Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Өңірдегі жұмыс «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені аясында жалғасып, партия өкілдері шалғай ауылдарды аралап, диқан, ауыл тұрғындарымен және жергілікті кәсіпорындардың еңбек ұжымымен кездесті. Бұл туралы Aikyn.kz «Әділет» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Мобильді керуеннің алғашқы аялдамаларының бірі – Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы ауылында тұратын Қайрат пен Сая Дүйсеқұловтар отбасының қосалқы шаруашылығы. «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысқан отбасы 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, оған 14 бас ірі қара сатып алған. Қазір шаруашылық күніне шамамен 50 литр сүт сауып, оны жергілікті кооперативке өткізеді.

«Ауылда да жақсы табыс табуға болады. Осы бағдарламаның арқасында біз сияқты жас отбасылар өз кәсібін бастап, тұрақты табыс тауып, өз күнін өзі көре алады. «Әділет» партиясының бұл жобаны әрі қарай да дамытуды көздеп отырғаны қуантады. Сондықтан 23 тамызда отбасымызбен сайлауға барып, партияны қолдаймыз», - деді ерлі-зайыптылар.

Осы ауылда мобильді керуен қатысушылары «Ауыл аманаты» жобасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған ALI-KO SUT сүт өңдеу кооперативінің жұмысымен де танысты. Бөлінген қаржыға мұнда сүтті қабылдау, салқындату, сақтау және өңдеуге арналған құрал-жабдық сатып алынған. Қазір кооперативте 10 адам тұрақты жұмыс істейді. Күн сайын 200-ге жуық ауыл тұрғыны осы жерге сүт өткізеді. Кәсіпорын жергілікті шаруашылықтардың өнімін өңдеп, дайын сүт өнімдерін шығарады.

Өндіріс орнында «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай ауыл тұрғындары және кооператив ұжымымен кездесті. Ол партияның сайлауалды бағдарламасы қазақстандықтардың нақты сұранысына негізделгенін әрі ең алдымен халықтың табысын арттыру мен өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын айтты.

«Бүгінде ел халқының шамамен 37 пайызы ауылдық жерде тұрады. Соған қарамастан қала мен ауыл тұрғындарының табыс деңгейіндегі айырмашылық әлі де сол қалпы. Біз үшін адамның жай ғана жұмысы болғаны жеткіліксіз. Әр азамат тұрақты табыс тауып, өз еңбегінің қадірін сезініп, ертеңгі күніне сенімді болуы керек. Сондықтан «Әділет» партиясы «Ауыл аманаты» жобасын кезең-кезеңімен дамытып, оның аясын кеңейтуді және бір миллион ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыруды мақсат етеді», – деді Айбек Дәдебай.

Одан кейін «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені Нұрлыкент ауылына барып, ауылдық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

Құрылтай депутаттығына кандидат Армангүл Тоқтамұрат өңірлерді аралау басталғалы партия керуені 5 мың шақырымнан астам жол жүріп өтіп, 5 мыңға жуық ауыл тұрғынының ұсынысын жинағанын айтты.

«Екі апта бұрын партияның алты керуені ел өңірлеріне жолға шықты. Осы уақыт ішінде біз 10 облысты аралап, 40-қа жуық кездесу өткіздік. Басты мақсатымыз – «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру, халықтың пікірін тыңдау, ұсыныстарын жинап, оларды нақты шешімдерге айналдыру», – деді Армангүл Тоқтамұрат.

Нұрлыкент ауылында тұрғындар кандидаттарға өздерін толғандырған мәселелерді тікелей қойып, елді мекенді дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты. Мәселен, ауыл тұрғыны Гүлмира Сабырәлиева «Қарызсыз қоғам» жобасы үлгісімен барлық өңірде зейнеткерлерге көмек көрсететін орталықтар ашуды ұсынды. Ал Дүрия Раманова көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға жалға берілетін тұрғын үйді бөлудің ашықтығы мәселесін көтерді.

Олардың сауалдарына жауап берген Құрылтай депутаттығына кандидат Елдар Жұмағазиев «Қарызсыз қоғам» жобасы азаматтарға қарыз мәселесін шешуге тегін кеңес беріп, құқықтық сүйемелдеу көрсететінін айтты. Ал кандидат Динара Сәдуақасова «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан барлығына тең мүмкіндік жасауға бағытталған бастамалар қамтылғанын жеткізді.

Партия төрағасы Айбек Дәдебай бүгін қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі талқыланып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, күрделі қарыз жағдайына тап болған шамамен 1 миллион азамат партияға жүгінген. Сондықтан партия құқықтық және консультациялық көмекті жүйелі түрде көрсетуді жалғастырмақ.

«Бүгінде Қазақстанда шамамен 4,5 миллион адам шағын және орта бизнесте еңбек етеді. Бұл сектор елдің жалпы ішкі өнімінің 41 пайызын қамтамасыз етеді. Оның үстіне жұмыс орындарының едәуір бөлігі дәл осы шағын кәсіпкерлікке тиесілі. Біз адамдардың жұмыс орны тұрақты, ал табысы лайықты болуы үшін қосымша қолдау шараларын ұсынамыз. Бұл ауыл үшін ерекше маңызды. Өйткені шағын бизнес пен кооперация отбасыларға туған жерінен көшпей-ақ табыс табуға мүмкіндік береді», – деді Айбек Дәдебай.

Сондай-ақ ол ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленгенін еске салды. Биылдан бастап жобаның ауқымын кеңейту жоспарланып отыр. Оны одан әрі іске асыруға 1 триллион теңге бағытталмақ. Оның 100 миллиард теңгесі биылдың өзінде бөлінеді.

Айбек Дәдебай бастаған «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесулерін жалғастырады.

Бұған дейін мобильді керуен құрамындағы Құрылтай депутаттығына кандидаттар Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу өткізген.

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 15:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see133

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see130

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see127

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see127

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see126

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see126

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see125

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see124

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see123

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see123

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see123

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see123

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see123

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see122

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see121

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see121

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see121

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see120

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see120

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары