Ақ жол партиясы ауыл жастарының грантқа түсу мүмкіндігін арттыру мәселелерін қозғады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
«Ақ жол» ҚДП өкілдері Кербұлақ ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында ауыл шаруашылығын дамыту, білім беру саласы, ауыл жастарына сапалы білім алуға мүмкіндік жасау, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері көтерілді.
Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған бірқатар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы сұрақ қойылды.
Сонымен қатар «Ақ жол» партиясы білім беру саласындағы грант санының жеткіліктілігі, балалардың тегін білім алу мүмкіндігі және ауыл жастарының грантқа түсу мүмкіндігін арттыру мәселелері сөз болды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастар арасында салт-дәстүрді, мәдениет пен ана тілін насихаттау бағытында жүзеге асырылып жатқан нақты жобалар мен іс-шараларға да ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Тамыз 2026 11:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















