді ескеріп, дұрыс ше­­шім қабылдау – әрбір жастың жарқын бо­­ла­шағының кепілі.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 04:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары