Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Жолдамаға әркімнің бар таласы

Жолдамаға әркімнің бар таласы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жиырма бесінші мәрте жалауы желбірейтін қысқы Олимпия ойындарының да дүбірі жақындап келеді. Спортшыларымыз ақ Олимпиада лицензиясына қалай қол жеткізеді? Төрт жылда айналып соғар дүбірлі аламанда 1998 жылдан бері бізге алтын медаль бұйырмай тұр. Әл әзір саңлақтарға жолдама олжалаудың өзі орасан жауапкершілік жүктеп отыр.

Сурет: olympic.kz

Келесі жылдың 6-22 ақпан күндері Италияның Милан, Кортина-д’Ампеццо қалаларында төрт жыл­дықтың басты додасы – XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Бай­рақты бәсекеге әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы додаға түсіп, медаль жолында бақ сынайды. Олардың қатарында отандық спортшыларымыз да бар. Қазір саңлақтар қысқы Олимпиадаға қатысуға орай туғызатын жолдамаларды олжалау мақсатында халықаралық жарыстар мен әлем кубогі кезеңдеріне қатысып жатыр. Олимпиада лицензиясы сол жарыстардағы нәтижелер мен жинаған ұпай санына қарай үлестіріледі. Қыр астында тұрған қысқы аламанның дүбірі жақындап келеді. Бізде әзірге тек екі лицензия ғана бар. Екі жолдаманы мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина иеленген болатын. Олар өздерінің әлеуетін сынап, әлемдік додаларға қатысуды көздеп отыр. Михаил 4-7 желтоқсанда Жапонияның Нагоя қаласындағы Гран-при жарысына, Софья 3-6 желтоқсанда Хорватия астанасы Загребтегі турнирде әлеуетін бағамдап алмақшы.

Бүгінге дейін шорт-тректен еліміздің ұлттық құрамасы әлем­дік турдың кезеңдерін аяқ­тады. Бұл спорт түрінен соңғы, яғни IV кезең өткен аптада Нидерландтың Дордрехт қаласында өтті. Алдағы уақытта шорт-тректен Олимпиадаға баратын спортшылардың есімдері анықталады. Ұлттық құрама бап­керлері 4 спортшымыз лицензия еншілейді деп үміт артып отыр.

Конькимен жүгіру спортында жолдамадан үмітті үздіктер 5-7 желтоқсанда Нидерландтың Херенвен, 12-14 желтоқсанда Хамар қаласында өтетін әлем кубогі кезеңдерінде бақ сынайды. Фристайл-могул спортшылары 4 желтоқсаннан 2026 жылдың 18 қаңтарына дейін Финляндия, Канада, АҚШ-тағы әлем кубогіне, сондай-ақ FIS-тің Францияда өткізетін халықаралық турниріне қатысады. Фристайл-акробатика сайысынан сынға түсетін спортшыларымыз 6 желтоқсаннан 2026 жылдың 18 қаңтарына дейін әлем кубогінің бес кезеңінде бақ сынап, лицензия иеленуге барын салады. Әлем кубогінің кезеңдері Финляндия, Қытай , АҚШ-та өтеді. Биатлоншылар әлем кубогінің алты кезеңі мен IBU аясындағы алты халықаралық турнирде шеберлігін сынап, көрсеткіштеріне қарай жолдама иеленеді. Әлем кубогінің кезеңдері Швеция, Аустрия, Франция, Германия мен Чехияда өтсе, халықаралық турнирлерді Аустрия, Италия, Швейцария, Германия, Словения, Норвегия елдері ұйымдастырады. Шаңғышылар Финляндия, Нор­вегия, Швейцария, Италияда өтетін әлем кубогінің бес кезеңінде бақ сынаса, шаңғымен трамплиннен секірушілер әлем кубогінің 12 кезеңіне, сондай-ақ екі рет FIS кубогіне, екі мәрте Аустрия, Германияда өтетін, басқа да құрлықтық сайыстарға қатысады. Дүбірлі додалар 20 қарашадан 2026 жылғы 18 қаңтар аралығында өтеді. Әзірге отандастарымыз екі әлем кубогіне қатысты. Тау шаңғысы спортшыларының да байрақты бәсекелері жеткілікті. Әлем кубогінің тоғыз кезеңінің үшеуі өтті, алда алты асу бар. 12 желтоқсан мен 2026 жылғы 25 қаңтар аралығында Швейцария, Франция, Аустрия, Чехияда желдей жүйткіген саңлақтар сынға түседі. Шаңғы қоссайысында әлем кубогінің алты кезеңін Финляндия, Норвегия, Аустрия, Германия елдері ұйымдастырады да, тартыс 4 желтоқсаннан 2026 жылғы
1 ақпанға дейін жалғасады.

Еліміздің спортшыларын 2026 жылғы басты спорттық іс-шараға жоғары деңгейде баптау мақсатында Туризм және спорт министрлігі спорт федерацияларымен бірлесіп, ұлттық құрамаларды даярлаудың кешенді жоспарын әзірледі. Оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, меди­циналық, психологиялық қолдау, қаржыландыру, қажет­­ті спорт құрал-жабдық­тарымен қам­тама­сыз ету, тамақ­тандыру, сондай-ақ білікті жаттықтырушыларды тарту ісі қаншалықты нәтижелі болатыны Италиядағы ақ Олим­пиадада безбенделеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 07:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see133

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see122

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары